Тәттігүл. Тәте-ау, мына әңгіме не болып барады өзі?
Балқия. Не болсын, қызыңды бере бер тиетін байына.
Тәттігүл. Сіз өйтіп кергімеңіз. Беріктің баласына қызымды беріп, жер болатын жайым жоқ менің.
Балқия.Ей, не деп көкіп тұрсың сен өзің? Жер боласың ба, көр боласың ба, өз талайыңнан көр.
Тәттігүл. Өз талайым емес, мені осы пәленің бәріне ұрындырған сізсіз.
Балқия. Құдай-ау, мынау не деп тұр? Жазығымыз Оспанға қосып, оны да, сені де адам қылғанымыз ба? Ұмытқан екенсің оның бәрін.
Тәттігүл. Жоқ, ұмытқаным жоқ. Сіз – әзәзілсіз. Мен Берікті күтетін едім, сіз азғырып, басқа жолға түсіргенсіз.