Элективті пәндер каталогы дегеніміз студенттердің өздігінен оқу траекториясын құратын таңдау пәні болып табылады



бет3/6
Дата04.07.2018
өлшемі493 Kb.
#46329
1   2   3   4   5   6

25

OPsi/PsiI 2214


а) Ойын психологиясы

3

5

4

Пререквизиті: Балалар психологиясы.

Постреквизиті: Педагогикалық шеберлік.

Мақсаты: Студенттерге мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны: Іс-әрекет психологиясы. Оқу. Білімдер. Тәрбие ұғымы. Оқыту процесі. Баланың негізгі іс-әрекеті және психикалық ерешеліктері. Ойынның мазмұны. Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуы. Ойыншықтарды ойын процесінде қолдануы. Сюжет пен рольдік ойынның мазмұны. Ұсақ моториканы дамытуда танымдық ойындардың маңыздылығы. Балалардың таным іс-әрекетін дамытуға арналған рөлдік ойындар сюжеті. Мектеп жасына дейінгі балаларда оқу және еңбек іс-әрекетіне элементтерін дамыту. Мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындар.

Білімі мен түсінігі: «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығына арналған «Ойын психологиясы» курсы балалардың ойынына басшылық жасауда болашақ тәрбиешілер психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі қажет.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: ойынға басшылық жасау біліктілігін қалыптастыра білу; ойын әрекетінің психологиялық негіздерін үйрену;ойын әрекетін ұйымдастыра білуге үйрену.

Пайымдаулар: Бала психикасының жан-жақты дамуы. Баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

Коммуникативтік қабілеттілік: ақпаратты, идеяларды, өзекті мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді. Теориялық білімдерді сапалы түрде түсінуге және студенттердің бойында білімдер мен дағдыға деген тұрақты қызығушылық сенімдерін қалыптастыру болып табылады.

1) ойынның теориялық негіздері туралы білімді меңгереді;

2) психология ғылымына тиесілі жаңалықтарды үйренуде заманауи техниканы қолдана алады;

3) мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастыру іс-әрекет барысында ойын технологияларын қолдана алады;

4) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана алады;



5) ойынға басшылық жасау біліктілігін қалыптастыра алады;



26

OPPN/PPOI 2214


б) Ойынның психологиялық-педагогикалық негізі







4

Пререквизиті: Психология, Жас ерекшелік психология.

Постреквизиті: Балаларды мектепке дайындаудың әдіснамалық астарлары.

Мақсаты: Студенттерге мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны: Ойынның психологиялық негіздері.Ойынның педагогикалық мәні. Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойындары. Дидактикалық ойындар-оқыту құралы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындар.

Білімі мен түсінігі: білім беру жүйесіндегі тәрбиенің мақсаты жас ұрпақты бәсекелестікке бейім, экономикалық ойлау қабілеті жоғары, жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: балалардың ойынына басшылық жасауда болашақ тәрбиешілер психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі қажет.

Пайымдаулар: ғылыми көзқарастарды ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Психологиялық-педагогикалық пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;

Коммуникативтік қабілеттілік: ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Белгілі бір дәрежеде педагогикалық және психологиялық негізінде білім алуды және өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

  1. Қарым-қатынасқа түсе білуі;

  2. Өз әрекетін басқаның әрекетімен келісімге келуі;

  3. Өзара түсіністік, өзара көмек; баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді.

4) баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңуі;

27

MDUIJh/SIDO 2301


а) Мектепке дейінгі ұйымдағы индикаторлар жүйесі

3

5

4

Пререквизиті: Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі әлемдік жүйелері..

Постреквизиті: Мектепке дейінгі білім беру менеджменті.

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда іске асырылатын тәрбиелеу және оқыту жүйесінің даму деңгейін анықтау.

Мазмұны: Индикатор – бала дамуының көрсеткіші.   Индикатор білім деңгейін үш тоқсанға бөліп, бес саланың кіші салаларының білімдерін анықтап, әр баланың білім деңгейін анықтап отырады. Мысалы төмендегідей  көрсетілген график бойынша толтырылады. Индикаторда үш түс алынады,: қызыл: 3;

жасыл: 5       сары: 4     әр түс белгілі бағаны көрсетеді, соңынан жалпы көрсеткіш анықталады, ал жылдық көрсеткіш үш тоқсанның көрсеткіші қосылып, анықталады



Білімі мен түсінігі:
Адам тұлғасының қалыптасуындағы мектепке дейiнгi балалық шақтың мәндiлiгi мен жас ерекшелiк мүмкiндiктерi жаңа құндылықтар тұрғысынан айқындау ;

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Педагог пен баланың өзара қарым-қатынасында тең құқықтылық 

принципiн сақтау ;



Пайымдаулар:

Балалар мен педагогикалық жұмысты тұлғалық-бағдарлы тұрғыда ұйымдастыру ;



Коммуникативтік қабілеттілік:

Баланың денсаулығын сақтау және нығайтуға психологиялық қолайлылық тудыру ;



Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Мектепке дейiнгi баланың тұлғалық

мәдениетiнiң базисi ретiнде бүкіл адамзаттық құндылықтарын қалыптастыру;



- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім білік дағдыларының болуы ;

- білім беру үдерісінің жағдайын тәуелсіз сараптай білуі;

- Қажетті мәліметтерді жинақтау және талдау жасауы;

- мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың ақпараттық негізін білуі;




28

OTAU/OUPD 2301

б) Оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру







4

Пререквизиті: Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқару.

Постреквизиті: Сауат ашу және жазуға үйрету практикумы.

Мақсаты: «Оқу-таным іс-әрекетін ұйымдастыру» курсы білікті және жан-жақты болашақ тәрбиешіні, мектепке дейінгі мекеме әдіскерін дайындау, қазіргі заманғы оқытуды ұйымдастыруды меңгерген және мектепке дейінгілердің танымдықтарын дамыту.

Мазмұны:

«Оқу-таным іс-әрекетін ұйымдастыру» пәні мектепке дейінгі мамандарды дайындауға бағытталған, курсты меңгеру барысында студенттер балабақшада оқытуды ұйымдастыруға қажетті психология-педагогикалық білімдерді игереді, оның ерекшеліктерін, әдістерін, мазмұнын, формаларын.



Білімі мен түсінігі: Пәнді оқыту арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын азамат тәрбиелеу. 
Білімі мен түсінігін қолдана білу: оқу- танымдық іс- әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдіру.
Пайымдаулар: Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі балалардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі;
Коммуникативтік қабілеттілік: Білімді саналы және белсенді меңгеруде басты рөл жарқын үлгілерді белгісіз баланың қосымша оқу материалын пайдалануы арқасында көрініс табатын қызығушылыққа беріледі. 
Өздігінен білім алу қабілеттілігі: белсенді танымды іс- әрекетінің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту.

    • студенттерде МҰ-да балаларды оқытуды ұйымдастырудың және мазмұны туралы білімдерін қалыптастыруы;

    • тәжірибе жүзінде танымдық процестерін және мектепке дейінгілердің оқу іс-әрекетін дамытудың алғашқы дағды, біліктерін дамытуы;

    • болашақ педагогтардың тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетте және педагогикалық білімдерін нақты іс-әрекетте қолдана білу қызығушылықтарын бекітуі;

    • гуманистік қажеттіліктерін, шығармашылық жолда оқу-тәрбие процесінде балалармен өзара әрекеттестігін дамыту;

    • студенттердің инновациялық ойлауларын дамытуы;

29

TDZhMOP/PRRVCh 3304


а)Тіл дамыту және мәнерлеп оқу практикумы

3

5

5

Пререквизиттері:

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі.



Постреквизиті: Мектепке дейінгі білім беру менеджменті..

Мақсаты: «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығының студенттерін оқушыларды жазуға үйретудің қазіргі әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. Жазуға үйретудің оқу-әдістемелік жинағына сипаттама беру. Жазу процесінде жаттығудың алатын орны мен маңызы жайында түсінік. Мазмұны: Жазуға үйрету пәнінің мақсат, міндеттері. Жазуға үйретудің тарихы. Жазудың түрлері. Орыс графикасына лайықталған қазақ графикасының негізгі принциптері. Қазіргі қазақ алфавиті.Түбір сөздер мен қосымшалардың жазылуы. Бас әріптердің емлесі. Жазу дағдыларына машықтанудың үш кезеңі. Жазу жұмыстарына қойылатын талаптар. Жазуға үйретудің педагогикалық негізі. Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар. 1 сыныптағы жазу. Жазу сабағында жаңа әріпті жаздыру үлгісі. Диктант, мазмұндама жазу ережелері. Сөзікпен жұмыс жасау. Көркем жазу. Сауатты жазуға үйрету мәселелері. 2-4 сыныптарда диктант жұмыстарын бағалау.Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар. Жазба сын жұмысын бағалау. Мазмұндама мен шығарма жұмыстары.

Білімі мен түсінігі: Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтары негізінде тілдің дыбыстық жүйесінен, оның грамматикалық құрылысы мен сөздердің морфологиялық құрамы, сөздердің сөзжасам жүйесі, олардың синтаксистік қызметі жайында жүйелі түрде білім алу. Білімі мен түсінігін қолдана білу: Жазуға үйретудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу;студенттерге жазуға үйрету әдістемесінің білім, білік дағды жүйесі қалыптасады; - студенттердің дұрыс, тез және байланысты жазуын қамтамасыз етіледі; -студенттер кіші жастағы мектеп оқушыларын жазуға үйретудің сөздік және практикалық әдістерін үйлестіріп қолдана білуге үйренеді. Пайымдаулар: Ғылыми көзқарастарды ескере отырып, жазуға үйрету технологиясынан пайымдаулар жасай білу; Коммуникативтік қабілеттілік: Жазуға үйретуге қатысты шешімдерді, идеяларды мамандарға, басқа маман иелеріне жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Коммуникативтік қабілеттілік: Мектеп жасына дейінгі балалармен тіл дамыту сабағында грамматикалық жаттығуларды, дидактикалық ойындарды қолданудың ерекшелігі айқындау. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: бастауыш сыныптарда жазу жұмыстарына қатысты белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді

1) Жазуға үйретудің оқу-әдістемелік жинағына сипаттама беруі; 2) Көркем жазу мен жазуға үйретудің тарихын игеруі; 3) Жазу сабақтарында заманауи техниканы қолдана білуі; 4) Жазуға үйрету әдістемесі бойынша студенттерді ғылыми зерттеу жұмысына дайындауы; 5) Қазақ тілі сабақтарындағы көркем жазу минуттарын жоспарлай білуі; 6) Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарын білуі;

30

SAZhUP/POGP 3304

б) Сауат ашу және жазуға үйрету практикумы







5

Пререквизиттері:

Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқару.



Постреквизиті: Мектепке дейінгі ұйымдағы тұлғаға бағдарлы білім беру теориясы..

Мақсаты: студенттерге мектепке дейінгі топтарда сауат ашудың негіздерін, оқу дағдысын қалыптастыру жолдарын меңгерту.

Мазмұны: Оқу және жазу механизмдері. Дыбыстық аналитикалық-синтетикалық әдісі. Әдістердің сипаттамасы. сауат ашу барысында жүргізілетін оқу сабақтарының түрлері; сауат ашу сабақтарына қойылатын талаптар. Дыбыстық-әріптік сөз құрамы. Буын және тасымал. Екпінмен жұмыс. Сауат ашу кезінде оқушылардың тілін дамыту. Оқушылардың мектепке тілдік дайындығын үйрену. Сауат ашу сабақтарына қойылатын талаптар. Сауат ашу әдістемесін дамыту және жетілдіру (Д.Б. Эльконин және В.В. Давыдов, Н.А. Зайцев, Л.В. Занков, А. Кушнир және т.б. оқу).

Білімі мен түсінігі: Студенттер балаларға әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге таза, анық жазуға машықтандыру;

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

Студенттер талаптарды орындау негізінде баланың көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптастыраады.



Пайымдаулар: сауат ашу әдістемесінен жаңа мәліметтерді жинақтау және интерпретациялау. Коммуникативтілік: сауат ашу әдістемесіне тиісті ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдерді хабарлай алады. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: сауат ашу әдістемесі бойынша білімін жетілдіру мақсатында өздігінен дайындала алады.

1) сауат ашу әдістемесінің психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздеріне сәйкес ұйымдастыру іс-әрекетін ұйымдастырады. 2) оқу және жазу механизмдерін оқыту әдістерімен өздігінен жұмыс істей алады. 3) сауат ашу кезінде оқу сабақтарының әрқилы түрлерін ұйымдастыра алады. 4) сауат ашу кезінде оқушылардың тілін дамыту тәсілдерін пайдалана алады. 5) сауат ашу әдістемесін дамытуға және жетілдеруге қабілеті жетеді.

31

GPZA/MNPI 3217


а) Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі

3

5

5

Пререквизиттері: Отбасы педагогикасы, Педагогика, Мектепке дейінгі педагогика. Постреквизиттері: Мектепке дейінгі білім беру мамандарын дайындауда интербелсенді оқу технологиясын қолдану әдістемесі.

Мақсаты: болашақ мамандарды зерттеу-ізденіс іс-әрекетіне деген қабілеттерін дамыту, оқу-тәрбие міндеттерін шығармашылықпен шешуге үйрету.

Мазмұны: Кіріспе. Әдіснама, әдіс, әдістеме. Ғылыми-зерттеу принциптері. Педагогикалық зерттеу құрылымы мен ұғымдық аппарат. Әдеби көздермен жұмыс жүргізу жолдары. Ғылыми-зерттеу әдістері, олардың классификациясы және сипаттамасы. Теориялық зерттеу әдістері. Зерттеу нәтижелерін талқылау. Ғылыми қорытындылар жасау.

Білімі мен түсінігі: қоғам мен білім беру саласын дамытуда ғылым мен ғылыми зерттеудің алатын орны; білім беру саласындағы тәжірибелік-эксперименталдық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру негіздері; психологиялық-педагогикалық зерттеулерде қолданылатын ықтималдар мен математикалық статистика теориясының негіздері. Білімі мен түсінігін қолдана білу: зерттеу міндетін ажырата білу; зерттеу нәтижелерін интерпретациялау; адресатқа арналған ақпаратты бейімдеу; аналитикалық және зерттеушілік дағдыларын меңгеру; ғылыми таным формалары мен әдістерін меңгеру, олардың эволюциясын түсініп жету; психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістерін Пайымдаулар: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша педагогикалық, құрастырымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативті ептіліктерін дамыту, зерттеу жұмысымен айналысу. Коммуникативті қабілеттілік: ғылыми-зерттеу жұмысы әдістемесіне тиесілі ақпараттар, идеялар, өзекті мәселелер мен шешімдерді хабарлап отыру. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу әдістемесі бойынша жаңа материалдарды өздігінен іздеуге қажетті болған қабілеттерге ие болу.

1) тәрбиеленушілердің жетістіктерін диагностикалаудың жаңа әдістерін пайдалануға қабілеті жетеді; 2) ғылыми пәннің негізгі ұғымдарын терең меңгере алады; 3) аналитикалық-диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыра алады, нәтижесінде өзінің кәсіби іс-әрекетін сапалы тұрғыда анықтай алады, кемшіліктерді талдау жасай алады; 4) мектепке дейінгі жастағы балалардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әрқайсысының жетістіктерін бағалай алады; 5) мектепке дейінгі білім беру саласындағы зерттеу жұмысын жүргізе алады;

32

SOBGZZhU/OSNIRS 3217


б) Студенттердің өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру










Пререквизиттері: Педагогика, Толеранттық педагогика, Мектепке дейінгі педагогика. Постреквизиттері: Қазіргі заманғы педагогикалық технология.

Мақсаты: Студенттердің өз бетінше зерттеу-ізденіс іс-әрекетіне деген қабілеттерін дамыту, оқу-тәрбие міндеттерін шығармашылықпен шешуге үйрету.

Мазмұны: студентке ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу формасын таңдау  құқығын айқындау және ұсыну;

қызмет тәжірибесі мен дағдыларына, ептіліктеріне, білімдеріне негізделген,  кәсіби салаға ой жүгірту мен ой тұжырымдамасының, жүйелік түсінігін игеру;

талдау, салыстыру, жіктеу, жүйелеу мен жалпылау әдістерін меңгеру;

бір сарынды емес ойлау  қабілетін дамыту, яғни бірдей жағдайларда зерттеу міндеттерін шешудің көптеген түрлі мақсаттарын, қарама-қайшы жағдайларда қарама-қайшы емес шешімдерін табуға және білімін  тәжірибе жүзінде қолдану;

ғылыми зерттеудің технологияларын жүзеге асыру икемділіктерін дағдыландыру, экспериментті ұйымдастыру және жүргізу ептілігі, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өңдеу және бағалау;

кітап және басқа да заманауи ақпарат көздері арқылы библиографиялық, өзіндік жұмыстарға дағдыландыру;




Білімі мен түсінігі: қоғам мен білім беру саласын дамытуда ғылым мен ғылыми зерттеудің алатын орны; білім беру саласындағы тәжірибелік-эксперименталдық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру негіздері; психологиялық-педагогикалық зерттеулерде қолданылатын ықтималдар мен математикалық статистика теориясының негіздері. Білімі мен түсінігін қолдана білу: зерттеу міндетін ажырата білу; зерттеу нәтижелерін интерпретациялау; адресатқа арналған ақпаратты бейімдеу; аналитикалық және зерттеушілік дағдыларын меңгеру; ғылыми таным формалары мен әдістерін меңгеру, олардың эволюциясын түсініп жету; психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістерін Пайымдаулар: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша педагогикалық, құрастырымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативті ептіліктерін дамыту, зерттеу жұмысымен айналысу. Коммуникативті қабілеттілік: ғылыми-зерттеу жұмысы әдістемесіне тиесілі ақпараттар, идеялар, өзекті мәселелер мен шешімдерді хабарлап отыру. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу әдістемесі бойынша жаңа материалдарды өздігінен іздеуге қажетті болған қабілеттерге ие болу.

  • мемлекетіміздің және біздің аймақтың ерекшелігіне байланысты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет және өнер саласында өзекті мәселелерін шешуде ғылыми зерттеуді ұйымдастыруы; Мәдениет керектілігн қамтамасыз ететін кәсіби мектепті қалыптастырып, дамыту және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде іске асыруы;

  • өзіндік, сонымен қатар, белгілі бір жетістікті шығармашылық жұмыстар, ғылыми зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру;

  • студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыруы;

  • жоғары оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасуы.




33

MDMDTA/MFVDU 3305


а) Мектепке дейінгі мекемеде дене тәрбиесінің әдістемесі

3

5

5

Пререквизиттері: жоқ.

Постреквизиттері: Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.


Мақсаты: Студенттерге мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың қазіргі ғылыми-теориялық әдістемелік негізін меңгерту, болашақ тәрбиешілердің кәсіби сапаларын қалыптастыру. Мазмұны: Студенттерге мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориялық негізі, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі әдістері мен формалары туралы білім, дене тәрбиесінің негізгі ұғымдары, студенттердің өзіндік әрекеттің әдістері мен тәсілдері, дене тәрбиесі сабағының жоспарын құра білу.

Білімі мен түсінігі: Студенттердің мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында дене тәрбиесін дұрыс қалыптастыру; осы тұрғыда дене тәрбиесін ұйымдастыру технологиясын қолдана білу: Білімі мен түсінігін қолдана білу: мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесіпәні бойынша білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде меңгеру; қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі білуі тиіс; Пайымдаулар: ғылыми көзқарастарды ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі әдістері мен тәсілдерін жоғары деңгейде игеру және интерпретациялауды жүзеге асыру; Коммуникативтік қабілеттілік: табиғатқа, дүниеге қатысты ақпараттарды, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: адам, спорт, табиғат, жаратылысқа қатысты белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) студент мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың қазіргі ғылыми-теориялық әдістемелік білімдерін жетік меңгеру және қолдануы; 2) дене жаттығуларының техникасын игеруі; 3) қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеруі және қолдана білуі; 4) ертеңгілік гимнастиканы музыкамен сүйемелдеп үйренуі; 5) шынықтыру принциптері мен әдістерін есепке ала отырып қолдана алуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет