Электр аппараттары



Pdf көрінісі
бет16/26
Дата17.10.2022
өлшемі1,92 Mb.
#153491
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
Лаб

ажыратқыштың номиналды тогы 
тізімінен және 
электромагнитті ағытқыш типі 
тізімінен деректерді 
таңдаймыз. Дәл осы жерде автоматты қолдану саласын белгілейміз. Бастапқыда 


40 
тұрмыстық мақсаттағы, содан соң өнеркәсіптік мақсаттағы автоматтарға 
арналған сипаттаманы аламыз. 
2) Шығыс деректерінің кездейсоқ сипаты жалаушасын орнатамыз. 
3) Жүктеме тогы жолына токтың қажетті мәнін енгіземіз және іске қосу
 
батырмасын басамыз

Осы тапсырманы орындау кезінде жүктеме тогын жүктеме тогының 
еселігі α шамамен келесі мәндерді қабылдайтындай тәсілмен өзгерткен жөн: 1, 
1,05 1,13 1,45, 2,55, 3, 5, 10, 14. 
Ток еселігін тағайындай отырып, жүктеме тогын келесі формула 
бойынша табамыз:
.
н
ж
I
I

=

(8.1) 
4) Тәжірибені қайталаймыз, яғни 
Іске қосу 
батырмасын (5 – 7) рет 
басамыз.
Тәжірибелерді орындау кезінде қондырманың балқу уақытының тұрақты 
өзгеріп тұратындығына, яғни кездейсоқ сипатқа ие екендігіне назар аударған 
жөн. 
Эксперименттік деректер кездейсоқ сипатқа ие болғандықтан, оларды 
өңдеу кезінде статикалық әдістерді қолдану қажет.
Осындай деректерді өңдеу тәртібі №6 жұмыста берілген. 
№ 2 тапсырма. Кабель температурасының тізбек тогына және 
автоматтың номиналды тогына тәуелділігін зерттеу. 
Осы тапсырмада қорғалатын кабель температурасының түрлі номиналды 
токтары бар балқымалы қондырмаларды қолдану кезінде жүктеме тогына 
тәуелділігіне зерттеу жүргізу қажет. 
Зерттеу екі температуралық режим үшін жүргізіледі: 
1) Қоршаған орта температурасы 40.°С тең (Жаз). 
2) Қоршаған орта температурасы -5°С тең (Қыс). 
Жасалған зерттеулермен кабельдің рұқсат етілетін тогының автоматтың 
номиналды тогына қандай қатынасы кезінде автомат кабельді шектен тыс 
жүктеуден сенімді қорғайтындығын анықтаңыз (яғни, кабель оқшаулағышын 
кабель температурасы ол үшін рұқсат етілетін температурадан асып кеткен 
кезде туындайтын кеуіп қалудан қорғайды). 
Тапсырманы орындау кезінде келесі жағдайларға назар аударған жөн. 
Тізбек тогының өнеркәсіптік қолданыстағы автоматтың жылулық 
қорғанысы ұзақ уақыт ішінде іске қосылатын диапазонға сәйкес келетін 1,13 - 
1,45·
I
н
аралығындағы еселігі кезінде кабель мен автомат арқылы үлкен ток ұзақ 
уақыт бойы жүретін болады. Нәтижесінде кабель температурасы рұқсат етілген 
мәннен асып кетуі мүмкін, бұл кабель оқшаулағышының жылдам тозуына және 
қызмет ету мерзімінің күрт қысқаруына алып келуі мүмкін. Тұрмыстық 
қолданыстағы автоматтарда жылулық қорғаныс іске қосудың аз диапазонына 


41 
ие, 1,05-1,13·
I
н
аралығында. Бұл оларың электр тізбекті шектен тыс жүктеу 
тогынан жақсырақ қорғауды қамтамасыз етеді. 
2-тапсырманы орындау бойынша жұмыс жасау тәртібі: 
1) Тапсырма нұсқасына сәйкес қалқымалы тізімнен таңдаңыз және 
бағдарламаға автоматтың номиналды тогының мәнін енгізіңіз: 
2) Электромагнитті ағытқыш типін және автоматты қолдану саласын 
бекітіңіз.
3) Қоршаған орта температурасының қажетті мәнін енгізіңіз.
4) Жүктеме тогы жолында жүктеме тогының талап етілген мәнін енгізіңіз. 
Зерттеуді орындау кезінде жүктеу мәнін келесі мәндерге тең етіп 
қабылдайды: 
.
.
е
р
жїк
I
n
I

=
, (n=0,5; 0,75; 1,0; 1.4; 1,5), (8.3) 
мұнда 
.
.
е
р
I
- кабель жүктемесінің рұқсат етілген тогы
Рұқсат етілген ток мәндері 8.2 кестеде берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет