Теориялық бөлімі.
Автоматты ауа ажыратқыш (автомат) - апаттық режимдер кезінде,
сонымен қатар электрлік тізбектердің сирек кездесетін (тәулігіне 6-30 рет)
коммутациясы кезінде тізбектерді автоматты түрде ажыратуге арналған
аппарат. Автоматты ажыратқыштарды номиналды тогы 6,3 - 6300 А
аралығындағы 1000 вольтқа дейінгі айнымалы және 440 вольтқа дейінгі
тұрақты ток үшін жасайды. Автоматты ажыратқыштар электрлік тізбекті
шектен тыс жүктеу тогынан, қысқаша тұйықталу тогынан және басқа да
қалыпты емес режимдерден қорғауды қамтамасыз етеді.
Автоматтардың энергиямен қамту сұлбасында орналасу сұлбасына және
сәйкесінше олардың номиналды тогына байланысты олар 3 топқа бөлінеді:
1) Үлкен токты автоматты ажыратқыштар.
Төмендететін қосалқы станцияда енгізу және секциялық ажыратқыш
ретінде, сонымен қатар қуаты үлкен электр қабылдағыштарды қорғау және
коммутациялау үшін қолданылады.
2) Құюлы корпустағы автоматты ажыратқыштар.
Топтық құрастырмаларды және қуаты үлкен электр қабылдағыштарды
коммутациялау және қорғау үшін қолданылады.
3) Модульді автоматтар.
Автоматтар А - 125 А дейінгі токтарға шығарылады, электр
қабылдағыштарды коммутациялау және қорғау үшін қолданылады,
термомагнитті қорғаныспен қамтамасыз етілген, тағайындамалы стандартпен
анықталған және оны пайдаланушылар өзгерте алмайды.
42
Модульді автоматтардың сипаттамалы келесі стандарттарды анықтайды.
ГОСТ Р 50345-99 (IEC 60898) стандарты тұрмыстық және кеңсе мақсатындағы
аппараттарға қойылатын талаптарды, сонымен қатар электр қондырғыларға
қызмет көрсететін қызметкерлер жеткілікті біліктілікке ие болатын барлық
жағдайларды анықтайды.
8.3 сурет - Модульді автоматтың қорғаныс сипаттамасы
Стандарт максималды мәндерге ие аппараттарға қолданылады: 125А
дейінгі номиналды ток, шекті коммутациялық қабілеті 25кА артық емес және
номиналды жұмыс кернеуі 440 В. Шектен тыс жүктеуден және ҚТ тогынан
қорғалған.
Шектен тыс жүктеуден қорғаныстың іске қосылуы стандартқа сәйкес 1,05
- 1,3
I
п
аралығындағы ток кезінде жүруі тиіс.
мұнда
I
п
- автоматтың номиналды тогы.
Көрсетілген диапазон тогының төменгі мәні жылу қорғанысы шартты
уақыт ішінде кепілді түрде іске қосылмайтын токты, ал токтың жоғарғы мәні
жылу қорғанысы шартты уақыт ішінде кепілді түрде сөндірмейтін токты
анықтайды.
Шартты уақыт автоматтың номиналды тогымен анықталады (модульді
автоматтар үшін шартты уақыт 1 сағатқа тең).
43
Сондай-ақ стандарт келесі типті ҚТ токтарынан электромагнитті
қорғаныстың іске қосылу токтарының диапазонын анықтайды:
- В (3 In - 5 In аралығында);
- С (5 In - 10 In аралығында);
- D (10 In - 14In аралығында).
ГОСТ Р 50030.2-99 (IEC 60947-2) білікті қызметкерлер қызмет көрсететін
өнеркәсіптік қолданыстағы аппараттарға қойылатын талаптарды анықтайды.
Шектен тыс жүктеу тогынан қорғаудың іске қосылуы 1,13 - 1,45
I
п
аралығындағы ток кезінде орын алады. Тиісті сипаттамалар диапазонында IEC
60898 стандартына сәйкес келетін аппараттар өнеркәсіптік қондырғыларда да
қолданыла алады.
Тұрмыстық мақсаттағы автоматтарда ажырату қабілеті тік бұрышта
ампермен көрсетіледі, өнеркәсіптік мақсаттағы автоматтарда килоампермен
көрсетіледі.
Автоматтардың, сондай-ақ сақтандырғыштардың маңызды сипаттамасы
болып қорғаныс сипаттамасы табылады. Өнеркәсіптік қолданыстағы модульді
автоматтың стандартты уақыт-ток сипаттамасы (қорғаныс сипаттамасы) 8.4
суретте берілген.
№2 тапсырманы орындағаннан кейін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:
1) Автоматтың номиналды тогының шамасы кабельді қыздыруға қалай
әсер етеді?
2) Қоршаған орта температурасы кабельді қыздыруға қалай әсер етеді?
3) Жүктеме тогын сақтап қалған кезде кабель қимасын арттыру оны
қыздыруға қалай әсер етеді?
4) Кабельдің рұқсат етілетін тогы мен автоматтың номиналды тогының
қандай қатынасында кабельді шектен тыс жүктеу тогынан қорғауға кепілдік
беріледі?
5) Тұрмыстық немесе өнеркәсіптік қолданыстағы қандай автоматтар
желіні шектен тыс жүктеу тогынан ең жақсы қорғауды қамтамасыз етеді?
Жұмыс жасау уақытын қысқарту үшін №2 тапсырманы орындау кезінде
Шығыс деректерінің кездейсоқ сипаты
жалаушасын алып тастаңыз.
Жылулық ағытқыштың сипаттамалары
44
8.4 сурет – Жылулық және электромагнитті ағытқыш сипаттамасы
8.2 кесте - Қоршаған ортаның 25°С тең температурасы кезінде төмен вольтты
кабельдер үшін рұқсат етілетін ток мәні. Бұл ретте кабельдің рұқсат етілетін
температурасы 80°С
66
110
116
225
335
550
770
995
1120
1150
35
46
60
80
95
120
155
190
220
255
Жұмыс жөніндегі есепті рәсімдеу.
Есеп келесілерден тұруы тиіс:
1) Жұмысты орындау мақсаты мен тәртібі;
2) Алынған эксперименттік деректері бар кестелер (есепке қосымша
ұсынылсын);
3) Графиктер:
- ажыратқыштың іске қосылу уақытының тізбек тогының еселігіне
тәуелділігі;
- кабель температурасының автоматтың түрлі токтары кезіндегі токқа
тәуелділігі және қоршаған орта температурасына тәуелділігі;
4) алынған деректерді талдау және жасалған жұмыстардың нәтижелері
бойынша қорытындылар.
Тұрмыстық және өнеркәсіптік қолданыстағы модульді автоматтар үшін
графиктер жасау.
Ескертпе
- Қорғаныс сипаттамасын жасау кезінде ажыратқышты іске
қосу уақытының мәні бір тәртіп шегінде тұратындай етіп, жүктеме тогының
еселігі бойынша учаскелерге бөлген жөн, яғни шектен тыс жүктеу токтары
үшін уақыт бойынша масштаб ҚТ токтары үшін уақыт масштабынан
ерекшеленуі тиіс.
Бақылау сұрақтары.
1. Автоматтың номиналды тогының шамасы кабельді қыздыруға қалай
әсер етеді?
2. Қоршаған орта температурасы кабельді қыздыруға қалай әсер етеді?
45
3. Кабель қимасын ұлғайту жүктеме тогын сақтау кезінде оның қызуына
қалай әсер етеді?
4. Кабельдің рұқсат етілетін тогының және автоматтың номиналды
тогының қандай қатынасы кезінде кабельді шектен тыс жүктеуден қорғауға
кепілдік беріледі?
5. Тұрмыстық немесе өнеркәсіптік қолданыстағы қандай автоматтар
желіні шектен тыс жүктеу тогынан ең жақсы қорғауды қамтамасыз етеді?
6. Автоматты ажыратқыштардың анықтамасын беріңіз.
7. Автоматтар іске қосу уақыты бойынша қалай ерекшеленеді?
8. Электромагнитті ағытқыштың мақсаты мен құрылымы қандай?
9. Жылу ағытқышының мақсаты мен құрылымы қандай?
10. Қандай ажыратқыштар А қолдану категориясына және В қолдану
категориясына жатады?
11. Заманауи каталогтарда берілетін автоматты ажыратқыштардың
негізгі сипаттамаларына анықтама беріңіз?
12. Білікті қызметкерлер қызмет көрсететін және біліктілігі жеткіліксіз
қызметкерлер қызмет көрсететін ғимараттарға орнатылатын ажыратқыштар
үшін жылу және электромагнитті ағытқыш сипаттамаларын беріңіз.
13. Кездейсоқ сипатқа ие эксперименттік деректер қалай өңделеді?
Достарыңызбен бөлісу: |