«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы»


БАСШЫЛЫҚ ТАРАБЫНАН ЖАСАЛҒАН



бет2/3
Дата12.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#11522
1   2   3
БАСШЫЛЫҚ ТАРАБЫНАН ЖАСАЛҒАН

2014 ЖЫЛҒЫ БМЖ ТАЛДАУЫ

(үзінді көшірме)

ЕСЕП

Дана № ___

Астана

Кіріспе


2014 жылы «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамында ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сай келетін біріктірілген менеджмент жүйесінің (бұдан әрі – БМЖ) табысты жұмыс істеуін қолдау және одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғасты.

«KEGOC» АҚ БМЖ басшылығы тарабынан жасалған талдау нәтижелері бойынша есеп ISO 9001:2008 5.6-тармағы, ISO 14001:2004 4.6-тармағы, OHSAS 18001:2007 4.6-тармағы және СТ KEGOC 00-201-07 «Ұйым стандарты. Деректер жинау және басшылық тарабынан талдау» стандартының талаптары негізінде дайындалды.



Талдаудың мақсаты мыналар: БМЖ жұмыс істеу нәтижелілігін, «KEGOC» АҚ БМЖ, соның ішінде БМЖ саласындағы саясаттар мен мақсаттарға өзгерістер енгізу қажеттілігі мен оларды жақсарту мүмкіндіктерін басшылық тарабынан бағалау, сонымен қатар БМЖ нәтижелілігі мен оның процестерінің нәтижелілігін арттыру, қызметтерді жақсарту, ресурстарға деген сұраныстар бойынша шешімдер мен шаралар (әрекеттер) қабылдау.

Мына ақпарат осы талдау үшін кіріс деректер болып табылады:

1) «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің 2014 жылғы жұмыс жоспарының орындалу нәтижелерін қоса алғанда, «KEGOC» АҚ АД мен филиалдары құрылымдық бөлімшелерінің 2014 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есептері (қызмет процестерінің көрсеткіштері бойынша ақпарат);

2) 2014 жылы БМЖ жөніндегі Жоспарлар мен Бағдарламалардың орындалу барысы туралы есеп;

3) құжаттардың орындалуын бақылау нәтижелері жөніндегі анықтама;

4) ішкі аудит жөніндегі 2014 жылғы есеп;

5) қызметтер, жабдық жұмысы, сатып алу, соның ішінде кінәраттармен жұмыс бойынша анықтамалар мен есептер;

6) қызметкерлермен жұмыс жөніндегі есеп;

7) жүйелік оператордың қызмет көрсету шарттарының орындалуы туралы анықтама;

8) түзету және алдын алу іс-қимылдарының дәрежесі;

9) экологиялық менеджмент жүйесі саласындағы қызмет бойынша есеп;

10) кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау менеджменті жүйесі саласындағы қызмет бойынша есеп;

11) БМЖ және оның процестерін жақсарту (жетілдіру) жөніндегі ұсыныстар.

Кіріс деректері мыналарға жататын шешімдер мен шаралар болып табылады:



  1. БМЖ мен оның процестерінің нәтижелілігі;

  2. «KEGOC» АҚ БМЖ-ға, сонымен қатар БМЖ саласындағы саясаттарға ықтимал өзгерістер;

  3. «KEGOC» АҚ БМЖ нәтижелілігін арттыру;

  4. көрсетілетін қызметтерді жақсарту;

  5. ресурстарға сұраныс.

«KEGOC» АҚ қызметінің нәтижелері «KEGOC» АҚ 2014 жылғы Жылдық есебінде берілген. Р KEGOC ИД-208-10 «Жылдық есепті дайындау және ондағы ақпаратты ашу жөніндегі регламентке» сәйкес «KEGOC» АҚ 2014 жыл қорытындысы бойынша өндірістік-қаржылық қызметінің жылдық есебін дайындау және ұсыну мерзімі мен тәртібі белгіленген.

БМЖ жөніндегі Жоспарлар мен Бағдарламалардың орындалуы
БМЖ-дың жұмыс қалпын сақтау, жақсарту және тарату саласын кеңейту 2014 жылы белгіленген тәртіпте бекітілген жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылды, атап айтқанда:

1) «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесін жұмыс күйінде сақтау, жақсарту жөніндегі 2014 жылға арналған жұмыс жоспары («KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 20.05.2014ж. бекіткен) (осы есептің 1-бөлімі);

2) «KEGOC» АҚ БМЖ ішкі аудитін жүргізудің 2014 жылға арналған бағдарламасы («KEGOC» АҚ Б БМЖ жөніндегі өкілі 07.02.2014ж. бекіткен) (осы есептің 4-бөлімін қараңыз);

3) «KEGOC» АҚ 2014 жылға арналған экологиялық бағдарламасы («KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 13.03.2014 ж. бекіткен); «KEGOC» АҚ, «Энергоинформ» АҚ филиалдарының экологиялық бағдарламалары;

4) «KEGOC» АҚ Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау менеджменті жүйесі бойынша 2014 жылға арналған бағдарлама (11.03.2014ж. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы бекіткен), «KEGOC» АҚ филиалдарының КҚДҚМЖ жөніндегі бағдарламалары;

5) 2014 жылғы тамыздың 11-і мен 15-і аралығында өткізілген «KEGOC» АҚ БМЖ аудиті нәтижелері бойынша түзету және алдын алу іс-шараларының жоспары («KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының 04.09.2014 ж. № 167 бұйрығымен бекітілген);

1. «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесін жұмыс қалпында сақтау, жақсарту жөніндегі жұмыс жоспарына сай ішкі аудиторларды оқыту мен біліктіліктерін арттыруды, экологиялық менеджмент мәселелері жөнінде, менеджмент жүйесін дамыту жөнінде, инновациялық қызмет жөнінде семинарлар өткізуді, сонымен қатар ІНҚ әзірлеуді, ішкі аудиттерді уақтылы өткізуді, іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізуді, сертификаттау аудитінің қорытындылары бойынша іс-шараларды іске асыру мен т.б. көздейтін 25 іс-шараларды іске асыру жоспарланған болатын.

Барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде жоспарға сай орындалды.

Жоспарды орындау нәтижелі болды.
2. «KEGOC» АҚ БМЖ ішкі аудитінің 2014 ж. арналған бағдарламасына сай 344 тексеру жүргізу жоспарланды (құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғаларға), соның ішінде: «KEGOC» АҚ АД, «ЖО ҰДО» филиалы, «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдары, «Энергоинформ» АҚ.

Ішкі аудит жүргізу мақсаты: БМЖ «KEGOC» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігін бағалау.

Аудит нәтижелері бойынша белгіленген мерзімде түзетілген сәйкессіздіктер тіркелді.

Сәйкессіздіктердің негізгі көлемі OHSAS 180014.4.5, 4.4.6 және 4.5.4 ISO 14001, 4.4.5, 4.5.4, 4.4.6, 4.4.7 бойынша анықталды.

«KEGOC» АҚ-да анықталған сәйкессіздіктер бойынша түзету және алдын алу іс-қимылдары жүзеге асырылады, олар бұдан кейінгі тексерулер кезінде бағаланады.

2014 жылғы Ішкі аудит бағдарламаларын орындау нәтиже берді.


3. «KEGOC» АҚ 2014 жылға арналған экологиялық бағдарламасын іске асыру кезінде «KEGOC» АҚ экологиялық аспектілерін бағалау нәтижелері («KEGOC» АҚ Б БМЖ жөніндегі өкілімен 13.03.2014ж. келісілді), «KEGOC» АҚ мен «Энергоинформ» АҚ филиалдарының ұсыныстары есепке алынды.

«KEGOC» АҚ Экологиялық бағдарламасында есептік кезеңде 22 іс-шараны іске асыру жоспарланды. Жыл қорытындылары бойынша барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалды.

Бір жылда Экологиялық бағдарламаны орындау нәтижелі болды, яғни іс-шаралар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды.
4. «KEGOC» АҚ Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау менеджменті жүйесі жөніндегі бағдарламаны (бұдан әрі – КҚДҚМЖ жөніндегі бағдарлама) «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 11.03.2014 ж. бекітті. КҚДҚМЖ жөніндегі бағдарламаны әзірлеген кезде «KEGOC» АҚ кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау саласындағы тәуекелдерді бағалау нәтижелері, ЖЭТ филиалдарының ұсыныстары есепке алынды.

Бағдарламаға сай есептік кезеңде 5 іс-шараны орындау жоспарланып, олар толық көлемде орындалды.

КҚДҚМЖ жөніндегі бағдарламаны бір жылда орындау нәтижелі болды.
5. Сертификаттау аудитінің нәтижелері бойынша (2014 жылғы 3-тоқсан) «KEGOC» АҚ түзету және алдын алу іс-шараларының жоспары әзірленіп, бекітілді (Басқарма төрағасының 04.09.2014 ж. № 167 бұйрығымен бекітілген). Жоспарды дайындаған кезде аудит кезінде тіркелген барлық ұсынымдар есепке алынды. «KEGOC» АҚ бақылау аудитінің нәтижелері бойынша Түзету және алдын алу іс-қимылдары жоспарына енгізілген барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалды.
Экологиялық менеджмент жүйесінің талдауы
Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау - «KEGOC» АҚ экологиялық саясатының негізгі қағидаты. «KEGOC» АҚ қызметінің негізгі түрі қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етпейді, бірақ Компания үшін теріс әсерді азайту және экологиялық саясатты жетілдіру үшін экология саласындағы өз жауапкершілігінің аймағын түсіну маңызды болып табылады.

Экологиялық менеджмент жүйесі «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде жұмыс істейді.

Бұл бөлім бойынша талдау жүргізу үшін кіріс деректер мыналар болып табылады:

- Жоспарларды, Бағдарламаларды орындау (осы есептің 1-бөлімі);

- ішкі/сыртқы аудит нәтижелері (осы есептің 3-бөлімі);

- нормативтік құқықтық және маңызды экологиялық аспектілерге байланысты басқа да талаптарға өзгерістер;

- ҰЭТ-ты дамыту департаментінің ЖЭТ филиалдарынан алынған және АД бөлімшелеріне сай келетін деректерге негізделген есебі;

- жедел және жұмыс мәжілістерінің («KEGOC» АҚ басшылығы, бөлімшелер басшылары төрағалық етуімен өткізілген, жұртшылықпен кездесулердің және т.б.) хаттамалары.

Экологиялық аспектілерді басқару «KEGOC» АҚ-да тәуекелдерді басқарумен тығыз байланысты. «KEGOC» АҚ-дағы тәуекелдерді басқару жүйесіне сай экологиялық тәуекелдерге жол беріледі. Экологиялық аспектілерді басқару жөніндегі іс-шаралар ЖЭТ филиалдарынан келіп түскен ұсыныстар есепке алына отырып, әзірленген және «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы 13.03.2014ж. бекіткен 2014 жылға арналған Экологиялық бағдарламада келтірілген.

Сонымен қатар, басшылықтың БМЖ жөніндегі өкілі бекіткен мынадай құжаттар әзірленді:

1) «KEGOC» АҚ экологиялық қауіптеріне сәйкестендірілген нормативтік талаптар тізілімі (19.02.2014 ж.);

2) «KEGOC» АҚ 2014 жылғы экологиялық аспектілерінің тізілімі (19.02.2014 ж.);

3) «KEGOC» АҚ 2014 жылға арналған маңызды экологиялық аспектілер тізілімі (19.02.2014 ж.).

Экологиялық тәуекелдерді басқару, сонымен қатар нысаналы және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар «KEGOC» АҚ 2014 жылғы Экологиялық бағдарламасында көрсетілген. Экологиялық бағдарламаны орындау нәтижесі «пайдаланылған трансформатор майы» және «металл сынықтары» экологиялық аспектілерінің әсерін азайту, сонымен қатар экология саласындағы мақсаттарға қол жеткізу – трансформатор майының тұрақты көздерінен шығарындылар көлемін азайту болып табылады.

«Пайдаланылған трансформатор майы» және «металл сынықтары» экологиялық аспектілерінің әсерін азайту үшін 2014 жылы аталған өндірістік қалдықтарды шығаруға орталықтандырылған шарттар жасалды және олар орындалуда, 24 тонна пайдаланылған трансформатор майы, 924 тонна қара және түсті металл сынықтары шығарылды.

Тұрақты көздерден болатын ластайтын заттардың жаппай шығарындылары (нормативтерге қатысты) 18 %-ға азайтылды. Шығарындыларды азайту мақсатында операциялық мониторинг (өндірістік процестер мониторингі) жүргізу – әр жабдық бірлігінің жұмыс істеген сағаттар саны мен материалдар шығынын есепке алу жолымен шығарындыларға бақылау жүргізілді. Шығарындыларды азайту («KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ», «Алматы ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдары) мамандандырылған ұйымдар жасалған шарттарға сай өткізген өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелерімен расталды.

Ақтөбе ЖЭТ филиалында «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең» жобасын іске асырған кезде ЖЭТ филиалдарының қосалқы станцияларында майлы ажыратқыштарды элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру үшін және жеке қажеттілік трансформаторларын құрғақ трансформаторға ауыстыру үшін бөлшектеу жұмыстарын орындау арқылы қолданылатын трансформатор майының көлемі 366 тоннаға төмендетілді.

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында өндірістік қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мен тұтыну шаралары және оларды бұдан әрі кәдеге жарату үшін уақтылы шығару қамтамасыз етілді. 2014 жылы бөлек-бөлек кәдеге жарату үшін қалдықтар тізбесі кеңейтілді: автомобиль шиналары және басқа да резеңке-техникалық бұйымдар, пайдаланылған өнеркәсіптік және мотор майлары, майлы қалдықтар мен топырақ, автошаруашылық қалдықтары, пайдаланылған ұйымдастыру техникасы, картридждер және басқа да өндірістік қалдықтар. Қалдықтарды уақытша қауіпсіз және бөлек сақтауға арналған орындар анықталып, объектілердің аумағында қалдықтарды орналастырудың сипаттамасы бар карта-схемалар дайындалды.

Сертификаттау жөніндегі органның тексеру қорытындылары (сертификаттау аудиті) бойынша 2014 жылы экологиялық менеджмент жүйесі шеңберінде Компания қызметінің ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты алынды.

2015 жылы «Құрамында ПХД бар қалдықтар», «пайдаланылған трансформатор майы», «металл сынықтары» экологиялық аспектілері маңызды болып табылады.

Құрамында ПХД бар қалдықтар» аспектісінің маңыздылығы полихлорлы дифенилдің қауіпті зат болып табылатынымен, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес ПХД қалдықтар қауіптіліктің қызыл деңгейіне жататынымен негізделген.

2014 жылы «KEGOC» АҚ қосалқы станциясы жабдығындағы ПХД-ны анықтау жөніндегі жұмыстар шеңберінде ПХД-мен ластанған электр жабдығы анықталды. Осылайша, Компанияда қауіпті экологиялық объектілер пайда болды. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес құрамында ПХД бар жабдықты қауіпсіз сақтауды ұйымдастыру қажет, бұл аталған қауіпті қызмет түріне экологиялық рұқсат алуды көздейді. Бұл үшін ЖЭЖТ филиалдарының бюджетінде мамандандырылған ұйымдардың қалдықтарды орналастыру нормативтерін, қауіпті қалдықтар паспортын әзірлеуіне, міндетті экологиялық сақтандыру полистерін алуына, сонымен қатар қажетті жеке қорғаныс құралдары мен аталған жабдыққа қызмет көрсету құралдарына арналған қосымша шығыстарды қарастыру қажет.

«Пайдаланылған трансформатор майы» мен «металл сынықтары» аспектілеріне келетін болсақ, олар маңызды емес деп танылды, себебі «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең» жобасын іске асыру кезінде майды және металл сынықтарын жоспарлы іске асыру майдың құрамындағы ПХД қалдықтарына талдау жүргізгенге дейін кейінге қалдырылды. Талдаулар 2014 жылдың соңына дейін жүргізілді.
«KEGOC» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет көрсеткіштері

Электр желілері мен қосалқы станциялар жұмыс істеген кезде қоршаған ортаға әсердің негізгі көздері мыналар болып табылады:

– өнеркәсіптік жиіліктің электр магниттік өрісі, одан қорғану санитарлық-қорғаныс аймақтарын, қосалқы станцияларда тұрақты қорғаныс құрылғыларын құруды және персоналды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді көздейді;

– желілер мен қосалқы станцияларға пайдалану жөнінде қызмет көрсету кезінде ЖЭТ филиалдардағы инфрақұрылымдардың шаруашылық қызметі; сонымен қатар көлемдері бойынша пайда болған маңызды емес шығарындылар мен лақтырындылар саны қоршаған ортаға эмиссиялардың әзірленген нормативтерімен регламенттеледі;

– қосалқы станциялардың белгіленген тәртіпте кәдеге жаратылатын жабдықтарын жөндеген және жаңғыртқан кезде пайда болған өндіріс қалдықтары;

– ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі іске асырылатын жобалардағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері: «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең», «220кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ні қайта құру, «500 кВ Екібастұз-ШГЭС (Семей)-Өскемен ӘЖ-ні салу», «500 кВ Қазақстан-Қырғызстан ӘЖ мемлекетаралық электр жеткізу желілерін салу»; «Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту»; «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдарының «ҰЭТ оңалту»; «Балқаш АЭТ қуатын беру».


Шығарындылар мен лақтырындылар нормативтерінің жобаларын әзірлеу

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық органдарымен атмосфераға шекті рұқсат етілетін шығарындылары (ШРШ) мен ластайтын заттардың шекті рұқсат етілетін лақтырындылары (ШРЛ) нормативтері әзірленіп, келісілді, бұл нормативтерде шығарындылар мен лақтырындыларды техникалық негізделген мәндерге дейін жеткізу жөніндегі іс-шаралар белгіленді. Жаңа нормативтер қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін (қолданыс мерзімі Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген – 5 жыл) немесе табиғатты пайдалану шарттары өзгерген жағдайда әзірленеді.

2014 жылы «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдары мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, ШРШ нормативтерін әзірледі.
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдары ШРШ мен ШРЛ жобалары негізінде тұрақты көздерден болған шығарындылар мен қоршаған ортаға лақтырындыларға рұқсаттарды аумақтық қоршаған ортаны қорғау бөлімшелерінен алады. Қалдықтарды орналастыруға рұқсат талап етілмейді, себебі қалдықтарды орналастыруға рұқсаттарды теңгерімдерінде өндірістік және тұтыну қалдықтары орналастырылатын арнайы жерлері (полигондары және т.б.) бар заңды және жеке тұлғалар алады.



Атмосфералық ауаға әсер

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында ШРШ нормативтеріне сай зиянды заттар шығарындыларының (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) тұрақты көздері белгіленді. 2014 жылға ластайтын зарттардың шығарындылары лимиті (норматив) 1-кестеде берілген.


1-кесте

т/жыл

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалының атауы

Объектілер орналасқан жер

Шығарындылар

«Ақмола ЖЭТ»

Астана қ.

2,101

Ақмола облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

«Ақтөбе ЖЭТ»

Ақтөбе облысы

3,577

Батыс Қазақстан облысы

«Алматы ЖЭТ»

Жамбыл облысы

2,734

Алматы облысы

Алматы қ.

«Шығыс ЖЭТ»

Шығыс Қазақстан облысы

7,437

«Батыс ЖЭТ»

Атырау облысы

0,431

Маңғыстау облысы

«Сарыбай ЖЭТ»

Қостанай облысы

2,175

«Солтүстік ЖЭТ

Павлодар облысы

0,12

«Орталық ЖЭТ»

Қарағанды облысы

8,347

«Оңтүстік ЖЭТ»

Оңтүстік Қазақстан облысы

2,644

Қызылорда облысы

Жамбыл облысы

Барлығы:

29,566

Тұрақты көздерден болған шығарындыларды және олардың атмосфералық ауаға әсерін азайту үшін «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында операциялық мониторинг (өндірістік процестер мониторингі) жүргізілді – әрбір жабдық бірлігінің жұмыс істеген сағат саны мен материалдар шығындары есепке алынды. Мамандандырылған ұйымдар жасалған шарттарға сай өндірістік экологиялық мониторинг жүргізген кезде тұрақты көздерден болатын шығарындылар есептеу немесе тиісті зертханалық өлшемдер жүргізу жолымен анықталады. Тұрақты көздерден болатын ластайтын заттардың жаппай шығарындылар көлемі 2014 жылы 24,27 тоннаны құрайды, бұл олардың 2014 жылға белгіленген нормативтерге қатысты 18 %-ға төмендегенін білдіреді (2-кестені қараңыз). Жылжымалы көздерден болған шығарындылар есептелмейді, есептемеде пайдаланылған отын көлемі көрсетіледі. Жасалған шарттарға сәйкес автокөлікке атмосфера шығарылатын пайдаланылған газдардың улылығы мен түтіндігі деңгейіне тексерілді.

2-кесте – 2014 жылғы тұрақты көздерден болған шығарындылар

т/жыл


«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалының атауы

Тұрақты көздерден болған шығарындылары

жоспар

факт

Ақмола ЖЭТ

2,1014

2,1014

Ақтөбе ЖЭТ

3,5769

0,2174

Алматы ЖЭТ

2,7338

2,7173

Шығыс ЖЭТ

7,4372

7,4372

Батыс ЖЭТ

0,4312

0,4230

Сарыбай ЖЭТ

2,1753

2,1753

Солтүстік ЖЭТ

0,1198

0,1198

Орталық ЖЭТ

8,3467

8,3467

Оңтүстік ЖЭТ

2,6436

0,7344

Барлығы:

29,5658

24,2724


Улы газдар

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес 2014 жылы «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында 2013 жылы Компанияның қызметі шеңберінде қоршаған ортаға шығарылған улы газдарға түгендеу жүргізілді. Автокөліктен, резервтік қоректендіруге арналған қондырғылардан, элегаздық ажыратқыштардан болатын улы газдардың шығарындыларына есеп жүргізілді. Улы газдарды түгендеудің 16 паспорты әзірленді, олар ЖЭТ филиалдары объектілерінің орналасқан жерлері бойынша аумақтық Экология департаментінде тіркелді.

Улы газдардың шығарындылары есептерінің қорытындылары 3-кестеде келтірілген.
3-кесте

(эквивалент тоннасы, СО2)

Улы газдардың атауы

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Көміртек диоксиді (СО2)

13085,44

12382,72

12752,84

12710,49

11802,66

12299,47

Метан (СН4)

79,52

71,78

75,96

79,68

74,10

68,09

Азоттың шала тотығы (N2O)

191,58

182,73

192,98

147,84

146,70

171,47

Күкірт гексафториді (SF6)

9665,89

9397,78

9579,74

9632,30

10160,13

10457,89

Барлығы:

23022,43

22035,01

22601,51

22570,31

22183,59

22996,92

«Мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын улы газдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.05.2012 ж. № 655 қаулысына сәйкес, бұлар СО2 көміртегінің қостотығы және СН4 метаны блып табылады. «KEGOC» АҚ-да 2008-2013 жылдары өткізілген автокөліктен және дербес энергия көздерінен шығарылатын улы газдарды түгендеу нәтижесінде (көлемі шамалы) СО2 және СН4 шығарындылары тұрақты (жылына 13 мың теңге). Осыған байланысты «KEGOC» АҚ-ны Улы газдар шығарындыларына квота бөлу жөніндегі 2014 жылға арналған ұлттық жоспарға сай улы газдарды квоталау талаптарын қамтымайды.



Өндіріс қалдықтары

«KEGOC» АҚ қалдықтарды басқарған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін және СТ KEGOC 00-601-11 «KEGOC» АҚ-да қалдықтарды басқару» Ұйым стандарын басшылыққа алады. Түрлеріне қарай қалдықтар өндірістік және тіршілік процесінде пайда болған коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар деп бөлінеді. Қалдықтар тізбесі мен олардың қауіптілік деңгейі қажеттілігі шамасына қарай жаңғыртылады. «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдары жыл сайын қалдықтардың әр түрі үшін қалдықтар паспортын әзірлейді немесе түзетеді: пайда болған жері, сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша қалдықтардың пайда болу процестері стандартталған сипаты, оларды пайдалану ережелері, бақылау әдістері, осы қалдықтардың қоршаған ортаға әсер ету түрлері, қалдықтарды шығаратындар туралы мәліметтер берілген құжаттар. 2014 жылы қалдықтар паспорттарын «Ақтөбе ЖЭТ» және «Шығыс ЖЭТ» филиалдары әзірледі.

Түрлеріне қарай пайда болатын қалдықтар өндірістік және тіршілік процесінде пайда болған коммуналдық (қатты тұрмыстық қалдықтар) қалдықтар деп бөлінеді.

«KEGOC» АҚ-дағы негізгі өндіріс қалдықтары – бұл жабдықты пайдалану, жөндеу және жаңғырту процесінде пайда болған трансформатор майы мен металл сынықтары. Өндірістік қалдықтар жабыны қатты арнайы жабдықталған алаңдар мен бөлме жайларда сақталады. Әр қосалқы станция үшін қалдықтарды орналастырудың карта-схемасы әзірленді.

Қауіптілік деңгейі бойынша барлық қалдықтар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сай былайша бөлінеді:

- «жасыл» - индекс G (қауіпсіз);

- «кәріптас түсті» - индекс А (қауіпті);

- «қызыл» - индекс R (қауіпті).

Компанияда анағұрлым қауіптілері құрамында сынап бар қалдықтар (пайдаланылған люминистценттік шам) болып табылады. Олар «кәріптас түсті» қауіптілік деңгейіне жатады. Құрамында сынап бар қалдықтарды басқару мақсатында «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында қалдықтар паспорттары әзірленді, бейтапартандыру құралдары бар жекелеген бөлме жайларда қауіпсіз сақтау қамтамасыз етілген (шартты негізде). Құрамында сынап бар бөлме жайларға кіру шектелген, рұқсаты бар қызметкерлер аталған қалдықтарды бейтараптандыру әдістеріне үйретілген. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша аварияға қарсы жаттығулар жүргізген кезде міндетті түрде люминисцентті шамдармен болған авариялық жағдайлар (сыну) бойынша тақырып енгізіледі.

2014 жылы «KEGOC» АҚ бөлімшелерінде 2806 т қалдық пайда болды:

- тұрмыстық қатты қалдықтар – 944 т;

- трансформатор майы – 265 т;

- қара және түсті металл сынықтары – 914 т;

- құрамында сынап бар қалдықтар – 2 т;

Басқадай қалдықтар (құрылыс және басқадай қалдықтар) – 681 т.

Жасалған шарттарға сай олардың ішінде полиондарға 944 т орналастырылды, 283 т қалдық қайтадан пайдалану үшін кәдеге жаратуға өткізілді, бұл ретте кәдеге жарату шығындары мынаны құрады:

құрамында сынап бар қалдықтар - 687 мың теңге;

олардың түрлері бойынша өнеркәсіптік қалдықтар - 9027 мың теңге;

тұрмыстық қатты қалдықтар - 5407 мың теңге.

Трансформатор майы мен металл сынықтарының көп бөлігін мамандандырылған ұйымдар іске асырды.

ТҚҚ, трансформатор майы мен металл сынықтарын шығару жөніндегі шарттар тізбесі 15-қосымшада келтірілген.
Суды тұтыну және суды бұру

Компанияның тұтынған су көлемдері шамалы, себебі технологиялық процесте су қолданылмайды.

Суды тұтыну және суды бұру ЖЭТ филиалдары мамандандырылған ұйымдармен жасаған шарттарға сәйкес жүргізіледі (16-қосымша). «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарының объектілеріндегі пайдаланылатын ұңғымалар алынған рұқсаттарға сай пайдаланылады. «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Алматы ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының объектілерінде артезиан суымен жабдықтайтын жерлер бар. Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес тұрақты негізде мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ұңғымалардың тоғанында жер асты суларына мониторинг жүргізіледі.

Нормативтерге сәйкес тәулігіне 50 м көп суды алған кезде әзірленетін ЖСҚ шекті рұқсат етілген лақтырындылар нормативтеріне сәйкес «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» және «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарында ағын су лақтырындылары жүзеге асырылады. «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалында 1150 кВ «Қостанай» ҚС шаруашылық-тұрмыстық қызметінен су шығаратын 1 жер бар, ағын сулар жинақтайтын арыққа түсіріледі, ол 400 м орналасқан және ағынсыз болып табылады: су ары қарай пайдаланылмайды. «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалында өндірістік алаңдардан келетін 11 су шығаратын жерлер бар. Шаруашылық-тұрмыстық және жаңбыр суларының ағындары сүзетін құдыққа, жергілікті тазарту құрылыстарына және септиктерге келіп түседі.

«Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ пайдаланылған су үшін төлем жүргізеді; Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес 2ТП нысаны бойынша суды жинау, пайдалану және бұру туралы статистикалық есептеме жүргізіліп отырады – су шаруашылығы.
Су объектілеріне және топыраққа әсер

Ластанудың ықтимал көздері май толтырылған жабдықта қолданылатын трансформатор майлары, сонымен қатар шаруашылық қажеттіліктеріне суды пайдалану нәтижесінде пайда болған ағын сулар болып табылады. Май толтырылған жабдық май қабылдайтын құрылғылармен немесе тұғырықтармен жарақтандырылған. Бұл майдың топыраққа түсуін болдырмайды. Май қабылдағыштарды бекіту қанағаттанарлық күйде.


Энергия тұтыну

Компания объектілерін электрмен жабдықтау тараптық көздерден жүзеге асырылады.

Компанияның энергия тұтынуы екі құрауыштан тұрады: энергия тұтынудың көп үлесін құрайтын жеткізуге жұмсалатын технологиялық шығыс (ысырап) және шаруашылық қажеттіліктерінде тұтыну.

Энергиямен жабдықтау тұрғысынан алғанда электр желілері бойынша жеткізуге жұмсалатын электр энергиясының технологиялық шығысын азайту іс-шаралары анағұрлым әсер береді. Сонымен қатар, электр энергиясының технологиялық ысыраптары – бұл электр желілері бойынша электр энергиясын жеткізу кезінде болған сымдар мен электр жабдықтарындағы физикалық процестермен негізделген электр энергиясының ысыраптары және сәйкесінше, электр желілеріндегі электр энергиясының ысыраптарын азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен ендірудің негізгі мақсаты электр энергиясының техникалық ысыраптарының физикалық мәнін олардың оңтайлы деңгейіне дейін жеткізу болып табылады.

2014 жыл қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр энергиясын жеткізген кезде электр энергиясының техникалық шығысы (электр энергиясының ысырабы) 2,58 млрд. кВт·сағ. құрды, бұл ТМРА 2014 жылы бекіткен нормативтік мәннен кем (2014 жылға арналған норматив 2,91 млрд. кВт·сағ.).

«KEGOC» АҚ желісіндегі электр энергиясының нақты ысыраптары 2014 жылы 2 576,087 млн. кВт·сағ. немесе электр энергиясын желіге босатудың 6,02 %-ын құрайды.

Ысыраптарды азайту жөніндегі іс-шараларды орындау нәтижесінде 2014 жылы электр энергиясы шығындарын азайту 4,756 млн. кВт·сағ. құрды (4-кесте).
4-кесте

млн. кВт сағ.


2013 жылы энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар

Іс-шаралардан болған әсер

Шағын жүктемелер режимінде желілердің ажыратылуы

0,173

Шағын жүктемелер режимінде күштік трансформаторлардың ажыратылуы

4,583

Барлығы «KEGOC» АҚ бойынша

4,756


Қоршаған ортаға физикалық әсер

Өнеркәсіптік жиілік, шу, діріл, ұйымдастыру техникасынан болатын сәуле және т.б. физикалық факторлардың электр магниттік өрісі қоршаған ортаға физикалық әсер етеді. Қосалқы станциялардағы электр өрісінің кернеулігін, шулар мен басқа да физикалық факторларды өлшеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау шеңберінде кестелерге сай жүргізіледі. Жабдықтар (ауыстырған, жаңғыртқан және т.б. кезде), қосалқы станциялардың бас электр схемалары; ЭЖЖ кірмелері мен шығыстарының құрылымдық ерекшеліктері және өлшем түрлері өзгерген жағдайда электр өрісі мен шулар кернеулігіне кезектен тыс өлшемдер жүргізіледі. Ұйғарынды деңгейлерден асқан жағдайда тиісті қорғаныс іс-шаралары әзірленеді.

«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының объектілерінде электр өрісі, шу, діріл кернеулігін өлшеу 02.09.2014 ж. № 244-22 «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қызметі» шартына сай орындалған. Шарт талаптарына сай жұмыс орындарында химиялық және физикалық факторлар анықталды, электр өрісі, жарықтандыру, діріл мен шу кернеулігіне өлшемдер жүргізілді. Нормативтен ауытқушылықтар анықталған жоқ.

2014 жылғы 2-тоқсанда «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалында жұмыс орындарын аттестаттаған кезде 146 жұмыс орындарында электр өрісі, шу мен басқа да физикалық факторлардың кернеулігіне өлшемдер жүргізілді. Аттестаттау қорытындылары бойынша 18.07.2014ж. бекітілген еңбек жағдайларын жақсарту және оңалту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.


Жабдықтарды құрамында ПХД болу нысанына түгендеу

2014 жылы «Жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларына» (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 24.02.2012ж. № 40-п бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Қағида)) сәйкес «KEGOC» АҚ қосалқы станцияларының жабдықтарындағы ПХД анықтау жұмысы жалғастырылды.

ЖЭТ филиалдары құрамында ПХД бар жабдықтарды есепке алу тізілімін жаңғыртты, тізілімдер 2014 жылғы 1 және 4-тоқсандарда аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарына тапсырылды.

Бұдан әрі зертханалық зерттеулер жүргізу үшін май сынамаларын алу ЖЭТ филиалдарында бекіткен кестелерге сай жүргізілді. «KEGOC» АҚ Бюджет комитетінің 04.04.2014 ж. № 6 хаттамасымен диэлектрлік сұйықтықтарға құрамында ПХД болуына талдау жүргізу шығындары бекітілген. 2-тоқсанда зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қызметтерді сатып алуға ашық тендер өткізілді, «ЭкоНус» ЖШС ашық тендер жеңімпазы болды. Зертханалық талдаулар жүргізу үшін «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында электр жабдықтарынан 6041 диэлектрлік сұйықтықтар алынды. Зертханалық талдаулар нәтижесі бойынша «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ» және «Солтүстік ЖЭТ» филиалдарының қосалқы станцияларында ҰЭТЖ-2 жобасы бойынша алынған жабдықтардың жалпы санының 22 бірлік электр жабдығының диэлектрлік сұйықтығы ПХД-мен ластанды. Аталған құрамында ПХД бар жабдық бұдан әрі жою жөнінде шешім қабылдағанға дейін уақытша қауіпсіз сақталуы тиіс. Құрамында ПХД болуына зертханалық талдау жүргізу 2015 жылы жалғастырылады деп жоспарлануда.


Экологиялық төлемдер

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер белгіленген мерзімдерге сай жүргізіледі. Қоршаған ортаны тұрақты көздерден болған шығарындылармен және «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» кейбір филиалдарында лақтырындылармен ластағаны үшін төлемдер өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша немесе нақты шығарындылар мен лақтырындылар есебінің негізінде жүргізіледі. Атмосфералық ауаны автокөліктен болған шығарындылармен ластағаны үшін төлемдер отынның нақты қолдану фактісі бойынша есептік деректер негізінде жүзеге асырылады. Төлемдер есептік тоқсаннан кейінгі тоқсанның ортасына дейін жүргізіледі.

Қоршаған ортаға эмиссияға экологиялық төлемдер 2014 жылы 4312,084 мың теңгені құрайды.
Қызметтің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі

2014 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының қызметі кезінде экологиялық заңнама талаптарының сақталуына инспекторлық тексерістер жүргізілді. Тексерістер қорытындылары бойынша қалдықтармен жұмыс жөніндегі кейбір экологиялық талаптар орындалмағаны анықталды. Ескертулерді ЖЭТ филиалдары белгіленген мерзімде жойды. Тексеру «Алматы ЖЭТ» филиалында да жүргізілді, бұзушылықтар анықталмады.

«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалында тексеру барысында Астана қаласы бойынша шаруашылық қызмет процесінде 26.03.2011 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін 500 кВ «ОБТҚ» ҚС жабдықтарынан ГК пайдаланылған трансформаторлық майына қауіпті қалдықтар паспорты әзірленбегені анықталды. Ескерту көрсетілген мерзімде жойылды.

«Шығыс ЖЭТ» филиалында табиғатты қорғау заңнамасын сақтау бойынша жоспарлы тексерулер өткізілді. Тексерулер қорытындылары бойынша филиалда қалдықтарды орналастыру нормативтері жоқ екені анықталды. Филиал бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

«Оңтүстік ЖЭТ» филиалында ОҚО бойынша Экология департаментінің жоспарлы тексеруі өткізілді. Тексеру қорытындылары бойынша үш ескерту анықталды:

- 2013 жылға ОҚО бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауы;

- 500 кВ «Шымкент» ҚС, 220 кВ «Кентау» ҚС мен 220 кВ «Ванновка» ҚС өнеркәсіптік алаңдарында жүргізілген өлшемдер нәтижелері бойынша сүзу септиктеріне ластайтын заттардың нормативтен тыс лақтырындыларына жол берілген;

- 220 кВ «Шымкент» ҚС-дағы 0,075 м3 пайдаланылған трансформатор майының жерге төгілуіне жол берілген.

«KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы директорының 12.08.2014ж. № 668 бұйрығымен бекітілген түзету және алдын алу іс-қимылдары бойынша жоспар әзірленді. Іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалды.

«Алматы ЖЭТ» филиалында Алматы облысы бойынша Экология департаменті Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан объектілерге инспекциялау органдары тексеру жүргізді. Бұзушылықтар анықталмады.



Экологиялық тәуекелдер

«KEGOC» АҚ 2014 жылғы барлық экологиялық тәуекелдері басқарылатын жағдайда тұр, тәуекелдерді талдап тексеру «KEGOC» АҚ экологиялық аспектілері тізілімінде анықталған.

Экологиялық тәуекелдерді басқару, мақсатты және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жыл қорытындысы бойынша орындалған «KEGOC» АҚ 2014 жылға арналған Экологиялық бағдарламасында көзделген. 2014 жылы «трансформатор майы», «пайдаланылған май», «металл сынықтары» экологиялық аспектілері «ҰЭТ-ты жаңғырту-2» жобасы шеңберінде май толтырылған жабдықты ауыстыруға байланысты маңызды болып табылды. Жеке қажеттілікке арналған трансформаторлар құрғақ трансформаторларға, майлы ажыратқыштар элегаздық немесе вакуумдық ажыратқыштарға ауыстырылды. Майсыз жабдықты қолдану экологиялық болып табылады, өрт қауіпсіздігі артады, жерасты сулары мен топырақ ластанбайды.

Көп бөлігі бөлек жиналып, сақталған, бұдан әрі кәдеге жарату немесе көму үшін уақтылы шығарылған өндірістік және тұтыну қалдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу шаралары, физикалық факторлар мен басқа да экологиялық факторлардың зиянды әсерін жою шаралары қабылданды.

ТБЖ Б 00-200-10 «KEGOC» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі басшылыққа» сәйкес экологиялық тәуекелдерді басқару іс-шаралары шеңберінде жабдыққа экологиялық қауіпсіздік мониторингі жүргізіледі.

Май толтырылған жабдық май қабылдайтын құрылғылармен жабдықталған, ал әр объект авариялық жағдайда майдың ағып кетуін болдырмау үшін май жинағышпен толықтырылған; көлемі шағын май толтырылған жабдық үшін тұғырлар жасалған.

«KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында ТҚҚ мен өндірістік қалдықтар уақтылы шығарылып тұрды. Есептеу және құрал әдісімен өндірістік экологиялық мониторинг жүргізген кезде тұрақты көздерден болатын ластайтын заттардың шығарындылары анықталады.

2014 жылы «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдары бағдарламалар дайындап, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша аварияға қарсы жаттығулар жүргізді, олар мынадай мәселелерді қамтиды: май төгілген кезде әрекет ету, трансформатор майының авариялық сыртқа ағып кетуі және тұтануы, іске қосылған күйінде майы ағып кеткен майлы ажыратқыштың сақтандыру клапанының іске қосылып кетуі, құрамында сынап бар шамдардың сынуы, ажыратқыштарда элегаз қысымының төмен түсуі және т.б.).

Жабдықтар мен электр жеткізу желілерінен пайда болған электрмагниттік сәуле мен шулардың әсері мен олардан қорғануды есепке алу үшін бес жылда бір рет жұмыс орнындағы электр өрісі мен шулардың кернеулігін өлшеу жоспарланып отыр. Қосалқы станциялардағы өріс кернеуі нормалары артқан жағдайда көрсеткіштерді азайту шаралары – жұмыс орындарын экрандау жүзеге асырылады: арқансым экрандары, экрандайтын күнқағарлар, басқару шкафтарының үстіндегі аспалар, вертикалды экрандар және т.б., шу деңгейі артқан жағдайда шуды басатын құлаққаптар қолданылады.

ЖЭТ филиалдарының объектілерінде май жүйелерінің тығыз болмауы, бекіту кермелерінің босауынан майдың сыртқа ағуы, май толтырылған жабдықтардағы шығатын жерлердің бүлінуі арқылы майдың сыртқа ағып кету фактілерін анықтау үшін жабдықтарды аралап, тексеру жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Шығыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарында ҚТ күнін өткізген кезде филиал комиссиялары экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі энергетикалық объектілердің жай-күйіне тексерулер жүргізіледі, тексеру қорытындылары бойынша ескертулер жұмыс орындарын тексеру және ақаулық журналдарында, ҚТ күні актілерінде тіркеледі. Тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жою іс-шаралары тексеру барысында жүзеге асады немесе филиал бөлімшелерінің айлық жұмыс жоспарларына енгізіледі.

Соңында барлық аталған іс-шаралар тәуекел жағдайлардың азаюына әкеледі және персоналдың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірілуін болдырмайды.


Экологиялық мониторинг

Заңнама талаптарына және аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары бекітіп, келіскен өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларына сәйкес «KEGOC» АҚ «ЖЭТ» филиалдарында атмосфералық ауа, су ортасы және топырақтың өндірістік экологиялық мониторингі мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттарға сай жүргізіліп отырады.

Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша тұрақты көздерден болатын шығарындылар 2014 жылға белгіленген нормативге қатысты 18 %-ға азайтылды.
Оқыту

Компанияның экология мәселесіне жауапты персоналды оқыту тұрақты түрде жүргізіледі, бұл персоналдың өз міндеттері туралы хабардар болуын және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жауапкершілікті арттырады.

2014 жылғы маусымның 9-ы мен 13-і аралығында Оқу орталығында (Қатаркөл кенті) «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың қазіргі заманғы үрдістері. Компанияның экологиялық менеджменті жүйесін үздіксіз жақсарту» тақырыбына корпоративтік семинар-тренинг өткізілді. ЖЭТ филиалдары мен Атқарушы дирекцияның 12 қызметкері қатысты. Семинар аяқталған соң қатысушылар белгіленген үлгідегі сертификаттар алды.
Инвестициялық жобаларды іске асыру барысындағы табиғатты қорғау іс-шаралары

ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі жобаларды жоспарлаған кезде – электр желілік объектілерді салу мен жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларда, техникалық тапсырмаларға жобаларды жобалау және іске асыру кезінде экологиялық заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар енгізіледі.

Экологиялық басқару жоспарына сәйкес «Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-ына жалғанатын 500 кВ Алма ҚС-ны салу» жобасын іске асырған кезде табиғатты қорғау іс-шаралары орындалды және «KEGOC» АҚ Табиғатты қорғау және әлеуметтік іс-шаралары жоспарына сәйкес «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ қайта құру» жобасын іске асырған кезде мониторинг жүргізілді.

Мынадай экологиялық бөлімдер қаралып, келісілді:

- «500кВ Қазақстан-Қырғызстан мемлекетаралық электр жеткізу желісін салу» жобасы ТЭН алдҚОӘБ;

- «500 кВ Екібастұз-Семей-Өскемен ӘЖ-ні салу» жобасының объектілері бойынша ҚОӘБ;

- «Павлодар энергетикалық торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» жобасының объектілері бойынша алдҚОӘБ;

- «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдарының «ҰЭТ оңалту» алдҚОӘБ;

- «Балқаш АЭТ қуатын беру» алдҚОӘБ.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында және Жамбыл облысының Жуалы ауданында «ҰЭТ-ты жаңғырту. ІІ кезең» жобасы шеңберінде «220кВ «Түлкібас-Бурное (т)» ӘЖ салу» жобасының ҚОӘБ-сы жөнінде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылып, өткізілді. (17-қосымша)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет