03.02.2017 жылы «Балдырған» балабақшасының Балауса тобының тәрбиешісі Исламханова Г.Ш драмадан «Ертегіні тауып көр» атты ашық сабақ өткізілді.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ертегіні тауып көр»
Мақсаты:
а) Балаларды әртүрлі ертегілерді танып білуге, ертегіні мазмұндауға үйрету және ертегіге деген қызығушылығын арттыру.
ә) Есте сақтау қабілеті мен тіл байлығын дамыту;
б) Балаларды достық сезімге, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ертегілердің суреттері,үлестірмелі материалдар,бейнетаспа.
Билингвальді компонент: ертегі- сказка, бауырсақ- калабок, шалқан- ребка
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Кіріспе
Шаттық шеңбер:
Балабақша әдемі,
Балалардың әлемі.
Орындық пен үстелге,
Отырамыз әдемі.
Негізгі бөлім:
-Балалар, бүгін біз ертегілерді еске түсіріп көрейікші. Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Әрине, барлық балалар ертегіні жақсы көреді.
-Балалар, есікті біреу қағып тұрған сияқты, кім екен?
Тосын жағдай:
Топқа ертегі кейіпкерлері Ешкі, қоян, ата кіреді.
-Салеметсіңдерме, балалар!
-Балалар, бізге сендердің көмектерің керек боп тұр.
-Көмектесесіңдер ме?
-Біз өзіміздің қай ертегіден екенімізді ұмытып қалыппыз, ертегі еліне бара алмай жүрміз.
- Айтыңдаршы мен кіммін?
Балалар жауабы: Ешкісіз
-Қай ертегіге барайын?
-Балалар жауабы: «Жеті лақ» ертегісіне барыңыз.
-Мен кіммін? –деп, қоян сұрайды.
-Қоянсыз.
- Сіз «Бауырсақ» ертегісіне барыңыз.
-Ал, мен қайда барамын?- деп, ата сұрайды.
-Сіз ата «Шалқан» ертегісіне барыңыз.
-Балалар, рахмет сендерге біз енді ертегілер еліне қайтамыз.
Ешкі: балалар жаңа осында келе жатқанда жолдан бір қорапша тауып алдым. Ішінде тәтті кәмпиттер бар екен, тапсырмаларды орындасаңдар, осы кәмпиттерді аласыңдар.
- Сау болыңдар, балалар!
Балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба?
Бізге үш тапсырма беріпті. Алғашқы тапсырманы орындайық.
1- тапсырма
-Балалар, «Бауырсақ» «Жеті лақ» «Шалқан» ертегілерін есімізге түсіріп көрейікші, осы ертегілерді айтып беріңдер дейді.
Алдымен «Бауырсақ» ертегісін бастайық.
-Мен ертегіні бастап берейін, қалғанын сендер жалғастырып айтыңдар.
«Жеті лақ» ертегісін оқып беріп, қалғанын балалар жалғастырады.
Сергіту сәті:
Музыкалық әуен арқылы балалар аң құстардың қимылын салып билейді.
2-nапсырма:« Тауып көр»
Балаларға тапсырма беру.
Иогурт қорапшаларының сыртына «Бауырсақ» «Жеті лақ» «Шалқан» ертегілерінің кейіпкерлері жапсырылған. Сол кейіпкерлерді рет-ретімен үстел үстіне орналастырып қою.
3-тапсырма
Балаларға бейнетаспа арқылы көптеген ертегілердің суреттерін көрсетіп, етегілердің атауларын сұрау.
Қорытынды:
-Балалар, бүгін біз қандай ертегілерді есімізге түсірдік?
Балалардың жауабы: Бауырсақ, Жеті лақ, Шалқан.
Осы ертегілердің қайсысын өзіміз ойнап бердік?
Балалар жауабы: «Шалқан» ертегісін ойнадық.
Ертегі әлемінен кімдер келді?
Балалар жауабы: Ешкі, ата, қоян.
Қандай ертегілердің кейіпкерлерін білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар балалар, біз келесі де басқа да ертегілерді біліп, танысып үйренеміз. Сендерге көп-көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |