«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Адемі безендірілген залға, Балалар әуен ырғағымен мерекеге сай адемі киініп, қолдарына жылтырауық ұстап киріп билейді.
Жүргізуші:
Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұжымдастар!
Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер. Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық.
Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін.
Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын.
Кел,, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де билерде бар.
Шырша тойына балалар өз өнерлерін ала келіпті.
Балалар жаңа жылдық тақпақтар айтады.
1.Боранмен буып белді,
Жаңа жыл тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді.
2.Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.
3.Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
4.Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.
Жүргізуші: Бүгінгі біздің Жаңа жылдық ұранымыз бір - бірімізбен дос болу. Олай болса бәріміз бір дауыспен аяз атаны шақырайықшы балалар 3рет Аяз ата деп дауыстайды. Сол кезде әуен ойналып сиқыршы кіріп келеді.
Жүргізуші: балалар аяз атаны шақырып еді қап бұл қалай болғаны деп таңырқайды.
Сиқырышы: мен келмесем мына шырша шамы жанбайды?
- Балалар шырша тойына сиқыршы да келіпті. Өзінің сиқырлы күшімен талайды достастырып, жамандықты жақсылықпен жеңе білген.
Сиқыршы: Жаңа жылдарыңызбен балалар, қонақтар деп алып қане шырша шамдарыңды жарқырат дегенде
Жүргізуші : Тоқта тоқта сиқыршы Сіз бізге көмектесіңізші біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы қайда жүргенін біліп бермейсіз бе?
Сиқыршы сиқырлы таяғымен сиқырлайды
Сахна ашылып қасқыр ешкінің үйін торуылдап жүреді. Ешкі себетін арқалап орманға кетіп бара жатады. Аяз ата орман ішін аралап келе жатып көріп қалады.
- Ей қасқыр, әлі торуылдап жүрсің бе Жаңа жылда барлық әлемде жақсылық, достық орнауы тиіс.
Сондықтан сен бұл қылығыңды қой. Жүр менімен балалар күтіп отыр, мерекеге барайық.
Жолда келе жатып ағаштың түбінде тығылып отырған түлкіні көріп қалады.
- Ей, қу түлкі енді кімді алдасам деп отырсың ба?
- Жүр бізбенен шырша тойына барайық, балалармен көңіл көтерейік.
Музыка ойналып Аяз ата ертегі кейіпкерлерімен шырша жанына келеді.
- Амансыздар ма балалар, қонақтар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын
Жүргізуші: Сәлематсыз ба Ата Балалар сізді асыға күтіп отыр. Бізге шырша шамын жағуға көмектесіңізші?
Аяз ата- Қане бәріміз бір дауыспен шырша шамдарыңды жарқырат деп айтайық. 3рет балаллар бәрі аяз атамен қайталайды.
Жүргізуші:Балалар аяз атамызға арнап «шырша» әнін айтып бермекші бірге тыңдайық. Аяз ата Кейіпкерлер бәрі балалармен шыршаны айналып ән айтады.
Аяз ата: Балалар мен орман ішінде келе жатқанда Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыңдар ма?
- Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап шақырайық.(Балалар дауыстайды)
Сиқыршы – Мен көмектесейін (сиқырлы әуен ойналады)
Музыка ойналып Ақшақар кіреді.
- Сәлематсыздар ма балалар, қонақтар. Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп Аяз атамнан адасып қалдым.
- Рахмет сиқыршы
Жүргізуші: - Ақшақар балалар сізді асыға күткен еді. АТА сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз.
Жүргізуші: – Біздің балалар сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетеді
Әлде қарлы боранды
Тау басынан түсті ме
Аяз ата оралды
Ақ тон киіп үстіне
Мұздан моншақ тағынып
Күміс алқа малынып
Ортада тұр Ақшақар
Көптен күткен сағынып
Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз қонақтарымызға және Аяз ата- Ақшақарға арнап «Аққала» биін ұсынады қарсы алыңыздар.
Ақшақар: - Ой мына балалар өнерлі екен. Менің де билегім келіп кетті ғой.
- Аяз ата балалармен ойын ойнаңызшы
Аяз ата балалармен «» ойынын ойнайды.
Жүргізуші: Балалар Жаңа жылымыз келгенше көңілді шырша тойымызды жалғастырайық.
ӘН «Шырша шамдары»
12 соғылған сағаттық дыбыс естіліп
Есік қағылып Жаңа жыл «Тышқан» кіреді.
Жүргізуші:Келді міне Жаңа жыл аппақ болып,
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып,
Ауламыздың тұсына қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып
Жүздерінен қуаныш нұрын төккен
Балбұл жанған беттерін аяз өпкен
Айналайын балалар қарсы алыңдар
Жаңа жылды асыға көптен күткен.
Жаңа тышқан жылы сөйлейді
Армысыздар балалар
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық Жақсылыққа бағыт алған
тышқанмын мен Жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл
Жаңа жылдың мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта
Бақыт жолды қолдаймын
- Қонысыңыз құтты болсын тышқан жылы
Қонарсыз төрімізге ырыс болып
(Аяз ата мен Ақшақар қоштасып шығып кетеді)
Аяз-ата балалар бізді басқада топ балаларын барып құттықтау керекпіз сағат болып қатты біз кетейік жаңа-жыл жаңа-бақыт акелсін барлықтарыңа сау болыңдар?
- ал енді балалар келіп жеткен Жаңа жылымызға арнап өз өнерлерімізді көрсетейік.
Балалар тақпақтар айтады.
Ойын «»кім жылдам
Жүргізуші: Біздің кішкентай бүлдіршіндер «Қуыршақ »биін билемекші тамашалаңыздар?
Жүргізуші:
Жаңа жыл бірлік берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып
Қуаныш шашу шашсын төрімізге
Жаңа жыл мерекесі осымен өз мәресіне жетті , от бастарыңызға береке-бірлік қуаныш бақыт акелсін, деп келесі кездескенше қош сау болыңыздар?!
Достарыңызбен бөлісу: |