Сценарийі жүргізуші :Қайырлы күн



Дата13.05.2022
өлшемі20,51 Kb.
#143072
түріСценарий
Байланысты:
сценарий жас маман


«Үйренейік, ізденейік, жас маман
Жас мамандар апталығының жабылу салтанатының
СЦЕНАРИЙІ

Жүргізуші:Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
«Үйренейік,ізденейік,жас маман атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
Жас мамандар апталығы да өз мәресіне жетті. Апта бойы әділ-қазылар жас ұстаздарды жан-жақты байқап, бүгін міне нәтижесін шығарады.


Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға музыка пәнінің мұғалімі Мамытбай Дәулет Сағатұлын шақырамыз.

Ән: «Мақтанамын»


Жүргізуші: Ортаға І -ші қатысушы Ташкараева Гүлзат Нурлановнаны шақырамыз
Ұстанымы: «Жүзігің алтын болғанша,жүзің жарқын болсын!»
Тәлімгері: Юсупова Венера Омирзаковна-ағылшын тілінің мұғалімі,ІІ саеатты мұғалім


Келесі қатысушы жас маман,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарманбаева Жазира Темирбековна
Ұстанымы: Желдің бағытын өзгерте алмасаң да,мақсатыңа жету үшін кемеңнің желкенін көтере аласың
Тәлімгері: Утебаева Жания Конисбаевна,педагог-зерттеуші


ІІІ-ші қатысушы бастауыш класс мұғалімі Сейтмағанбетова Айжан Жаймурзаевна
Ұстанымы: Білімді шәкірт -ұстаз еңбегінің жемісі
Тәлімгері: Жакина Клара Еркиновна,педагог-сарапшы


Соңғы қатысушымыз жас маман бастауыш класс мұғалімі Сағидуллақызы Гүлдариға
Ұстанымы: «Ақыл,қайрат жүректі бірдей ұста,сонда толық боласың елден бөлек»
Тәлімгері:Утебаева Гулзада Бакрадиновна,педагог-сарапшы


Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен
тағы да таныс болыңыздар.

1. Князбаева Айнур Куанышбаевна - мектеп директоры


2.
Жансүгірова Айнұр Ақылесқызы - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
3.
Карагулова Айнұр Итемгеновна - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  1. Дуйсмагамбетова Баянсулу Мырзагалиевна -бастауыш класс мұғалімі,педагог-зерттеуші

  2. Адилова Маржан Бозшаевна -география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші



Жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың
кезеңдерімен таныс болыңыздар.
І кезең - Ширату
ІІ кезең - Біле білген білімді
ІІІ кезең - Менің әдістемелік қобдишам
ІV кезең - Өнер көкке жеткізер

Жүргізуші:
Ендеше жас мамандарға сәттілік тілейміз.Алғашқы кезең-Ширату.
Бұл кезеңде қатысушыларға мақалдың алғашқы бөлігі айтылады, сіздер оны әрі қарай аяқтайсыздар.Білетін қатысушы қолындағы қағазды көтереді.
1. Екпей егін шықпас (Үйренбей білім жұқпас»)
2. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
3. Ақыл азбайды (Білім тозбайды)
4. Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ)
5. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болма, кішіден сұра)
6. Ақыл жас ұланнан (Жүйрік тай құнаннан)
7. Оқу білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
8. Ұқыптының тоңы тозбас (Ұқыпсыздың ісі оңбас)
9. Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады)
10.Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.

11.Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,
Білімінде.



«Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят )
Ескеріледі: - Жағдайды шешу шеберлігі
- Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы
- Түсінікті баяндауы
- Жедел әрі нақты жауап беруі
- Өзіне, жауабына сенімділігі


Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір - бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.


Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ал ол тапсырманы орындағысы келмейді де былай дейді: «Мен мұны істегім келмейді!» - Мұғалім әрекеті қандай болу керек?


Оқушы өзінің біліміне қанағатсыз, болашақта сол материалды түсініп кетуіне сенбейді. Ол сізге былай деп сұрақ қояды:
«Сіз қалай ойлайсыз, мен болашақта сыныптағы басқа оқушылардан қалмай жақсы оқып кете аламын ба?» - Мұғалім не деп жауап беру керек.

Сіздің сыныбыңыздағы оқушылардың тұрмыстық жағдайлары әр түрлі, сынып ішіндегі жағдайы жақсы балалар жағдайы төмен оқушыларды төмендедететінін байқадыңыз.


- Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Тоқсандық баға шығарғанда талас бағаны байқамай оқушыға төмен баға шығардыңыз. Әрі оны ұмытып кеттіңіз. Оқушының ата - анасы директорға шағымданып келеді, сізді шақырады.Сіздің әрекетіңіз?


Келесі кезең: Менің әдістемелік қобдишам деп аталды.Бұл кезеңде жас мамандар өз тәжірбиелерінен көрнекіліктер,қандай әдіс-тәсілдерді сабақта қолданады,яғни жыл бойы тәлімгерден және басқа да ұстаздардан үйренген тәжірбиелерімен бөліседі.


Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
Келесі кезекте өнер сайысы:
- Өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық
Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады.
Ескеріледі: - Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурап алуы


Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.


МАРАПАТТАУ
Ән. Орындайтын Күмісқали Кәмшат

Жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара - пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
дей келе бүгінгі «Үздік жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз.

№ 52 негізгі мектебі

«Үйренейік, ізденейік, жас маман
Жас мамандар апталығының жабылу салтанаты


Ұйымдастырушы-педагог:
Кумарова М.С.
Ақтөбе-2022

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет