Подстепный ЖОББМ тарих пәні мұғалімі педагог- зерттеуші Иргалиева Жазира Шаймардановна
Кері байланыс
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты – еске түсіру, өзінің сабақ барысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын ала біледі. Сонымен қатар, кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады. Кері байланыстың ережелері : 1.Позитивті болу
Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруге ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.
2.Бағалаушы болмау
Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау. Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да, алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын ұмытпау керек. Осыны есте сақтай отырып, ақылгөйсінбей, «Мынаны жасау керек!», «Олай ету қажет!» немесе «Мен Сіздің орныңызда былай жасар едім!» деген сөздерді айтпай, өзіміздің пікірімізді келтірейік, ал оны қабылдау не қабылдамау – кері байланысты алушы адамның құзыры. Мұнда кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы сұраулы, ал ең жиі қайталайтын сөзі «мүмкін» болуы керек болар, яғни ол ылғи да кері байланыс алушының пікірін сұрап, онымен ақылдасып тұрғандай болады: «Мүмкін былай жасау керек шығар?»
3.Ынталандыруға ұмтылу
Кері байланыстың бір мақсаты – адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру. Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта өз жұмысына игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс.
4.Сыпайы болу.
Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екі талай. Көмектесу жәрдем беру.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар Бірінші –
көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл күйді әртүрлі суреттер, смайликтер және бағдаршам түстерімен анықтау. Мысалы, «алма ағашы» деп алайық. «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан, көңіл күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді. Ал «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен сабақтағы жағдайын сипаттайтын қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау сияқты сөздерден үш сөзді таңдайды. Дүниежүзі тарихы 7-сыныпта Неліктен монғолдар өз жауларын тез бағындыра алды және Моңғолдар мен жаулап алынған халықтар бірін-бірі қаншалықты өзгертті тақырыптарында КЕС (көру,есту,сезіну) -Көіңіздің көмегімен сабақта не үйрендіңіз ? - Тыңдай отырып нені үйрендіңіз? - Сезіну,өз бойыңыздан өткізу арқылы не үйрендіңіз? рефлексиясын жүргіздім. Оқушылар көзбен көру арқылы Шыңғысханның тарихтағы орнын, жорықтарын еске түсірді, құлақпен бейнебаянды тыңдай отырып жаугершілік соғыстардың зардаптарын, жүрекпен тарихи оқиғаларды сезінгенін және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтып жеткізді.
«Смайлик» «Бағдаршам»
«Алма ағашы» арқылы кері байланыс
Екінші-- сабақтағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс. Мысалы, «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі.1-ші баспалдағы Мен ... білемін, 2-ші баспалдағы Мен ... түсінемін,3-ші баспалдағы Мен ... жасай аламын. «Блоб» ағашы, пирамида әдістерін пайдалануға болады. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды, Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде қандай өзгерістер орын алды сабағымда «SMS» арқылы және екінші тақырыпта «3.2.1» кері байланыс әдісін пайдаландым.