Тақырыбы: «Наурыз-біздің Жаңа жыл!»
Мақсаты: Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл 22-наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Отанын сүюге, адамгершілікке, имандылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: киіз үй шаңырағыннан сахна жасау.
Залда әсем әуен ойналып тұрады.
Жүргізуші:
Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді, балалар. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар, құрметті балалар, қонақтар!
О, жараңдар, жараңдар,
Бермен қарай қараңдар.
Наурыз тойы басталды.
Құттықтаймын бәріңді
Үлкен-кіші кәріңді
Ақ дегеніміз мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Балалардың тақпағы
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Күткен көптен
Келді көктем.
Өкпек желі,
Сүйді беттен.
Көктем, көктем!
Күліп көктен,
Қарайды күн,
Шуақ төккен.
Көктем де келді шуақты,
Алма мен өрік гүл атты.
Болды да дала жап-жасыл,
Жан-жануар салды асыр.
Тасқыны сондай қуатты,
Жыра-жылғадан су ақты.
Жұмыс та қызды бұл күндер,
Тракторлер жүр жыртып жер
Жүргізуші: Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз.
Үй, дастарқан, даламыз, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз!
Ал енді Наурыз тойын бастайық, өлең, бимен, әнменен тойға шашу шашайық.
Қарсы алыңыздар, бүгінгі тойға шашу шашамыз деп әжеміз келіп тұр. (тойға шашу шашады)
Әже:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Шашу-шашу.
Домбыра:Диана
Жүргізуші: Наурыз мейрамы – Күн мен Түннің теңелетін күні 22-Наурызда атап өтілетін мереке. Наурыз күнін халқымыз жаңа жылдың басы «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
(балалардың тақпақтары)
Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Наурыз!
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан.
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
Алақай-ау, алақай!
Наурыз келді, балақай!
Халық тойды тойлайды,
Әсем әнге салады-ай!
Келді көктем,
Жылу өткен,
Қырға гүлдер,
Қаптап кеткен.
Күлімдеткен,
Жерге көк пен
Қызыл-жасыл
Бояу төккен,
Келді наурыз,
Келді көктем!
Жадыраған көктем келді,
Жер анамыз көктер енді.
Ағаштарда бүршік атып,
Жасылданды бөктерлерде.
Наурыз келді-жыл келді
Табиғатта өзгерді
Тіршіліктің иесі
Жылулықты сезгендей.
Көктем күні әдемі,
Жерде гүлдер өскенде.
Көктем күні әдемі,
Жерде шөптер өскенде.
Көктем күні шуақты,
Гүлдер, шөптер қуатты.
Ешкі, төлдер туады,
Барлық бала қуанды.
Күн ұзарып,түн қысқарып,
Көктем келді жарқырап.
Ағаштарда бүршік атты,
Дала гүлге құлпырды.
Көктем айы жыл басы,
Тойланады әз-Наурыз.
Халықтардың достығы,
Ұлы жеңіс мейрамы.
Жүргізуші: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен-саяқ
Ән шырқап, би билейік қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.
Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл»
Жүргізуші: Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз-көбінесе жарыс пен ойын мерекесі. Бұл мерекені барлығымыз асыға күтеміз. Бұл күні «Алтыбақан», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу» ойындары ойналады.
Қане, балалар бүгін біз «Арқан тарту» ойынын ойнап көрелік.
Ән: «Көңілді күн»
Ойын «Қыз қуу»
Ән: Джамиля
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Мейірім айы-Наурыз. Кешірім айы – Наурыз, қанағат беріп көңілге, сабырлық берсін, - дей отырып, «Наурыз-біздің жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Бәріміз Наурыз дастарқанынан табылайық.
Достарыңызбен бөлісу: |