ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
___________________________________кафедрасы
БАӨЖ
Тақырыбы: Электр жетектің координаталарын реттеу, құрылымдық схемасы және жалпы ережелер
Орындаған: Орынбек Арман
Тобы: ИП-19-5к2
Қабылдаған: Байгабылов Д
Шымкент 2022
Электр жетектің координаталарын реттеу, құрылымдық схемасы және жалпы ережелер
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Кіріспе
Электр жетегінің координаталарын реттеу.Электр жетегінің негізгі функциясы болып оның координаталарымен (жылдамдықпен және моментпен) басқару, яғни технологиялық қызмет көрсететін үрдістің талаптарына сәйкес координаталардың бағыныңқы бағытталған өзгерістерін басқару жатады.
Координаталармен басқарудың өте қажетті жағдайы – жылдамдықты немесе моментті реттеу, яғни орныққан режимде бұл шамаларды технологиялық үрдістің талаптарына сәйкес қозғалтқыштың механикалық сипаттамасына әсер ету арқылы өзгерту. Реттеудің бір түрі бұл координаталардың бірін қажет деңгейде басқа координатаның тәуелсіз өзгерісі кезінде ұстап тұру.
Көбінесе реттелетін координата ретінде жылдамдық алынады: қозғалыстың, жолдың жағдайына байланысты және т.с.с. тасымалдаушы құрылғының жылдамдығын өзгерту керек, сумен қамтамасыз ету үшін қажетті орынды алу үшін сораптың жылдамдығын реттеу қажет, кабельдің талшықтарын оқшауламамен қаптағанда олардың қозғалыс жылдамдығын белгілі бір деңгейде ұстап тұру керек және т.с.с.
“Жылдамдықты реттеу” ұғымын әр түрлі сипаттамалар қолданғанда (5.21, а-сурет) жылдамдықтың өзгерісімен шатастыруға болмайды, тіпті ол үлкен болса да, бұл өзгеріс жүктеменің артуымен немесе кемуімен пайда болады және берілген механикалық сипаттаманың формасына сәйкес келеді. (5.21, б-сурет).
а) б)
5.21-сурет. Жылдамдықтың реттелуі (а) мен өзгерісі (б)
Кей жағдайларда моменттің реттелуі қажет болады. Мысалы, егер сымдау орнағынан сымды орауышқа сапалы түрде орау қажет болса, егер кемені үлкен толқында шынжырды үзіп алмай тасымалдау керек болса және т.б., онда моментті реттеу керек. Әрі қарай біз негізінен жылдамдықтың реттелуін қарастырамыз.
Жылдамдықты реттеу бағытталған механикалық сипаттамаларды құрумен байланысты болғандықтан, сипаттамалардың біреуін негізгі ретінде бөліп алайық. Әдетте негізгі сипаттама ретінде оның шамаларын (кернеу, жиілік, магниттік ағын және т.б.) анықтайтын қозғалтқыштың табиғи сипаттамасы алынады. Әрі қарай біз қозғалтқыштың әр типі үшін табиғи сипаттаманы алу шарттарын нақтылай түсеміз.
Жылдамдықты реттеу мақсатында құрылған барлық басқа сипаттамаларды жасанды сипаттамалар деп атаймыз. Олар төменде қарастырылатындай техникалық, экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленетін әр түрлі әдістермен құрылуы мүмкін:
1. реттеу диапазоны – жүктеме моментінің өзгерісі берілген кезде максималды мүмкін жылдамдықтың минималды жылдамдыққа қатынасы (5.22-сурет): . Табиғи сипаттамалары бірдей және бірдей моментінің өзгерісі үшін қатты айырмашылығы бар реттеу диапазондары сәйкес келеді, бұл жасанды сипаттамалардың қатаңдығына байланысты.
а) б)
5.22-сурет. Жылдамдықты реттеу диапазонын анықтау
Сипаттамалардың қатаңдығымен тағы бір көрсеткіш байланысты – жасанды сипаттамалардағы жылдамдықтың тұрақтылығы. Ол аласа – 5.22, а-сурет, немесе биік болуы мүмкін – 5.22, б-сурет; кейде абсолютті қатаң сипаттама қажет ( ), кейде абсолютті жұмсақ сипаттама қажет (моментті реттеу);
2. реттеудің бірқалыптылығы – бір біріне жақын орналасқан жасанды сипаттамаларды алу мүмкіндігі бірқалыпты реттеу немесе керісінше, белгіленген бірнеше сипаттаманы алу мүмкіндігі – сатылы реттеу;
3. реттеудің бағыты. Жасанды сипаттамалар тек табиғи сипаттаманың төменгі жағында орналасуы мүмкін – негізгі жылдамдықтан төмен біраумақтық реттеу, тек табиғи сипаттамадан жоғары – негізгі жылдамдықтан жоғары біраумақтық реттеу, табиғи сипаттамадан жоғары да төмен де – екіаумақтық реттеу;
4. жасанды сипаттамалардағы рұқсат етілген жүктеме – өте қажет көрсеткіш, электр жетегінің сенімділігін анықтайды. Бұл жерде қозғалтқышты рұқсат етілген қыздырумен анықталатын ұзақтық рұқсат етілген жүктемені ғана қарастырамыз.
Табиғи сипаттамадағы рұқсат етілген жүктеме анықтама бойынша белгілі – бұл қозғалтқыштың номиналды моменті Мн. Есепті жеңілдету үшін жылудың берілісін ескермей, әр түрлі жылдамдық кезінде күштік тізбектегі рұқсат етілген тогы ретінде қозғалтқыштың номинал тогын Iн аламыз. Мәжбүрлік суытылатын қозғалтқыш үшін рұқсат етілген момент сәйкес жасанды сипаттамада қозғалтқыштың магниттік ағынына тәуелді болады.
. (5.15)
Ф = Фн = const реттеу кезінде Мрұқ º IнФн = Мн. (5.6) өрнектегі бағалау рұқсат етілген жүктемелер туралы тек жалпы көрініс береді және әр нақты жағдайда дәлірек анықталуы қажет;
5. реттеудің тиімділігі реттеудің кез келген әдісімен болатын энергия шығынымен бағаланады. Кейбір жағдайда пайдалы қуатты желіден тұтынатын Р1 қуатымен салыстыра отырып, яғни белгілі бір сипаттамалық нүктеде шығынын анықтап және ПӘК-ін есептеп, тиімділікті өрескел бағалауға болады:
. (5.16)
Әр түрлі әдістерді салыстыру кезінде реттеудің тиімділігін бағалау циклдың tц уақытында жетектің нақты жұмыс шарттарымен анықталатын циклдық ПӘК-іне негізделе алады:
(5.17)
6. реттеуге кететін шығындарды реттеу үшін қолданған жабдықтың бағасымен анықтауға болады. Шығындардың нәтижелігі олардың өзін өзі өтеу мерзімімен Төм анықтау ыңғайлы:
Егер сораптың реттелмейтін электр жетегінің орнына жиілікті-реттелетін қолданылса және қосымша жабдықтың - жиіліктің түрлендіргішінің бағасы 1500 USD, ал экономикалық нәтижелігі сақталған электрлік энергияның, судың және жылудың есебінен 2100 USD/жыл құраса, онда өзін-өзі өтеу мерзімі келесідей анықталады:
жыл.
Реттеудің келтірілген алты көрсеткіші негізгі қасиеттерін салыстыруға және әр түрлі әдістерді қарастыруға мүмкіндік береді. Кең диапазонда тұрақты рұқсат етілетін жүктемемен Мрұқ » Мн, аз шығындармен, қосымша жабдықтың төмен бағасы кезінде бірқалыпты екіаумақтық реттеуді болдыратын әдіс идеалды болатыны анық. Мұндай идеалды әдістің болмайтыны да анық және инженерге әр уақытта тиімді компромис іздеу қажет. Бұл жерде соңғы уақытта түрленушісіз, бірақ ыңғайлы көрсеткіш “сапа/баға” кеңінен қолданылады. “Сапа” ұғымына белгілі бір ұйымдастырылған және қолданушымен келісілген жоғарыда аталған көрсеткіштер жиынтығы кіреді, ол келесі жалпы техникалық көрсеткіштермен толықтырылған: жөндеуге жарамдылығы, сенімділігі, бөгеттен қорғанушылығы, желімен өзара байланыстылығы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |