Электр өлшеулер мен аспаптар



бет2/6
Дата23.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#164091
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЭЛЕКТР ӨЛШЕУЛЕР МЕН АСПАПТАР

Салыстыру əдісінде өлшенетін шаманы тікелей эталонмен, үлгілік немесе жұмыс өлшеммен салыстырады. Бұл жағдайда өлшеу дəлділігі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. Салыстыру əдісі көбінесе зертхана жағдайларында пайдаланылады, ол күрделі аппаратураны, операторлардың жоғары біліктілігі мен айтарлықтай уақыт шығынын қажет етеді. Соңғы уақытта салыстыру аппаратурасының автоматтандырылуы артуда.

  • Салыстыру əдісінде өлшенетін шаманы тікелей эталонмен, үлгілік немесе жұмыс өлшеммен салыстырады. Бұл жағдайда өлшеу дəлділігі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. Салыстыру əдісі көбінесе зертхана жағдайларында пайдаланылады, ол күрделі аппаратураны, операторлардың жоғары біліктілігі мен айтарлықтай уақыт шығынын қажет етеді. Соңғы уақытта салыстыру аппаратурасының автоматтандырылуы артуда.
  • Тікелей бағалаудың электрлі өлшеу аспаптары өлшенетін шаманың сандық мəнін шкалада немесе құралдың цифрлық құрылғысында есептеуге мүмкіндік береді.

ЭЛЕКТРЛІ ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫН ЖІКТЕУ

  • Өлшеу – физикалық шама мəнін тəжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдар арқылы табу.
  • Бақылаушының тікелей қабылдауына қолжетімді үлгіде, өлшенетін физикалық шамалармен функционалдық байланысты өлшеу ақпаратының сигналдарын шығаруға арналған электрлі өлшеудің техникалық аспаптары электрлі өлшеу аспаптары деп аталады.
  • Барлық құралдар əр түрлі белгілер бойынша жіктеледі:
  • 1. Өлшенетін шама түрі бойынша, мұнда жіктеу өлшенетін шама бірлігінің атауы бойынша жасалады. Аспап шкаласына оның толық атауы немесе өлшенетін шама бірлігінің бастапқы латын əрпі жазылады, мысалы: амперметр — А, вольтметр — V, ваттметр — W жəне т.б.

2. Құралдың өлшеу механизмінің əрекет етуінің физикалық қағидасы бойынша. Мұндай жіктеу электрлі шаманы құралдың жылжымалы бөлігінің механикалық əрекетіне түрлендіру тəсілімен анықталады.

  • 2. Құралдың өлшеу механизмінің əрекет етуінің физикалық қағидасы бойынша. Мұндай жіктеу электрлі шаманы құралдың жылжымалы бөлігінің механикалық əрекетіне түрлендіру тəсілімен анықталады.
  • Бір қатар құралдарда əдеттегі өлшеу механизмімен жинақта түрлендіруші құрылғылар пайдаланылады. Мысалы, ауыспалы тоқты магнитті-электрлі аспаппен өлшеу үшін, жартылай өткізгіш элементі бар түзеткішті пайдаланады.
  • 3. Тоқ түрі бойынша. Бұл жіктеу нақты құралды қандай тоқ тізбектерінде қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Оны шкаладағы шартты белгілермен белгілейді.
  • Ауыспалы тоқ аспаптарында олар қолданылатын жиіліктің номинал мəнін немесе жиіліктер диапазонын көрсетеді, мысалы:
  • 20.50.120 Гц; бұл ретте асты сызылған мəн осы аспап үшін номинал болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет