Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің элементтері активті
және пассивті болады. Егер элемент жұмысын R - кедергі, L - индуктивтілік, C
- сыйымдылық және M - өзара индуктивтілік параметрлері түсініктерімен сипаттасақ, онда бұл элемент – пассивті. Егер элемент жұмысын сипаттау үшін электр тізбегі шамалары ( I - тоқ күші, U - кернеу, E - ЭҚК) түсініктерін қолдану қажет болса, онда бұл элемент – активті. Активті элементке барлық қоректендіру көздері және кейбір қабылдағыштар (аккумуляторлар, қозғалтқыштар және басқалары) жатады.
Электронды сұлбалардың көмекші, пассивті элементтері. Электронды сұлбалардың көмекші және пассивті элементтеріне резисторлар, конденсаторлар, индуктивті катушкалар және трансформаторлар жатады.
Резисторлар t температурада, рұқсат етілген жұмыстық диапазонда
анықталған R0 номиналды кедергімен, кедергінің номинальды мәннен ауытқумен (немесе қателікпен), Pш шашырау қуатымен және кедергінің температура
коэффициенттімен R сипатталады. Үлкен жиілікті аудандарда
КТК t
R0
резистордың тұрақты ток кезіндегі эквивалентті сұлбасы (моделі) мынадай: R0 резисторға Rш қоршаған ортаның шығын кедергісі параллель, L өзара индуктивтілік тізбектей, ал оған C паразитті орналастырылған сыйымдылық
параллель жалғанады.
Конденсаторлар t температурада, рұқсат етілген жұмыстық диапазонда
C0 сыйымдылықтың анықталған номинальды мәнімен, номинальды мәннің қателігімен (сыйымдылықтың ауытқуымен), жұмыстық кернеуімен U ж ,
сыйымдылықтың температуралық коэффициентімен С сипатталады.
СТК С t
0
Конденсатордың шығын шамасы tg шығынның тангенс бұрышымен немесе Q
төзімділікпен (добротность) анықталады, ал шығынның тангенс бұрышы төзімділікке кері шама tg 1/ Q . Бұл шама диэлектриктің материалының
|