Электр өткізшгіштік



бет2/6
Дата14.12.2021
өлшемі56,54 Kb.
#127198
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Таза жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі меншікті өткізгіштік деп аталады

Ферми деңгейі. Т температура кезінде электронның қандай электрондық деңгейдеболатынын табу ықтималдылығы Ферми-Дирактың таралу функциясы:

F (W )  1 ,

N W W

exp F 1



kT

мұндағ k  1,38 1023 Дж/К Больцман тұрақтысы, Т Кельвинде өрнектелген абсолюттік температурасы , WF  Ферми деңгейі деп аталатын энергетикалық деңгей. Т  0 кезінде W WF деңгейлерін электронмен толтыру ықтималдылығы нөлге, ал W WF деңгейлерін электронмен толтыру ықтималдылығы бірге тең. Меншікті жартылай өткізгіште Ферми деңгейі тиым салынған зонаның ортасында орналасады.

Қоспалы жартылай өткізгіштер. Жартылай өткізгішке басқа валентті атом қоспасының азғантай мөлшерін енгізсе, оның электрөткізгішті тез артады және ол жартылай өткізгіш қоспалы деп аталады. Сонымен бірге қандай-да бір қоспаны қосып, электронды (n-типті) немесе кемтіктік (p-типті) өткізгіштікке ие жартылай өткізгіш алуға болады.

n-типті жартылай өткізгіш алу үшін таза жартылай өткізгішке бес валентті элементтер: фосфорды немесе мышьякты қосады. n-типті жартылай өткізгіште электрондар – негізгі заряд тасымалдаушы, ал кемтіктер – негізгі емес заряд тасымалдаушы болып табылады.

Таза жартылай өткізгішке үш валентті элемент (бор, индий немесе алюминий) қосып, р-типті жартылай өткізгіш алуға болады. Мұнда кемтіктер – негізгі заряд тасымалдаушы, ал электрондар – негізгі емес заряд тасымалдаушы болып табылады. Кемтіктік өткізгіштікке ие жартылай өткізгішті алуға мүмкіндік беретін үш валентті элементтің қоспасы акцепторлық деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет