Жоспары: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#121447
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
ҚАННЫҢ ТАСЫМАЛДАУШЫ ЛИПОПРОТЕИНДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ,ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.ЛИПОПРОТЕИНДЕРІНІҢ ӘРТҮРЛІ КЛАСТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ГИПЕРЛИПОПРОТЕИНЕМИЯ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ РӨЛІ
ОРЫНДАҒАН: Алпаизова А.
ТЕКСЕРГЕН: Дильбарканова Р
ЖОСПАРЫ:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1. Қан липопротеиндерінің құрамы,құрылысы мен жіктелуі;
2.Хиломикрондардың түзілуі және майлардың тасымалдануы;
3.Гиперлипопротеинемияның этиологиясы мен патогенезі;
4.Атеросклероздың этиологиясы мен патогенезі;
5.Холестерин алмасуының бұзылыстары.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Липопротеиндер
(протеолипидтер) – белоктар мен май тәріздес қосылыстардың комплексі түрінде болады, олардың құрылымы өте тұрақсыз болып келеді. Липопротеиндер мембрананың қалыптасуына қатысады және қан сары суының тасымалдаушысы: альфа және бета-липопротеиндерін түзеді. Липопротеиндер табиғатта кеңінен таралған, өсімдіктерде, жануарлар ұлпаларында және микроорганизмдерде әр түрлі биологиялық функциялар атқарады.
Кіріспе
Күрделі белоктардың бұл тобы белоктан және белгілі бір липид түріндегі простетикалық топтан құралады. Көбінесе, липопротеиндердің құрамында нейтральды майлар, бос май қышқылдары, фосфолипидтер, холестеридтер кездеседі. Липопротеиндер клетка мембранасының және клеткаішілік ядро мембраналарының, митохондрия, микросомалардың құрамына кіреді (бұл құрылымдық липопротеиндер), сонымен қатар бос қашықтықта кездеседі (әсіресе қан сарысуында).
Қанда липопротеиндердің бірнеше формалары кездеседі: α-липопротеиндер(ЖТЛП), β-липопротеиндер(ТТЛП) және пре-β-липопротеиндер(ӨТТЛП). Липопротеиндерді центрифуга әдісімен де жіктеуге болады, өйткені олар тығыздықтарымен ерекшеленеді.
Липопротеиндер ішектің сілемейлі қабығының клеткаларында(хиломикрондар), гепатоциттерде(ӨТТЛП және ЖТЛП), қан сарысуында(ТТЛП және ЖТЛП) түзіліп отырады. Хиломикрондар мен ӨТТЛП қанайналым жүйесінде майлардың тасымалын жүзеге асырса, ТТЛП мен ЖТЛП холестерин тасымалына қатысады.
БИОЛОГИЯЛЫҚ РӨЛІ
Хиломикрондар ішектің қабырғасында түзіледі және
басқа тасымалдаушы липопотеиндерден үшацилглицериндердің өте жоғары мөлшерімен (85-90%) , холестериннің,фосфолипидтердің және белоктың аз мөлшерімен (0,5-2,0%) ерекшеленеді. Хиломикрондар-бұл ішек қабырғасында ресинтезделетін,экзогенді үшацилглицериндердің басты тасымалдаушы түрі болып табылады. Бөлшектерінің диаметрі үлкен болғандықтан (d=100-500 нм) ,ХМ ішектің эндотелиальды клеткаларының мембранасы арқылы қан капиллярына өте алмайды да , лимфаға жақсы диффузияланады.Ішектен ағатын лимфа ағынымен ХМ кеуденің лимфа ағынына жеткізіліп,содан кейін ғана қан ағымына түседі.Қанда хиломикрондардың концентрациясы 0-0,5-тен 2,0 г\л аралығында болады.
Хиломикрондардың түзілуі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет