Электр сұлбалар


Принципті сұлбаларды орындау ережелері



бет4/8
Дата26.09.2023
өлшемі7,32 Mb.
#182585
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
электр с лбалар

Принципті сұлбаларды орындау ережелері


Электрлік принципті сұлбаларда оның барлық элементтерін және олардың арасындағы барлық электр байланысын кескіндейді. Бұл сұлбаларды орындау ережелері МЕСТ 2.702-75 стандартпен анықталған. Сұлба элементтерін ҚҚБЖ стандарттармен (МЕСТ 2.756-75) тағайындалған шартты графикалық белгілеулерімен көрсетеді. Шартты графикалық белгілеулер туралы кейбір мағлұматтар жоғарыда қарастырылған.


Шартты графикалық белгілеулерімен толыққан сұлбаларды орындағанда, барлық белгілеулерді пропорционал кішірейтуге рұқсат етіледі.
Мұнымен бірге шартты графикалық белгілеулердің көрші екі сызығының ара қашықтығы 0.8 мм-ден кем болмауы керек.
Егер жекелеген элементтердің ерекше қызметіне көңіл аудару керек болған жағдайда және сол сияқты олардың белгілеулеріне іштей түсінік таңбалар жазылса, онда бұндай белгілеулердің өлшемдерін үлкейтуге рұқсат етіледі.
Егер элементтер өздерінен күрделірек элементтердің құрамдас бөлігі болып келсе, онда олардың шартты графикалық белгілеулерін кішірейтіп кескіндеуге рұқсат етіледі (мысалы, фоторезистордың белгісіндегі резистордың шартты графикалық белгісі).
Шартты графикалық белгілеулерді сұлбада қосарланған немесе таратылған әдістерінің біреуімен орындайды. Қосарланған әдісте (1-суретті қараңыз) элементтердің немесе құрылғылардың құрамдас бөліктері сұлбада бір-бірінен тікелей жақындықта кескінделеді. Таратылған әдісте олар түрлі орындарда кескінделеді.

  1. сурет

Байланыс сызықтары, тәртіп бойынша, толық көрсетілуге тиіс. Егер байланыстардың графикалық кескіндері сұлбаны оқуды қиындатса, онда бір- бірінен қашықтығы элементтердің байланыс сызықтарын үзуге рұқсат етіледі. Сызықтардың үзіктері, іске қосатын жерлері белгіленіп, нұсқаулармен аяқталады.


Сұлбаларды жол әдісімен орындауға кеңес беріледі: құрылғылардың және олардың құрамдас, бір тізбекке кіретін, бөліктерінің шартты графикалық белгілерін түзу бойымен бірінен соң бірін жүйелі кескіндейді, ал жекелеген тізбектерді – қатар көлденең (горизонталь) немесе тік (вертикаль) параллель жолдар түрінде, кескіндейді. Мұнымен бірге жолдарды араб сандарымен нөмірлейді.
Принципті сұлбалар бір сызықты және көп сызықты кескіндерде болады 2,а-суретте көрсетілгендей, көп сызықты кескінде әрбір тізбекті жеке сызықпен, ал элементтерді жеке шартты графикалық белгілерімен көрсетеді. 2,ә – суретте тізбектің бір сызықты кескіні келтірілген, егер тізбектер пара- пар қызмет атқарса, онда олар бір сызықпен, ал бұл тізбектердің бірдей элементтері бір шартты графикалық белгімен кескінделеді.
Сұлбаны ықшамдау үшін электрмен қосылмаған байланыс сызықтарын топтық байланыстың жалпы сызығына біріктіреді, бірақ жанасатын жерге (элементтерге) жақыңдағанда әрбір байланыс сызығы жеке сызықпен кескінделуі тиіс. Сұлбадағы байланыс сызықтарын біріктірген кезде, әдетте, оларды әрбір сызықтың екі ұшында бірдей санмен нөмірлейді. Пайдалану (эксплуатация) жағдайында түсінік үшін элементердің шартты графикалық белгілерінің жанынан сәйкес жазулар, таңбалар немесе графикалық белгілер орналастырылады (мысалы, ауыстырып қосқыштарда, ұяларда, потенциометрлерде және т.б.). Егер бұл жазулар мен белгілер бұйымға түсірілуге тиіс болса, онда оларды тырнақшаға алады.





  1. сурет






  1. сурет

Сұлбада оған кіретін тізбектердің сипаттамаларын, сонымен бірге бақылау контактыларындағы, ұялардағы және т.б. өлшенуге тиісті параметрлерді көрсетеді.


Бұйымға кіретін және сұлбада кескінделген әрбір элементтің әріпті- санды позициялық белгілеулері болуға тиіс.
Сұлбада резисторлар мен конденсаторлардың нақты мәндерін көрсеткен кезде, өлшеу бірліктерін белгілеудің ықшамдалған әдісі қолдануға рұқсат етіледі (3-суретті қараңыз):

  1. резисторлар үшін:

0-ден 999 Ом-ға дейін – өлшеу бірліктері көрсетусіз;
1∙103-нан 999∙103 Ом-ға дейін – килоомда, өлшеу бірлігін кіші әріп к- мен белгілейді;
1∙106-нан 999∙106 Ом-ға дейін – мегаомда, өлшеу бірлігін бас әріп М- мен белгілейді;
1∙109 Ом-нан жоғары – гигаомда, өлшеу бірлігін бас әріп Г-мен белгілейді;

  1. конденсаторлар үшін:

0-ден 9999∙10-12 Ф -ға дейін – пикофарадада, өлшеу бірлігі көрсетусіз;
1∙10-8 -ден 9999∙10-6 Ф -ға дейін – микрофарадада, өлшеу бірлігін мкф- деп белгілейді.
Электрлік принципті сұлбада кескінделген барлық элементтер бір мәнді анықтауға тиіс.
Ол үшін элементтер жайындағы мәліметтерді элементтердің тізіміне жазады да, сонан соң оларды сұлбаның бірінші бетіне орналастырады немесе дербес құжат түрінде орындайды.



  1. сурет

Бірінші жағдайда тізімді кесте түрінде 4-суреттегі пішін бойынша жасап, дағдыдағыдай, негізгі жазудың үстінен, одан 12 мм-ден кем


болмайтындай қашықтықта орналастырады. Тізімнің жалғасын негізгі жазудың сол жағынан, кестенің басын қайталап, орналастырады.
Екінші жағдайда элементтер тізімін пішім А4-те орындайды, мұнда жұмыстың шифры бас әріп Т (тізім) және сұлба шифрымен тұруға тиіс, мысалы ТЭЗ – электрлік принципті сұлба элементтерінің тізімі.
Тізім графаларында мынандай мәліметтерді көрсетеді:
«Поз. белгілеу» графасында – элементтің, құрылғының позициялық белгілеуі немесе функционалдық топтың белгілеуі;
«Атауы» графасында – элементтің (құрылғының) қолданылатын құжатына сәйкес аталуы;
«Ескерту» графасында – қажет болған жағдайда элемент атауының ішіне кірмейтін техникалық мәліметтерді көрсету;
«Зона» графасында – сұлбаның күрделі және көлемді жағдайында зоналарға бөлген жағдайда, зонаның белгілеуі; сұлбаны орындаудың жолдық әдісінде бұл берілген элемент (құрылғы) орналасқан жолдың номері.
Тізімге элементтерді топтап, әріптік позициялық белгілеулерінің алфавиттік тәртібімен жазады. Бірдей әріпті позициялық белгілеулері бар элементтерді әр топтың ішінде реттік нөмірлерінің өсуі бойынша орналастырады. Сұлбада жүйелі реттік нөмірлері, бәрі бірдей электр параметрлері болатын бір типтің элементтерін тізімнің бір жолына жазуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда «Поз. белгілеу» графасына тек ең кіші және ең үлкен реттік нөмірлердің позициялық белгілеулері жазылады, мысалы, R3...R5, С8...С12; «Сан» графасында осы элементтердің жалпы саны қөрсетіледі.
Элементтер тізімі және жазу тәртібі МЕСТ 2.710-81 стандартқа сәйкес мынандай ретпен орындалады:

  1. резисторлар;

  2. конденсаторлар;

  3. индуктивтілік қатушкалар;

  4. электрондық аспаптар;

  5. трансформаторлар;

  6. дроссельдер;

  7. ажыратқыштар;

  8. өлшеуіш аспаптар;

  9. жартылай өткізгішті аспаптар;

  10. антенналар және басқа элементтер.

Егер бұйымда параллель немесе тізбектей қосылған бірнеше бірдей элементтер болса, онда сұлбаға бір элементтің шартты графикалық белгісін орналастырып, қасынан ол алмастыратын барлық элементтердің позициялық белгілеулерін беруге рұқсат етіледі (5-суретті қараңыз).
Егер бұйымда параллель немесе тізбектей қосылған бірнеше бірдей элементтер тобы болса, онда тек шекті топтарды, олардың араларындағы электр байланысын үзілме сызықтармен көрсетіп кескіндейді. Бұл жағдайда,
яғни элементтерге позициялық белгілеулерді бергенде, сұлбада кескінделмеген элементтер де ескеріледі.
Электрлік принципті сұлбаның сызбасы алаңында элементтерді қосатын сымдар мен кабельдердің маркасы, қимасы және түсі туралы нұсқаулардың, сонымен бірге
бұйымның электрмонтажына

қойылатын ерекше талаптар туралы нұсқауларды да орналастыруға рұқсат етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет