Электр сұлбалар



бет6/8
Дата26.09.2023
өлшемі7,32 Mb.
#182585
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
электр с лбалар

Баспа торабының сызбасы





    1. Жалпы мағлұматтар

Қазіргі баспалап құрастыру радиотехникада, электр құрылғыларын жасауда кең қолданып келеді. Баспа торабын орындағанда қолданылатын баспа платасын кей жағдайда баспаханалық әдіспен, электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған, платаға құрастыру суретін салу арқылы жасалады.


Плата (французша plat - жазық) - ілінетін электр және радиоэлементтерін, бекіту және электр байланысы үшін түпкі нұсқа ретінде электртехникалық және электроника аппаратурасында қолданатын, көбінесе тік бұрышты пішіні бар электрлік пластина. Микроплата - микромодуль үшін, баспа платаны (негіз ретінде алынатын) баспалап құрастыру үшін, платалар- түпкі нұсқа - функционалды торабы бар блоктарды қондыру үшін және т.б. қолданылады.
Баспалап құрастыру - контактылы тетіктердің, ажыратқыштардың, сымдардың қызметін атқаратын жұқа, платаның бетіне түсірілген, электр тогын өткізетін қабат. Салынған метал немесе диэлектрик қабаттары сұлбаның баспа элементтері - конденсаторлар, катушкалар т.б. қызметін атқарады. Баспалап құрастыру және баспа элементтерінің жиыны баспа сұлбасы деп аталады.
Баспа плата деп, изоляцияланған баспалап құрастыруды, не болмаса баспа сұлбасын айтады. Платаның дайындамасы болып бір жағынан (бір жақты плата) не екі жағынан (екі жақты плата) металданған қабат – фольга салынады. Тиісті жерлерден фольга қабаты қырналады да өткізгіштер мен элементтер қалады. Платадағы ток өткізгіштерді металдау не комбинациялау тәсілімен де орындайды. Кейбір жағдайда платаның үстіне жеке дайындалған аспаптар – резисторлар, конденсаторлар т. б. қондырылады. Қазіргі баспа сұлбаларына аспаптарды баспалап құрастыру өткізгіштеріне дәнекерлейді. Элементтердің шығып тұрған сымдарын дәнекерлеу үшін платада, үсті ұңғыланған және металданған контакт алаңдарымен қоршалған құрастыру тесіктерін алдын ала жасайды.
Платаны орнықтыру үшін оның бұрыштарында бекіту тесіктері жасалады. Осы сияқты тесіктер, платаның үстіне ірі элементтерді – трансформаторларды, айнымалы кедергілерді т.б. қондыру үшін де
қолданылады. Плата элементтерімен басқа қондырғылар арасында электрлік байланыс үшін нөмірленген - 1, 2, 3... контактілі шығу тесіктері кездестіріледі.
Баспа торабы деп, ілінетін элементтері бар платаны айтады. Оларды платаның баспалап құрастыру жағынан қарсы бетке орналыстырады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет