160. Сыртқы ауаның температурасы төмендегенге дейін және мұз пайда болғанға дейін мұз үгіткіштер мен мұз тұндырғыштар тексеріледі және жөндеуден өткізіледі, су қабылдаушы құрылғылар мен су тасымалдаушы каналдар, қақпақтардың саңылаулары мен торлары шөп-шалам мен суға батқан бөренелерден тазартылады, сондай-ақ қақпақтардың торлары мен саңылауларын жылытатын құрылғылар жұмысқа даярланады және мұз дабыл бергіштермен микротермометрлер тексеріледі.
161. Тегіс мұз алаңының қысымына есептелмеген құрылыстарды бойлай қыс бойы мұздан еркін күйде тұратын жылым орнатылуы немесе басқа да мұзға түсетін ауырлықты азайтатын сенімді тәсілдер қолданылуы тиіс.
162. Қатты мұз қабыршақтарымен күресу үшін қатты мұз қатқан өзендердегі тірек бьефтері мен су қоймаларында тез мұздың пайда болуына әсер ететін шаралар өткізілуі қажет: су деңгейін мүмкін болғанша жоғары белгілерде ұстап тұру, электр станциялардың суды тұрақты су агрегаттары мен сорғыштардың көмегі арқылы аз шығынмен алуы. Қажет болған жағдайда гидроэлектр станциясы түгелдей тоқтатылады.
163. Мұз қабаты пайда болмайтын өзендерде мұз қабыршақтары гидроэлектр станцияларының турбиналары (шөгіштен басқасы) арқылы жіберіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда турбиналардан бөлек, аз мөлшердегі су шығынын келтіретін мұз тастағыштары арқылы жіберіледі. Мұз қабыршақтарын алып тастау реті тиісті нұсқаулық арқылы анықталады. Үлкен су қоймаларында мұз жоғарғы бьефте жинақталады.
164. Гидроэлектр станциялары каналдарының жұмыс режимі мұз еріген кезде каналдардың өң бойын толық жабатын кептеліс пайда болмай судың толассыз ағынын қамтамасыз етеді.
Өзіндік ерекшелік жағдайларға байланысты канал режимі мұздың бүкіл бағыты бойынша дұрыс кетуін қамтамасыз етуі немесе бір уақытта оның біртіндеп топтасуына жол беруі тиіс. Тұндырғыштарға (кейін жуа отырып) және тәуліктік реттейтін бассейндерден мұзды жинауға жол беріледі.
Каналдарды мұз транзиті режимінде пайдалануға дайындау кезінде ағысты қиындататын құрылғылар (торлар, запандар) қолданылады.
165. Мұз қатудың алдында және мұз басу кезінде тоған учаскелерінде судың салқындау белгілерін анықтау үшін су температурасының жүйелі түрде (тәулігіне кемінде 1 реттен кем емес) өлшенуі ұйымдастырылады. Жылыту жүйелерін және торларды мұздан тазартатын торды тазалау үшін пайдаланылатын құрылғыларын іске қосу тәртібі өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді.
166. Егер қабылданған шаралар (жылыту, тазалау) тордың мұз басып қалуы және оларға түсетін қауіпті арын ауысуларының пайда болуын алдын алмаса, торларды тазалау үшін турбиналардың (немесе сорғыштардың) алма-кезек тоқтатылады. Мұз қабыршақтарын тордан бірте-бірте немесе толығымен гидротурбиналар арқылы шығаруға рұқсат етіледі.
Бұл ретте сумен техникалық жабдықтау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.
167. Гидротехникалық құрылыстың жармасы арқылы мұзды ағызу мұз тастайтын саңылаудың табалдырығында жеткілікті су қабатының болуын қамтамасыз ететін мұз өткізгіш фронтты жоғарғы түрде қолданылған кезде орындалады.
Мұз еру кезінде мұз кептелістерінің орын алуы және құрылыстарға қауіпті үлкен мұз бөліктерінің соғылуы секілді қауіптер төнген кезде уақытша бақылау бекеттері ұйымдастырылады және жару және мұз түйреу жұмыстарының көмегімен кептелістерді жою және мұз алаңдарын ұсақтау бойынша іс-шаралар қолданылады.