Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет17/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары
1 тәрбие сағат, педагогикаБОӨЖ2, Аяжан еңбек қмж, 1513873308, 45 Ремонт воздушных линий, 6 Вологжанина Материалтану. Оқулық, 7 Дәріс Жабық және ашық механикалық жарақаттар

Гидротурбиналық қондырғылар


184. Гидротурбиналық қондырғыларды пайдалану кезінде берілген жүктеме үшін жоғарғы мүмкіндігі бар және пайдалы әрекет коэффицентінің қысымымен олардың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі. Гидроэлектр станциясының жабдықтары барынша мол жүктелуге және су жинақтау станцияларын жабдықтау үшін сорғы режиміндегі жұмысқа үнемі дайын болуы тиіс.
185. Пайдаланылудағы гидроагрегаттар мен қосалқы жабдықтар толығымен автоматтандырылады. Генераторлық режим мен синхрондық компенсатор режиміне гидроагрегатты жіберу, генераторлық режимде және синхронды компенсатор режимінде тоқтатылуы, генераторлық режимнен синхрондық компенсаторының режиміне ауыстыру және керісінше синхрондық компенсатор режимінен генераторлық режимге ауыстыру бір командалық импульспен жүзеге асырылады.
186. Гидроагрегаттар турбиналық су өткізгіштерге орнатылған толығымен ашық қақпақтар арқылы жұмыс істейді; гидротурбинаның бағыттағыш аппаратының ашылу шамасы гидроагрегаттың (генератор-қозғалтқыштың) жүктемесінің жол берілетін мүмкін болатын жоғарғы шегінен аспауы тиіс.
Сору режимінде төмен арынды және сорудың жол берілетін биіктігінде жұмыс жасайтын сорғы-турбинаның бағыттаушы аппаратының ашылу шегі қозғалтқыш режиміндегі генератор-қозғалтқыштың жоғарғы күшіне сәйкес мәнінен жоғары болмауы тиіс.
Қоқыс ұстаушы торлардағы ауытқу оларды пайдалану жөніндегі жергілікті нұсқаулықта көрсетілген мәнінен аспауы тиіс.
187. Резервтегі гидроагрегаттар жедел түрде автоматты қосылуға дайын болуы тиіс. Жабық бағыттаушы аппараты бар гидротурбиналар (сорғы-турбиналар) қақпақтардың толықтай ашық жағдайында су қабылдағыш пен сорғы құбырының арынына орналастырылады. Арыны 300 м және одан жоғары, сондай-ақ 200-ден 300 м дейінгі жоғары арынды гидроэлектр станцияларында 3000 сағаттан көп қолданылған, резервтегі гидроагрегаттарға орналастырылған айналмалы қақпақтар жабылуы тиіс.
200 м төмен арынды гидроэлектр станцияларында турбинаалды қақпақ жедел қызмет атқармаса, ол резервтік агрегатта жабылмауы тиіс.
188. Синхрондық компенсатор режимінде жұмыс істейтін гидроагрегаттар генераторлық режимге жедел автоматты түрде ауыстырылуға дайын болуы тиіс.
Синхрондық компенсатор режиміндегі гидроагрегаттардың жұмысы кезінде турбинаның жұмыс дөңгелегі судан босатылады.
Турбинаалды қақпақтары бар гидроэлектр станцияларында гидроагрегатты синхрондық компенсатор режиміне ауыстыру кезінде турбинаалды қақпақтары жабық болуы тиіс.
189. Гидроагрегаттар олардың айналу жиілігін автоматты түрде реттейтін режимде жұмыс істеуі тиіс. Гидротурбиналардың реттегішін шектеуіш режиміне немесе қолмен басқаруға ауыстыру ерекше жағдайларда ғана, гидроэлектр станциясының техникалық басшысының рұқсатымен энергетикалық жүйенің диспетчеріне хабарлауға жол беріледі.
190. Гидроагрегаттарды автоматты реттей отырып пайдалануда мыналар қамтамасыз етіледі:
1) гидроагрегаттарды автоматты немесе қолмен іске қосу немесе тоқтату;
2) барлық режимдегі гидроагрегаттардың тұрақты жұмысы;
3) энергия жүйесінде статизмді 4,5-6,0 % шегінде және Қазақстанның ҰБО ДО беретін жиілік бойынша жансыз аймақты белгілей отырып жиілігін реттеуге қатысу;
4) гидроагрегаттың қуаты өзгерген кезде реттеуші органдардың (дүмпусіз және май сымдарындағы гидро соққыларсыз) бір қалыпты ауыстырылуы;
5) реттеу кепілін орындау;
6) арынды өзгерту кезінде бағыттаушы аппараттың барынша ашылуын шектеуді автоматты түрде өзгерту;
7) арын бойынша комбинаторлық тәуелділікті автоматты және қолмен өзгерту (қалақтық-бұру гидротурбиналары үшін).
191. Қуаты 30 МВт жоғары және үштен аса агрегаттары бар гидроэлектр станциялары жиілігі мен ағындары бойынша энергетикалық жүйе режимін реттеу үшін екінші қайтара автоматты реттеу (ҚЖАР) үшін қолдану мүмкіндігі бар белсенді қуатты топтық реттеу (бұдан әрі – БҚТР) жүйелерімен жабдықталады. БҚТР жүйесін ажыратуға, тек қана гидроэлектр станциялары жабдықтарының режимдік шарттары немесе техникалық жай-күйі бойынша агрегаттарды топтық реттеу мүмкін болмаған жағдайларда Қазақстанның ҰДО БО-ның келісімімен жол беріледі.
192. Агрегаттың іске қосылуына, жүктеменің жоспардан тыс өзгеруі, оның қалыпты және авариялық жағдайына байланысты тоқтауына мүмкіндік беретін жағдайлар гидроэлектр станциясының техникалық басшысы бекіткен және жедел персоналдың жұмыс орнындағы тиісті нұсқаулықтарда баяндалады.
Гидроагрегаттың іске қосылу жағдайын және оның жұмыс режимін анықтайтын барлық параметрлердің мәндері дайындаушы-зауыттардың және арнайы табиғи сынақтардың мәліметтері негізінде белгіленеді.
193. Әрбір гидроагрегат үшін өндірістік нұсқаулықтарда анықталған және белгіленген мерзімге дейін мынадай үдерістер аз уақыт ішінде бақыланады:
1) жүктемені орындау барысында демпфирлеу аймағына дейін гидротурбиналардың бағыттау аппаратының жабылуы;
2) жоғарғы жылдамдықты жүктемені орындауда гидротурбинаның бағыттау аппаратының ашылуы;
3) бұрылмалы-қалақты және диагоналды гидро трубиналардың жұмыс дөңгелегінің қалақтарының бұрамалары мен айналмалары;
4) ожаулы гидротурбинаның реттеуші инесімен ағынша ауытқыштарын жабу және ашу;
5) авариялық жабылу тетігінің жарамсыздануы барысында бағыттау аппараттарын жабу;
6) турбинаалды қақпақтардың, сондай-ақ су қабылдағыштардағы авариялық-жөндеу қақпақтарының ашылуы және жабылуы;
7) гидротурбинаның бос жүрісін жабу.
Бұдан басқа, жергілікті нұсқаулыққа сәйкес реттеу кепілдіктері мерзімді тексеріледі.
194. Гидроагрегатты стационарлық және жылжымалы құралдар арқылы тексеру және жүйелі түрде өлшеу жолымен пайдалану кезінде жабдықтың жұмысына өндірістік нұсқаулықта көрсетілген мерзімде және көлемде бақылау ұйымдастырылуы қажет.
195. Гидроагрегат роторының айналу жиілігі мен осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген мәнінен асып кеткен дірілдің жоғарғы деңгейі кезінде гидроагрегаттардың ұзақ жұмыс жасауына жол берілмейді.
196. Жергілікті нұсқаулықта әрбір гидроагрегат үшін өкшеліктердің, мойынтіректер сегменттерінің және май ыдыстарындағы майлардың номиналды және жол берілетін жоғарғы температуралары көрсетіледі. Аталған жыл мезгілі үшін май ыдысындағы майдың және сегменттің температурасы номиналдыдан 50С жоғарылаған кезде сигнализация іске қосылады.
Термосигнализатор орналастырылған әрбір сегмент үшін және май үшін белгіленген температурасын пайдалану немесе сынау тәжірибесінің негізінде пайдалану персоналы анықтайды және өндірістік нұсқаулыққа енгізеді.
197. Оралымды металл пластик сегменттермен жабдықталған тік гидроагрегаттардың өкшеліктерін пайдалану дайындаушы зауыттардың құжаттамаларын есепке ала отырып құрастырылған өндірістік нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
198. Гидроагрегатты сумен жабдықтаудың техникалық жүйесі гидроагрегаттың барлық жұмыс режимінде сүйеуші тораптардың, генератор статоры мен роторының салқындатылуы, резеңкеленген турбиналық мойынтірек пен басқа да тұтынушылар майлануы қамтамасыз етіледі.
199. Гидротурбиналардың күрделі жөндеу жұмысы 5-7 жылда 1 рет жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет