Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет29/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Химиялық бақылау


471. Электр станцияларында химиялық бақылау:
1) коррозияға, қақ және шөгінділердің тұрып қалуына әкелетін су дайындау, жылу-энергетикалық және жылу желілік жабдықтардың жұмыс режимінің бұзушылығын уақтылы айқындау;
2) судың, будың, конденсаттың, шөгінділердің, консервілеуші және шайғыш ерітінділердің, реагенттердің, отынның, қоқыстың, күлдің, газдың, май мен ағынды судың сапасын немесе құрамын анықтау;
3) өндірістік үй-жайлардың, бактардың, құдықтардың, каналдар мен басқа да объектілердің газдалуын тексеру;
4) электр станцияларының атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарының көлемін анықтауды қамтамасыз етуі қажет.
472. Электр станцияларын пайдалануға жоғарыда көрсетілген химиялық бақылауды толық көлемде жүзеге асыруға арналған қондырғылармен және құралдармен экспресс-зертханаларды және орталық зертханаларды жабдықтағаннан кейін ғана жол берілуі мүмкін.
473. Булы-сулы трактінің барлық бақыланушы учаскелерінде 20-40 оС дейін мұздатуға арналған тоңазытқыштары бар су мен будың сынамаларын алатын құралдар орнатылады.
Тоңазытқыштардың сынама іріктемелерінің желілері мен мұздату беттері тот баспайтын болаттан жасалады.
Қуаты 200 МВт және одан жоғары энергетикалық блоктары бар МАЭС-те және қуаты 50 МВт агрегаттары бар ЖЭО-да экпресс-зертханаға тартылатын желдетуі бар үй-жайлар арнайы шығарылуы тиіс.
474. Жабдықтардың ішкі тексеруіне қосымша құбырлардың кесілуі, сондай-ақ турбинаның ағынды бөліктерінде, жылытқыштарда және басқа да жылу энергетикалық жабдықтарда тұратын шөгінділерді іріктеу ұйымдастырылады.
Құбыр үлгілерінің қиындыларының орындары мен мерзімділігі жылу электр станцияларының негізгі жабдықтарының жай күйін бақылау жөніндегі әдістемеге сәйкес; шөгінділердің көлемі мен химиялық құрамын анықтай отырып анықталады.
Жабдықтардың ішкі тексеруі мен шөгінділердің көлемі мен химиялық құрамын бағалау негізінде жабдықтың ішкі қабаттарының жай-күйі туралы, химиялық тазалауды жүргізу мен коррозия мен шөгінділердің тұрып қалуын алдын алудың басқа да шараларын қолдану қажеттілігі туралы акт жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет