525. Күл-қожды шығару жүйелері мен күл үйінділерін пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) күл үйінділеріне, құрғақ күл қоймаларына күл және қождарды уақтылы, үздіксіз және үнемді жою мен қаттап тастау, сондай-ақ оларды тұтынушыларға тиеу;
2) ішкі және сыртқы күл-қожды шығару жабдықтарының, қондырғылары мен құрылыстарының сенімділігі;
3) құрғақ күл қоймалары мен күл үйінділерінің жұмыс сыйымдылығын тиімді пайдалану;
4) ауа және су бассейндерінің, сондай-ақ қоршаған аумағының күлмен және ағынды сумен ластануының алдын алу.
526. Гидро және ауа-күлді шығару жүйесін пайдалану мыналарды қамтамасыз ететін режимде ұйымдастырылады:
1) су, ауа және электр энергиясының оңтайлы жұмсалуы;
2) күл-қож құбырларының барынша ескірмеуі;
3) сыртқы қойыртпақ өткізгіштер мен су құбырларын мұздатуды, күлді ағызу аппараттарын, арналар мен қойыртпақ қабылдаушы бункерлерді тұнбаландыруды, бункерлерде, тесіктер мен тұрып қалған күлдерді тазалайтын күл құбырларында күл қалдықтарының жиналуын болдырмау.
Ауыр еритін қосылыстармен судың қанығуын және өлшенген қатты бөліктердің тұнығуын (ағару) жою үшін бассейннің қажетті көлемі мен тұндырма тереңдігі қарастырылады.
527. Гидро-күлді шығару жүйесін пайдалану кезінде трактілер мен жабдықтардың тығыздылығы, арналардың, күл-қож құбырларының, жабдықтарды жедел қайта қосу қондырғыларының қаптау және жабу жарамдылығы қамтамасыз етіледі.
Ауа-күлді шығару жүйелеріндегі май, ылғал және тозаңнан қалған ауаның тазартылуы, сондай-ақ күл құбырларының, аралық бункерлерінің және күл қоймаларының ыдыстарының ылғалды болуының алды алынуы тиіс.
528. Күл-қождың айналымды (жабық) гидравликалық жүйесін пайдалану мыналарды қарастыратын ағынсыз режимде ұйымдастырылады:
1) орташа есеппен жылына су теңгерімін қолдау;
2) техникалық мақсатта тазартылған суды (қазандық жылытқышының, күлді ұстау қондырғыларының бетін жуу, күлді үй-жайларды гидротазалау, багералық сорғылардың мойынтіректерін тығыздау, күл үйінділерінің құрғақ учаскелерін суландыру, суды бүрку жолымен газды салқындату, бетон ерітінділерін дайындау) және гидрокүлді шығару (бұдан әрі – ГКШ) жүйесіне құятын ағынның бағытын басым пайдалану.
Күл үйінділерінен тазартылған суды өзенге және табиғи су қоймаларына құюға аймақтық табиғатты қорғау органдарының келісімімен ғана жол беріледі.
529. Қосылған судың жалпы саны күнтізбелік жыл ішіндегі жүйе бойынша оның нақты шығынынан аспаған кезде ГКШ-дың айналым жүйесіне бөгде суларды ағызуға жол беріледі.
Қосылма су ретінде ең ластанған өнеркәсіптік ағынды су пульпаны айдайтын құрылғыға қарай ағызылады.
530. Тазаланған су жетпеген кезде ГКШ айналым жүйесін техникалық сумен толықтыруға сорғылардың оқшауланған тобының техникалық суға ауыстыру арқылы жол беріледі.
Сорғылар мен құбыржолдарында, таза судың бейтарап немесе қышқыл реакциясының жүйесінен басқа, техникалық және таза суларды араластыруға жол берілмейді.
531. Қож шығарудың механикаландырылған жүйесінің қож ванналарында қождың салқындауын қамтамасыз ететін және оттықтың ауаны соруын болдырмайтындай су деңгейі болуы тиіс.
532. ГКШ-дың шаю және қозғау шүмегінің жүйесінің жай-күйі жүйелі түрде бақыланады және де есептеумен салыстырғанда оның ішкі диаметрі кемінде 10 % ұлғайған кезде шүмек ауыстырылады.
533. Гидро- және ауа-күл шығару жүйесінің бақылау-өлшеу құралдары, технологиялық қорғану құралдарының, блоктауы мен сигнализациясы жарамды болуы тиіс және жүйелі түрде тексеріледі.
534. Резервке немесе жөндеуге шығарылатын гидро- және ауа күл шығару трактының іші тазартылуы және қажет болған кезде сумен шайылуы немесе ауамен үрленуі тиіс.
535. Сыртқы ауаның теріс температурасы кезінде ГКШ жүйесінің істен шығарылатын кезде таза суының пульпа құбырлары мен құбыржолдары олардың мұздап қалуын болдырмау үшін уақытында дренаждалуы тиіс.
536. Күл-қож құбырларының тозуы мен уақтылы құбырды бұру жүйелі (кесте бойынша) бақылануы тиіс. Минералдық шөгінділерден құбыржолдарын тазарту құбыржолдарының гидравликалық кедергісі 20 % (судың, пульпаның өзгеріссіз жұмсалуында) көтерілген кезде ғана жүргізіледі.
537. Күлқождарын (пульпақұбыр, күлқұбыры, шүмек) жинақтау мен шығару жүйесінің элементтерінің жоғары абразивтік тозуы кезінде осы элементтерді тозудан қорғау үшін (тастан құйылған бұйымдарды, абразивтік төзімді металдарды) шаралар қабылдануы тиіс.
538. Қажет болған кезде, пульпа құбырларының және жер үстіндегі құбырлардың еңісі тексеріледі, құбырларды түзету жүргізіледі немесе қосымша дренаждар орнатылуы тиіс.
539. Жабдықтарды жөндеу мен ауыстыру күл және қож шығаруды пайдалану тәжірибесі негізінде құрылған кесте бойынша ұйымдастырылуы тиіс. Аталған кестеге күл-қож шығару жүйесі жұмысының өзгертілуі кезінде (отын түрінің өзгеруі, қосымша қазандықтарды қосу) түзетулер енгізілуі тиіс.
540. Күл үйінділерін сумен және күл-қожбен толтыру, сондай-ақ, күл үйінділерінен күл-қожды шығару жоба бойынша жүзеге асырылады.
Күл-үйінділер бөгетін пайдалану және техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидалардың 5-тарауының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
541. Жұмыс істеп тұрған электр станциясының күл үйіндісімен толтырылуы аяқталғанға дейін кемінде 3 жыл ішінде жаңа сыйымдылықты құру жобасының болуы қамтамасыз етіледі.
542. Күл үйінділерінің, бассейндер және таза су арналарының шекарасында, сондай-ақ жолдарда, күл шығарудың сыртқы жүйесінің орналасқан аймағында ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады.
543. Күл үйінділерін толтыру деңгейін бақылау үшін жылына 1 рет су деңгейінен жоғары орналасқан бетінің күл-қож шөгуін тегістеу және тіркелген тұстамалар бойынша су тоғанының тереңдігін өлшеу жүргізіледі.
Күл-үйінділерін толтырудың жол берілген деңгейі рейкалармен (реперлермен) белгіленеді.
544. Қоршау бөгеттерін жобасыз көбейтуге жол берілмейді. Күл-қож материалдарынан және жұмсақ топырақтан (саздақ, құмдақ) бөгеттерді көбейту кезінде жұмыс жылдың жылы уақытында орындалады.
545. Құрылыстардың күтімін және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар (баспалдақтар, көпіршелер, қоршаулар және басқалары) жарамды күйде болуы қажет.
546. Әрбір электр станциясында жыл сайын күл мен қожды шығару мен жинақтау жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді және орындалады.
Жоспарға мыналар енгізілуі тиіс:
жабдықты, таза судың пульпақұбырларын қарап тексеру мен жөндеу кестесі;
шөгінділерден құбыржолдарын тазалау, бөгеттерді көбейту кестесі, тозаңданудың алдын алу бойынша іс-шаралар, істен шыққан күл үйінділері жерін қайта қалпына келтіру және басқалары.