Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет34/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Жылу желілері


561. Жылу желілерін пайдалану кезінде жылу тасымалдағыштың кеміп қалуы мен нормативтен аспайтын жылу шығыны кезіндегі берілген кестеге сәйкес белгіленген параметрлердің жылу тасымалдағышты (су мен буды) тұтынушыларға беруі қамтамасыз етіледі. Жылу көзінің нақты қуаты мен жылу желісі магистралінің өткізу қабілеті таусылған кезде жаңа тұтынушылардың қосылуына жол берілмейді.
562. Егер мүдделі ұйымдардың басқа құжаттамалық рәсімделген келісімдері болмаса, жылу желілеріне қызмет көрсететін шекаралар мынадай болуы керек:
1) жылу көзі тарапынан – осы Қағидалардың 559-тармағында көрсетілгендерге сәйкес белгіленген шекара;
2) жылу тұтынушылары тарапынан – жылу тұтынушыларын жарықтандыруға арналған, энергия нысандарына жататын ысырмалар бекітілген, камера қабырғасы.
Жылу желілерінің қызмет көрсету шекарасы екіжақты актімен ресімделеді.
563. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымға құбыржолдарының, жылу орындарының және тұтынушының теңгеріміндегі басқа да жабдықтардың техникалық жай-күйі мен жарамдылығына, сондай-ақ тұтынушының шаруашылық қызметіне араласу құқығынсыз, жылу орындары жұмысының пайдалану режимдеріне бақылау жүргізу қажет.
564. Жылу желілерін пайдаланатын ұйым желі объектілеріне әкелетін жолдарды тиісінше жай-күйде ұстауға, сондай-ақ жол қабаттары мен жерасты құрылыстарының бетін жобалауға бақылау ұйымдастыру қажет.
Жылу желілерінің трассасында жердің бетін жобалау жылу құбырларына құрылысының үстіңгі қабаттағы судың өтуін болдырмауы тиіс.
Әрбір секцияға бөлінетін учаскелерден суды ағызу мен бұруға арналған құрылғысыз жылу желілерінің өткізгіш құбырын пайдалануға енгізуге жол берілмейді.
565. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымдар жабдыққа және тиекті реттеуші арматураға бөгде адамдардың қол жеткізуіне кедергі болатын қоршау конструкцияларының жарамдылығын қамтамасыз етуі қажет.
566. Жылу желілерінің құбыржолдарының трассаларын қазуына немесе бөгде ұйымдардың олардың жанында жұмысты жүргізуіне жылу желісін пайдаланатын ұйымның рұқсатымен, арнайы тағайындалған адамның бақылауымен ғана жол беріледі.
567. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымдарға:
1) жылу желілерінің жоспарын (ауқымды);
2) жедел және пайдалану (есептеу) схемасын;
3) әрбір магистраль бойынша жылу трассасының кескінін әзірлеу қажет.
Жыл сайын осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарына сәйкес жылу желілерінің нақты жағдайына сәйкес жоспар, схема және кескін түзетіледі.
568. Жылу желілерінің жедел схемасы, сондай-ақ автоматика мен технологиялық қорғау құрылғысын ретке келтіру мыналарды қамтамасыз етеді:
1) жылу энергиясын пайдалану жөніндегі шарттарға сәйкес берілген параметрлерді жылу тасымалдағышын тұтынушыларға жеткізу;
2) жылу желілерінде жылу тасымалдағыштың оңтайлы ағынының таралуы;
3) біріккен жылу желісіне бірнеше жылу көздерінің бірлесен жұмысын жүргізу және қажет болған кезде, жылу көздерінің бөлек жұмысына ауысу мүмкіндігі;
4) ең үнемді көздерді артықшылықпен пайдалану.
569. Жылу желілерінің барлық жылу магистральдарына, камерларына (тарамдану тораптарына), толықтыру мен дренаждау сорғыларына, автоматты реттеу тораптарына, қозғалыссыз тіректерге, компенсаторларға және жылу желісінің басқа да құрылыстарына жоспарларда, схемаларында және пьезометрикалық кестелерде белгіленетін пайдалану нөмірлері беріледі:
Пайдалану (есептеу) схемаларында желіге қосылған барлық абоненттік жүйелер, ал жедел схемаларда, сондай-ақ секцияларға бөлетін және тиекті арматура нөмірленуге тиіс.
Таратушы құбыржолдарына орнатылған арматура (бу құбырында) тақ нөмірмен белгіленеді, ал оған сәйкес келетін арматура қайтару құбыржолдарында (конденсат жолында) жұп нөмірмен белгіленеді.
570. Жылу желілерінің әрбір ауданының газ қауіптілігі бар камераларының және өту каналдарының тізбесі болуы тиіс. Жұмысты бастаудың алдында осындай камералар газды табу үшін тексеріледі. Газ қауіптілігі бар камералардың арнайы белгілері, люктері боялған болуы тиіс және сенімді бекітілуі тиіс.
Барлық газ қауіптілігі бар камералар және трассалардың учаскелері жылу желісінің жедел схемасында белгіленеді.
571. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымдарға жылу жүйелерінің, жылу пункттерінің және тұтынушыларға тиесілі жылу тұтыну жүйелерінің техникалық қабылдауын олардың монтаждалуы немесе жөнделуінен кейін жүзеге асырыларды, онымен қоса тұтынушы арматура және жылыту аспаптарының осы желілер үшін максималды жол берілген байқау қысымынан аспайтын, қысыммен жеке жабдығының мықтылығы мен тығыздығын анықтау мақсатында гидравликалық сынақ өткізуі керек.
572. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар осы Қағидалардың 498-тармағына сәйкес кері желілік су сапасына тұрақты бақылауды ұйымдастыруы және желілік судың сапасын нашарлататын абоненттерді анықтауы қажет.
573. Жылу желілерінің құбыржолдары оларды пайдалануға енгізгенге дейін монтаждаудан және күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін:
1) бу құбырлары – буды атмосфераға шығару арқылы үрлеумен;
2) жылумен жабдықтаудың жабық жүйелеріндегі су желілері мен конденсат құбырлары – гидропневматикалық үрлеумен;
3) жылумен жабдықтаудың ашық жүйелеріндегі су желілері – гидропневматикалық шаюға және қоректік сумен кейіннен қайтадан шаю арқылы зарарсыздандыра отырып, тазалануы керек.
Зарарсыздандырылғаннан кейін қайтадан шаю ағызылған судың көрсеткішіне дейін жүргізіледі.
574. Тұтынушылардың жылу желілерін және гидропневматикалық шайылмаған жылуды тұтыну жүйесін іске қосуға, ал жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерін зарарсыздандыруға жол берілмейді.
575. Барлық қайтадан жөнделген жылу желілерінің құбыржолдары тығыздығы бойынша белгіленген тәртіппен гидравликалық сынақтан өтуі тиіс.
576. Желілік құбыржолдарды толтыру, оларды шаю мен қайта шаю, зарарсыздандыру (жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін), айналым жүйесін қосу, бу құбырларын үрлеу мен жылыту және су немесе бумен жылыту желілерін іске қосу бойынша операциялар, сондай-ақ желінің немесе оның жекеленген элементтері мен конструкцияларының кез келген сынақтары жылу желілерін пайдаланушы ұйымның басшысы бекіткен және жылу көзі энергетикалық объектісінің – басшылығымен келісінген арнайы әзірленген техникалық бағдарлама бойынша жауапты адамның жетекшілігімен орындалады.
577. Жылу желілерінің құбыржолдары жылу тұтынудың жүйелері ажыратылған кезде температурасы 70оС жоғары емес сумен толтырылады.
578. Құбыржолдарының және жылу желілерінің (арқалықтар, тіректер, мачталар, эстакадалар) металл конструкцияларының сыртқы беті төзімді коррозияға қарсы жабынмен жабылады.
Құрылыстан және күрделі жөндеуден кейін құбырлар мен металл конструкциялардың коррозияға қарсы сыртқы жабынсыз жылу желілерін іске қосуға жол берілмейді.
579. Жылу желілерінің құбыржолдары, арматуралар, компенсаторлар мен ернемек қосылыстары жобаға сәйкес жылу оқшауламасымен жабылуы тиіс.
Жылу желілерінде гидрофильдік көму оқшауламасын, сондай-ақ гильзаларда (қаптарда) құбыржолдарын төсеген кезде тығыздау оқшауламасын қолдануға жол берілмейді.
580. Төмендететін дренаж жұмыс істемеген кезде жылу желілерін пайдалануға енгузуге жол берілмейді.
581. Өту арналары, сондай-ақ электр жабдықтары орнатылған ірі тораптық камералар электрлі жарықтандырылуы керек. Өту арналарының құйылу-сору желдеткіші жарамды күйде болуы қажет.
582. Ернемек арматураларын қолдану орындарынан басқа, жылу желілерінің құбырларының барлық қосылыстары дәнекерленуі тиіс.
Компенсаторлар мен арматуралар үшін мақта-қағаз және көбікпен тығыздап толтыруға жол берілмейді.
583. Жылу желілерін жер үстіне төсеген кезде электр жетектері бар ысырмалар үй-жайларға орналастырылуы тиіс немесе атмосфералық ылғалдан және бөгде адамдардың қол тигізуіне жол бермейтін арматуралар мен электр жетектерін қорғайтын қаптамалармен оралуы тиіс.
584. Су температурасының жарамсыз реттегіші бар ыстық сумен жабдықтау қондырғылары, сондай-ақ жарамсыз есептеу құрамдары бар жылуды тұтынатын жүйелерді жылу жүйелеріне жалғауға жол берілмейді.
585. Жылу желілері жабдықтарының техникалық жай-күйін және олардың жұмыс тәртібін бақылау үшін жүйелі түрде кесте бойынша жылу құбырлары мен бекеттері тексеріледі.
586. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар құрылыс құрылғыларының, жылу желілерінің құбыржолдары мен жабдықтарының ақауларын анықтауы, заманауи құралдар мен диагностикалау әдістерін қолдана отырып, сондай-ақ қарау, сығымдау, жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурасы кезінде сынау мен басқа да әдістерді қолдана отырып, олардың техникалық жай-күйіне, жылу оқшауламасы мен коррозияға қарсы жабынға бақылау жүргізуі қажет. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар барлық жабдықтардың түрі бойынша барлық бұзылған және анықталған ақаулардың есебін жүргізуі және олардың туындау себептерін талдауы қажет.
Жылу желілерінің құбыржолдары мен жабдықтарының техникалық жай-күйін бақылау бу мен ыстық су құбыржолдарының қауіпсіз пайдалану мен құрылғы талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Жылу желілерінің жабдықтары техникалық жай-күйін бақылау жұмысын жүргізу мерзімділігін жылу желісін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы белгілейді.
587. Су жылу желілерінде және конденсат құбырларында желілік су мен конденсатты талдай отырып, сондай-ақ осы тектес орындарда (ЖЭО-мен шықпада, аяқталу учаскелерінде, магистральдың екі-үш аралық тораптарында) орнатылатын ішкі коррозия индикаторлары бойынша құбыржолдарының ішкі коррозия жай-күйін жүйелі бақылауы ұйымдастыру қажет. Істен шыққан жылу желісі химиялық тазартылған деаэраторланған сумен ғана толтырылады.
588. Қаныққан будың бу құбырларынан конденсат конденсатты бұрғыштар арқылы үздіксіз бұрып әкетіледі.
Жалпы конденсат құбырына конденсат бұрушылардың жұмысына кері қақпақшалар орнатылмай жол берілмейді.
589. Секциялау ысырмалары мен қалыпты режимдегі тиекті арматура толығымен ашық немесе толығымен жабық күйде болуы тиіс, онымен жылу тасығыштың шығынын реттеуге жол берілмейді.
590. Су жылу тораптарынан жылу тасымалдағыштың орташа жылдық кемуі жылу желілеріндегі және оған қосылған жылуды тұтыну жүйелерінде сағатына, олардың қосылу (су жылытқыштары арқылы қосылған ыстық сумен жабдықтау жүйелерінен басқа) схемаларына қарамастан, судың орташа жылдық мөлшері 0,25 % аспауы қажет. Жылу тасымалдағышының маусымдық кему нормасы орташа жылдық мәні шегінде белгіленеді.
Жылу тасымалдағыштағы кемуді анықтау кезінде жылу құбырларын толтырудағы судың шығысы мен жоспарлық жөндеу, жаңа желі учаскелері мен тұтынушыларды қосу кезінде жылу тұтыну жүйелері ескерілмейді.
591. Жөндеу жұмысынан кейін жылу беру маусымы басталғанға дейін құбыржолдарының тығыздығы мен беріктігін және орнатылған тиекті және реттеуші арматураны тексеру мақсатында желілердің гидравликалық сынағы өткізіледі.
Сынамалық қысымның ең аз мәні 1,25 жұмыс қысымын құрайды. Бұл ретте, жұмыс қысымының мәнін бу мен ыстық су құбырларының құрылғылары мен қауіпсіз пайдаланудың техникалық талаптарына сәйкес жылу желілерін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы анықтайды.
Әрбір нақты жағдайларда сынама қысымының мәнін жоғарыда көрсетілген жол берілетін шекте жылу желісін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы анықтайды.
Жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурада жұмыс істеуін сынау және беріктігі мен тығыздығы бойынша жылу желілерінің гидравликалық сынағын бір уақытта өткізуге жол берілмейді.
592. Беріктігі мен тығыздығы бойынша гидравликалық сынақ жүргізу үшін жылу желілерінің құбыржолдары 45оС жоғары емес сумен толтырылады.
Жылу желілерін сынама қысыммен сынағын өткізу кезінде жылу пунктері мен жыл тұтыну жүйелері сенімді түрде ажыратылуы тиіс.
593. Жылу желілерінде нақты жылу және гидравликалық шығындарды анықтау 5 жылда кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
594. Кезбе тоқтардың әлеуетіне жылу желілерін сынаудың көлемі мен мерзімділігі электр-химиялық коррозиядан жылу желілерін қорғау бойынша шарттарға сәйкес болуы тиіс.
595. Технологиялық қорғау пайдалануға үнемі енгізіледі. Жылу желілерінің жұмысы кезінде технологиялық қорғану құрылғыларын ажырату жылу желілерін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен, жедел құжатты ресімдей отырып жүргізіледі.
Технологиялық қорғану құрылғылары мынадай жағдайларда жұмыстан шығарылуы мүмкін:
желілер ауыспалы режимде жұмыс істеген кезде;
қорғанудың анық жарамсыздығы кезінде;
аварияны жою кезінде;
жабдықты жөндеу кезінде.
Технологиялық қорғану құрылғыларының жұмыс қабілеттілігі өндірістік нұсқаулықта көрсетілген мерзімде және көлемде мерзімді түрде тексеріледі.
596. Екі құбырлы су-жылу желілері үшін жылу беру режимінің негізіне орталық сапалы реттеу кестесі жатқызылуы тиіс.
Ыстық сумен жабдықтау жүктемесі болған кезде берілетін құбыржолдарындағы судың ең төмен температурасы мынадай болуы тиіс:
жабық схемалар үшін 70оС төмен емес;
ыстық сумен жабдықтаудың ашық схемалары үшін 60оС төмен емес.
597. Су-жылу желілерінің гидравликалық режимдері жыл сайын жылыту мен жаз мезгілдері үшін әзірленеді.
Жылыту кезеңінде сумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін режимдер беруші және кері ағынды құбыржолдарынан ең жоғарғы суалғы болған және суалғы болмаған кезде әзірленеді.
Тұтынушылардан судың жұмсалуын реттеу жөніндегі іс-шаралар әр жылыту маусымы үшін әзірленеді.
Жылумен жабдықтау схемасында қарастырылған сорғы станциялары мен жаңа магистральдар құрылыстарының кезектілігі қосылған жылу жүктемесінің нақты өсуінің есебімен анықталады, сол үшін жылу желісін пайдаланушы ұйымда таяудағы 3-5 жылға арналған жылумен жабдықтау жүйелерінің гидравликалық режимдері әзірленеді.
Жылу желілерінде сорғы станцияларының және негізгі магистальдардың жеке учаскелері істен шыққан кезде тұтынушылардың жылумен жабдықтауын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар қарастырылған.
598. Су-жылу желілерінің беруші желісінің кез келген жеріндегі, құбыржолдарындағы және жылу көзінің жабдықтарындағы, жылу желілері мен жылу пункттеріндегі және жылуды тұтыну жүйелеріне тікелей қосылған жоғарғы нүктелердегі су қысымы желілік сорғылардың жұмыс істеу кезінде оның ең жоғары температурада судың қайнамауы кемінде 0,5 кгс/см2 (50кПа) қормен қамтамасыз етіледі.
Су-жылу желілерінің керіжелідегі су қысымы желілік сорғылардың жұмыс істеу кезінде кез келген нүктеде 0,5 кгс/см2 (50к Па) төмен болмауы тиіс. Кері желідегі су қысымы құбыржолдар мен жылу көзінің жабдықтары, жылу желілері мен жылу пункттері және тікелей қосылған жылу тұтыну жүйелері үшін жол берілетін қысымынан жоғары болмауы тиіс.
599. Жылумен жабдықтау жүйелерінде статикалық қысым жылу желілерінің құбыржолдарын, сондай-ақ барлық тікелей қосылған жылуды тұтыну жүйелері сумен толтыруын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Статикалық қысым жылу көздерінің, жылу желілері мен жылу пункттерінің және тікелей қосылған жылу тұтыну жүйелерінің құбыржолдарымен жабдықтары үшін рұқсат шектен тыс жоғары болмауы тиіс. Статикалық қысым су температурасы 1оС-тен 100оС-қа дейін болған кезде шартты түрде анықталады.
600. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымның тораптық және айдаушы сорғыларын электрмен жабдықтауды авариялық тоқтату кезінде рұқсат берілген деңгей шегінде жылу желілерінде және жылуды тұтыну жүйелерінде қысымды қамтамасыз ету қажет. Осы деңгейін асып кету мүмкіндігі болған кезде жылумен жабдықтау жүйелерін гидросоққыдан сақтайтын арнайы құрылғыларды орнату қарастырылады.
601. Жылу желілерінің жөндеу жұмысы анықталған ақауларды, бұзылуларды талдаудың, мерзімді қарап тексерудің, сынаудың, диагностика мен жыл сайынғы нығыздау нәтижелерінің негізінде бекітілген кестеге (жоспарға) сәйкес жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарының кестесі жылу желілері мен жылу орындарының құбыржолдарының бір уақытта жөндеу шарты ескеріліп, жасалады.
Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар авариялық құбыржолдарын жүйелі түрде ауыстыруды, сондай-ақ жабдықтар мен желілерді пайдаланудың сенімділігімен жіберілген жылудың пайдалану тиімділігін арттыруға, жылу мен желілік судың шығындарын азайтуға бағытталған жұмыстарды орындауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет