Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары



бет36/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

7. Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары

Генераторлар мен синхронды компенсаторлар


615. Генераторлар мен синхронды компенсаторларды пайдалану кезінде жол берілген режимдерде олардың үздіксіз жұмысы, қоздыру, суыту, маймен жабдықтау жүйелерінің, бақылау, қорғау, автоматика мен диагностика құрылғыларының сенімді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
616. Қоздырудың автоматтық реттеуіштері (бұдан әрі – ҚАР) әрдайым іске қосылып тұруы тиіс. ҚАР-ды немесе олардың жеке элементтерін (ең аз қозуын шектеу) ажырату, жөндеу немесе тексеру үшін ғана жол беріледі.
ҚАР-ды баптау мен іске қосу генераторлардың (синхронды компенсаторлардың), автоматиканың жалпы станциялық және жүйелі құрылғыларының рұқсат етілген жұмыс режимдерімен байланысты болуы қажет.
Электр станцияларында ҚАР-ды баптаудың негізгі параметрлері туралы мәліметтер болуы тиіс.
Резервтік қоздырғыштарда ротордың номиналды кернеуінен 1,3 төмен емес еселігімен қоздыру үдемелігі қамтамасыз етіледі.
617. ҚАР және жұмыс қоздыруын үдетудің құрылғылары желідегі кернеудің төмендеуі кезінде мыналарды қамтамасыз ететіндей ретке келтірілуі тиіс:
1) қозудың шекті бекітілген кернеуі егер осы кернеу машиналардың жеке ескі типтері үшін шектеулі болса, жұмыс тәртібінде еселенгеннен төмен болмайды;
2) қоздыру кернеуінің номиналды көтерілуінің жылдамдығы;
3) үдетудің берілген ұзақтығын автоматты шектеу.
618. Генераторлар негізгі қоздыру кезінде пайдаланылуға енгізіледі. Пайдаланылған кезде негізгі қоздырудан резервтік қоздыруға ауыстырылады және ол қайтадан генераторды желіден ажыратпастан орындалады.
619. Теріс қоздыру орамалары жоқ барлық генераторлар мен синхрондық компенсаторларда асқын кернеуден (разрядтығыштар бар, өшіру кедергісі) ротордың орамалары орнатылуы және әрдайым қорғалуы тиіс.
620. Сутегімен салқындайтын генераторлардың тығыздағыштарын маймен жабдықтаудың резервтік көздері май қысымын белгіленген деңгейінен төмендетуден жұмыс көзінің ажыратылуы және әрдайым қорғалуы тиіс.
Қуаты 60 МВт және одан жоғары генераторлардың тығыздағыштарын маймен жабдықтаудың негізгі көздерін резервтеу үшін үнемі демпферлік (буферлік) бактар іске қосылуы тиіс. Демпферлік бактардағы майдың қоры майдың берілуін және маймен жабдықтаудың барлық көздері істен шыққан жағдайда, вакуумды үзе отырып, турбоагрегаттың айналасының барлық уақыты ішінде білік тығыздағыштарында май-сутегі қысымының оң айырымын ұстап тұруын қамтамасыз етеді.
621. Тікелей сутегімен салқындайтын турбогенераторлар мен синхрондық компенсаторлар монтаждау және күрделі жөндеу жұмысынан кейін сутегінің номиналды қысымы кезінде пайдалануға беріледі.
Тікелей сутегімен немесе белсенді бөліктері сутегімен-сумен салқындайтын турбогенераторлар үшін ауамен салқындайтын жүктемемен жұмыс істеуге жол берілмейді.
Ауамен салқындату кезінде мұндай машиналардың қысқа уақыт жұмыс істеуі қоздырусыз бос жүріс режимінде ауа температурасының дайындаушы зауыт нұсқаулығында көрсетілген температурасынан жоғары емес болуына ғана жол беріледі. ТВФ сериялы турбогенераторлар үшін желіден ажыратылған машинаның қысқа мерзімді қоздырылуына жол беріледі.
622. Генераторлар мен синхронды компенсаторлардың өрт сөндіруге арналған құрылғылары үнемі дайын болуы және олардың тез іске қосылу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
623. Генераторлар мен синхронды компенсаторларды іске қосу мен пайдалану кезінде:
1) статорлардың электр параметрлеріне;
2) ротор және статор орамасы мен болаттың температурасын қоздыру жүйесіне, салқындату үшін арналған құралдарға (оның ішінде қоздыру жүйесінің жабдықтары), білік тығыздағышына, мойынтіректер мен өкшеліктерге;
3) қысымды, оның ішінде сүзгілеріндегі қысымның өзгеруіне, меншікті кедергіні және орама мен басқа да белсенді және конструктивтік бөлшектер арқылы дистияляттың шығынына;
4) сутегінің қысымы мен тазалығына;
5) қысым мен май температурасына, сондай-ақ біліктің тығыздағыштарында май-сутегі қысымының өзгеруіне;
6)сұйықтықты салқындату жүйесінің тұмшалануына;
7) сутегімен және толығымен сумен салқындайтын турбогенераторлар корпусындағы газдың ылғалдылығын;
8) демпфер бактарындағы және турбогенераторлардың қалқитын гидро бекітпелеріндегі гидро генераторлардың мойынтіректері мен өкшеліктерінің май ванналарындағы май деңгейіне;
9) мойынтіректермен турбо генераторлардың қосылған сақиналарының, айқаспалар мен гидро генераторлар мойынтіректерінің діріліне бақылау жүргізілуі тиіс.
624. Жұмыс істеп тұрған және резервтегі генераторлар мен синхрондық компенсаторлардың газ-май және су жүйесінің жұмыс көрсеткішін анықтау мерзімділігі мынадай болуы тиіс:
1) генератор корпусындағы сутегінің шық (ылғалдығы) нүктесінің температурасы – аптасына кемінде 1 рет, ал газды немесе ылғалдықтың, рұқсат берілгеннен жоғары болып, жеке кептіруінің жарамсыздық жағдайында – тәулігіне 1 реттен жиі емес. Турбогенератор корпусының ішіндегі газдың ылғалдығы толығымен судың салқындауымен үздіксіз автоматты түрде бақыланады;
2) машина корпусының газ тығыздығы (сутегінің тәуліктік кемуі) – айына кемінде 1 рет; машина корпусындағы сутегінің тазалығы – бақылау мақсатындағы химиялық талдау бойынша және үздіксіз автоматты газанализатор бойынша аптасына кемінде 1 рет, ал автоматты газанализатор жарамсыз болған кезде – ауысымда кемінде 1 рет;
3) газ торында, мойынтіректердің картерлерінде, экранды ток өткізгіштерінде, желілік және нөлдік шықпалар қаптамаларында сутегінің болуы – сигналға әсер ететін үздіксіз автоматтық газанализатормен, ал осындай газанализатор жарамсыз болған кезде немесе мүлде жоқ болған кезде – жылжымалы газанализатормен немесе индикатормен тәулігіне кемінде 1 рет;
4) машина корпусының ішіндегі сутегіде, қалқымалы гидробекітпеде, үрлеу багінде және генератордың май тазалаушы қондырғысының су бөлу багінде оттегінің болуы – осы химиялық бақылау бойынша бекітілген кестелерге сәйкес;
5) орама мен генератордың басқа да бөлшектерінің сумен салқындату жүйесінде дистиллят сапасының көрсеткіштері – генераторларды пайдалану бойынша типтік нұсқаулыққа сәйкес.
625. Сутегінің тазалығы мынадан төмен болмауы тиіс: тікелей сутегімен салқындайтын генераторлардың корпустары мен синхрондық компенсаторлардың барлық түрлерінде – 98 %, қосалқы сутегімен салқындайтын генераторлардың корпустарында сутегінің қысымы 0,5 кгс/см2 (50 кПа) және жоғары болған кезде – 98 %, сутегінің қысымы 0,5 кгс/см2 (50 кПа) дейін көтерілген кезде – 95 %.
Генератор корпусындағы сутегі шығы нүктесінің температурасы жұмыс қысымы 15 оС жоғары болмаған кезде және газ суытуға кірерде әрдайым су температурасынан төмен болуы тиіс.
Толығымен сумен салқындату генераторының корпусындағы газ шығы нүктесінің температурасы пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулығымен белгіленген мәнінен жоғары болмауы тиіс.
626. Сутегідегі, генератор корпусындағы (синхрондық компенсатордағы) оттегі 1,2 % аспауы тиіс, ал қалқымалы гидробекітпеде, үрлеу шағын багінде және генератордың майды тазалау қондырғысының суды бөлу багінде – 2 % астам болуы тиіс.
627. Мойынтіректер картерлеріндегі, экранды ток өткізгіштеріндегі, желілік сызықтық және нөлдік шықпа қаптамаларындағы сутегі– 1 % болуы тиіс. Ток өткізгіштеріндегі, желілік және нөлдік шықпа қаптамаларындағы сутегі 1% және одан астам мойынтіректер картерлерінде 2 % астам болған кезде турбогенеротордың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
628. Генератор корпусындағы (синхрондық компенсатордағы) сутегі қысымының тербелісі сутегінің номиналды қысымы 1 кгс/см2 (100 кПа) дейін көтерілген кезде 20 % аспауы тиіс, ал қысымы ± өте жоғары болған кезде 0,2 кгс/см2 (± 20 кПа) аспауы тиіс.
629. Синхрондық компенсатор майсорғыларының сору магистральдарында сутегімен салқындатуы жұмысы кезінде майдың артық қысымы кемінде 0,2 кгс/см2 (20 кПа) астам қамтамасыз етіледі.
630. Генератордың роторы қозғалмай және айналып тұрған кезінде роторының тығыздағыштардағы май қысымы машина корпусындағы сутегі қысымынан артық болуы тиіс. Қысымның төмен және жоғары өзгеруінің шегі дайындаушы зауыт нұсқаулығында көрсетіледі.
631. Турбогенераторлар білігінің маймен жабдықтау тығыздағышының жүйесінде әрдайым май қысымын реттеуші (тығыздайтын, қысушы, қалпына келтіруші) іске қосылады.
Білік тығыздағышын маймен жабдықтау жүйесінің тиекті арматурасын пломбылау осы Қағидалардың 366-тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
632. Генератордағы сутегінің тәулік бойы ағуы 5 % аспауы тиіс, ал үрлеуді есепке ала отырып тәуліктік шығысы – жұмыс қысымы кезінде газдың жалпы санынан 10 % астам болмауы тиіс.
Синхронды компенсатордағы сутегінің тәуліктік шығысы ондағы газдың 5 %-нан астам болмауы тиіс.
633. Генераторлар дәл синхрондау тәсілімен желіге қосылады.
Дәл синхрондауды пайдалану кезінде синхрондық емес қосуды блоктау енгізіледі.
Егер бұл жеткізудің техникалық шарттарымен қарастырылған немесе дайындаушы зауытпен арнайы келісілген болса, желіге қосу кезінде синхрондау тәсілін пайдалануға жол беріледі.
Энергетикалық жүйедегі аварияны жою кезінде қуаттылығы 220 МВт дейін болатын турбогенераторлармен қоса және барлық гидрогенераторларды өзіндік синхрондық тәсілмен қатарлас жұмысқа қосуға жол беріледі. Осы тәсілмен жоғары қуатты турбогенераторларды, егер блокты трансформаторлар мен желілердің индуктивтік кедергілері ескеріліп белгіленген аса өтпелі тоғының номиналдыға дейінгі еселігі 3,0 аспайтын болса жол беріледі.
634. Агрегаттың бұзылуы немесе турбинаның реттегіш жүйесінің жарамсыздығымен байланысты емес жүктемені тастау және ажырату кезінде генераторларды қарамай және тексермей желіге қосуға жол беріледі.
635. Генераторлар мен синхронды компенсаторларда кернеудің арту жылдамдығы шектелмейді.
Барлық генераторлар үшін белсенді жүктемені жинау және өзгерту жылдамдығы турбина немесе қазандық жұмысының шарттарымен белгіленеді.
Генераторлар мен жанама салқындайтын орамасы бар синхрондық компенсаторлардың, турбогенераторлардың, газ турбинасы қондырғыларының, сондай-ақ тікелей салқындайтын орамасы бар гидрогенераторлардың реактивтік жүктемесінің өзгеру жылдамдығы шектелмейді; тікелей салқындайтын орамасы бар турбогенераторларында бұл жылдамдық қалыпты режимдерде белсенді жүктеме жиынтығының жылдамдығынан аспауы тиіс, ал авариялық жағдайларда – шектелмейді.
636. Қуаттың номиналды коэффициентінде (қуаттылығы 30 МВт барлық турбина генераторлары және барлық газтурбиналы және бугазды қондырғылардың турбина генераторлары үшін де қуат коэффиценттерінің және салқындату параметрлерінің белгіленген мәндерінде ұзақ ең жоғарғы қуат) генераторлардың номиналды қуаты және синхрондық компенсаторлардың номиналды қуаты кернеудің ± 5 % дейін және номиналды мәнінде жиіліктің ± 2,5 % бір мезгілде ауытқуы кезінде сақталуы тиіс, егер машиналардың жеке түрлерінің стандарттарында кернеу мен жиіліктің ауытқуы бойынша өзге шарттар қойылмаса, жоғары кернеумен және төменгі жиілікпен жұмыс кезінде кернеу мен жиіліктің абсолюттік мәні 6 % аспауы тиіс.
Номиналды қуатпен жұмыс істеу кезінде және ± 5 % шегінде кернеудің ауытқуы кезінде алынған ротор тоғы салқындату құрылғыларының номиналды параметрлерімен жұмыс істеу кезінде ұзақ уақытқа жол беріледі.
Ұзақ ең үлкен қуаттылықпен жұмыс кезінде ротордың әлдеқайда көп тоғы ± 5 % дейінгі кернеудің ауытқуы барысында ортаны суытатын номиналды параметрлермен жұмыс кезінде ғана ұзақ уақытқа жол беріледі Барлық генераторлар мен синхронды компенсаторлар үшін жұмыс кернеуі номиналды кернеуінен 110 % жоғары болмауы тиіс. Кернеуі номиналдыдан 105 % жоғары болған кезде генераторлар мен синхронды компенсаторлардың жол берілетін қуаты дайындаушы зауыт нұсқаулығының нұсқауына сәйкес немесе сынақ нәтижелері бойынша белгіленеді.
Генератор немесе синхронды компенсатор кернеуінің номиналдыдан 95 % төмен болған кезде жол берілетін мәнінен статор тоғы 105 % жоғары болмауы тиіс.
637. Ортаны салқындататын, температура мен қысым кезінде жол берілетін, жоғары мәндегі ток бойынша генераторлар мен синхрондық компенсаторларды ұзақ уақыт шамадан тыс жүктеуге жол берілмейді.
Авариялық жағдайларда генераторлар мен синхронды компенсаторларды дайындаушы зауыттың нұсқаулықтары, техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес статор мен ротор тоғы бойынша қысқа уақыт қайта жүктеуге жол беріледі.
Осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес статор тоғы бойынша генераторлар мен синхронды компенсаторларды аз уақыт қайта жүктеуіге жол беріледі.
Генераторлар мен ораманы жанама салқындататын синхрондық компенсаторлардың қоздыру тоғы бойынша жол берілетін жүктеу статордың жол берілетін қайта жүктеуімен анықталады. Ротордың орамасын тікелей сутегімен немесе сумен салқындататын турбогенераторлар үшін қоздыру тоғы бойынша жол берілетін қайта жүктеу осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес, ротор тоғының номиналды мәніне жатқызылған тоқтың еселігімен анықталады.
638. Сатор орамасында жерге бір фазалы тұйықталу пайда болған кезде, немесе генератор кернеуінің тізбегінде блок генераторы (синхрондық компенсатор) немесе блок генераторлық ажыратқыш болмаған кезде, автоматты түрде ажыратылады, ал қорғалуы істен шыққан кезде – дереу желіден ажыратылады:
1) блоктарда генератор-трансформатор (компенсатор-трансформатор) генератор кернеуіндегі тармақтарсыз және өзіндік қажеттіліктер трансформаторларының тармақтарымен – тұйықталудың сыйымды тоғы мәніне қарамастан;
2) тұйықталу тоғы 5А және одан жоғары болған кезде жеке қажеттіліктер немесе тұтынушылар желісімен генераторлық кернеуде электр байланысы бар блокты генераторлар мен синхронды компенсаторлар статорының орамасында жерге тұйықталу кезінде.
Мұндай шаралар генератор статорының орамасында және жиынтық шиналар мен жұмыс істейтін компенсаторларда жерге 5А және одан аса тоқтың табиғи тұйықталуы кезінде жерге тұйықталуы қарастырылады.
Жеке қажеттіліктерінің немесе тұтынушылардың желісімен электр байланысы бар және генераторлардың (компенсаторлардың) шиналарына қосылған блоктың генераторларының генераторлық кернеуінің тізбегінде тұйықталудың сыйымдылық тоғы 5А-дан аспаған кезде және қорғау тек дабылға әсер ететін болса немесе мүлде сезбеген жағдайда генераторлардың (компенсаторлардың) жұмысы 2 сағаттан артық емес уақыт ішінде (тұйықталу орнын іздеу үшін, жүктемесінің ауыстырылуы) жол беріледі. Статордың орамасында тұйықталу анықталған кезде генератор (компенсатор) ажыратылуы тиіс. Егер жерге тұйықталу орны статордың орамасында емес екені анықталса, электр станциясының техникалық басшысының немесе электр желісін пайдаланытын ұйымның қарауы бойынша желіде ұзақтығы 6 сағатқа дейін тұйықталумен генератордың немесе синхрондық компенсатордың жұмысына жол беріледі.
639. Сигнал пайда болған кезде немесе ротордың орамасын тікелей салқындататын турбогенератордың қоздыру тізбегінде оқшауландырудың кедергісін терең төмендету өлшемімен анықтаған кезде, ол 1 сағат бұрын болуы тиіс, ал жерге тұйықталу кезінде – дереу резервтік қоздыруға ауыстырылуы тиіс. Егер бұл ретте, оқшаулама кедергісі қалпына келтірілсе, генератор жұмысы тоқтатылуы мүмкін, егер ол төмен болса, бірақ дайындаушы-зауыттың нұсқаулығымен белгіленген ең аз шекті мәнінен жоғары болса, турбогенератор бірінші мүмкіндік болған кезде, бірақ 7 тәуліктен кешіктірілмей, жөндеуге шығарылады.
Резервтік қоздыру жүйесі болмаған кезде немесе оны пайдалану мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ оқшауламаның кедергісі бұдан әрі төмендеген кезінде (шекті ең аз мәннен төмен), резервтік қоздыруы жұмыс істеу кезінде турбогенератор 1 сағат ішінде жүктемеден алынып, желіден ажыратылып, жөндеуге шығарылады.
Жерге тұйықталу пайда болған кезде (2 кОм дейін және одан да төмен оқшауламаның кедергісі төмендеген кезде) ротордың орамасын жанама салқындататын турбогенератордың қоздыру тізбегі резервті қоздыруға көшіріледі. Егер бұл ретте жерге тұйықталу жоғалып кетсе, генераторды жұмыс үстінде қалдыруға жол беріледі. Ротор орамасында жерге тұйықталуы табылған кезде, турбогенератор бірінші мүмкіндік туындағанда жөндеуге шығарылады. Жөндеуге шығарғанға дейін ротор орамасының тұрақты тұйықталуы кезінде корпусқа, сигналға немесе ажыратуға әрекет ететін ротор орамасында жерге екі мәрте тұйықталудан қорғалуы тиіс.
Сигнал пайда болған кезде, турбогенератор дереу жүктемеден алынады және желіден ажыратылады. Егер екі рет тұйықталудан қорғалуы қарастырылмаған болса немесе істен шығарылуы мүмкін болмаса, турбогенератор 1 сағат ішінде жүктемеден алынады, желіден ажыратылып, жөндеуге шығарылады.
Жерге тұйықталатын гидрогенераторлар мен синхронды компенсаторлардың жұмысы қоздыру тізбегінде жол берілмейді.
640. Турбогенераторлар үшін номиналды тоқтан 12 % аспайтын және синхронды компенсаторлар мен дизель-генераторлар үшін 20 % аспайтын фазалардағы тоқтын әртүрлі ұзақ жұмыс істеуіне жол беріледі.
Гидрогенераторлық жанама жүйесімен ауа салқындатқыш оталдырғыш орамалары фазалы ток айырымда 20 %-қуаттылық кезінде 125 МВ-А және төмен 15% қуаттылығы астам кезінде 125 МВ-А рұқсат етіледі.
Статордың орамасының негізгі сумен салқындатылған гидрогенераторлар үшін фазалардағы тоқтың әртүрлілігі 10% пайыз болған кезде жол беріледі. Барлық жағдайларда токтың ешбір фазасында номиналдыдан жоғары болмауы тиіс.
641. Төмен жүктеме кезінде қоздырусыз асинхрондық режимде турбогенераторлардың қысқа уақыттық жұмысына жол беріледі. Ораманың жанама салқындауымен турбогенераторлар үшін аталған режимде 60 % номиналдыға дейін жүктеуге жол беріледі, ал бұл ретте жұмыс ұзақтығы 30 минуттан аспайды.
Асинхрондық режимдегі асинхрондық турбогенераторлардың және орамаларды тікелей салқындататын турбогенераторлардың қоздыруынсыз жол берілетін жүктеме мен жұмыс ұзақтығы дайындаушы-зауыт нұсқаулығының негізінде, ал ол болмаған кезде – арнайы сынақ нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
Турбогенераторлардың асинхрондық режимінің желіге әсері бойынша берілуі есептеулермен немесе сынаулармен анықталады.
Асинхрондық режимде гидрогенераторлар мен ротордың тістер жинағы бар турбогенераторлар жұмысына қоздырусыз жол берілмейді. Кез келген үлгідегі жеке қоздырылған генератордың үйлесімсіз жұмысы электр станцияның басқа генераторларына қатысты жол берілмейді.
642. Электр қозғалтқышы режиміндегі генератордың жұмыс істеуге жол берілуі мен ұзақтығы турбинаның жұмыс шарттарымен шектеледі және оны турбинаны дайындаушы-зауыт анықтайды.
643. Генератордың номиналдыдан төмен қуаттылығының коэффициентімен ұзақ жұмысы және синхрондық компенсаторлар режимінде қайта қоздырылуымен (индуктивтік квадрантта) салқындатылатын орталардың осы параметрлері болған кезде ұзақ уақыт жол берілген жоғары емес қоздыру тогында жол беріледі.
Синхрондық компенсатор режимінде генераторлардың жол берілетін реактивтік жүктемесі және синхрондық компенсаторларда (сыйымдылық квадрантында) дайындаушы-зауыт нұсқаулығының, ал ол жоқ болған кезде арнайы жылу сынақтарының нәтижесінің негізінде белгіленеді.
644. Ораманы жанама салқындататын генераторлардың ұзақ жұмысы қуат коэффициентінің, толық қуаттың номиналды мәнін сақтай отырып, номиналдыдан бірге дейін көтерілген кезде жол беріледі.
Толымсыз қоздыруылған жұмыс режиміндегі генераторлардың жол берілетін ұзақ жүктемесі, сондай-ақ тікелей салқындатылатын генераторлар үшін қуаттылық коэффициентінің номиналдыдан бірге дейін көтерілуі кезінде, дайындаушы-зауыт нұсқаулығының нұсқауы негізінде белгіленеді.
Толымсыз қоздыру режимінде генератордың мерзімді жұмыс істеу кезіндегі қоздырудың ең аз тоғын автоматтық шектеу қамтамасыз етіледі.
645. Дистилляттың айналымы немесе барлық режимдерде, қоздырусыз, бос жүріс режимінен басқа, орамаларда май болмаған кезде, орамалардың тікелей сұйықтықпен салқындайтын генераторларының жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Тікелей сұйықтықпен салқындайтын орамаларда салқындайтын сұйықтықтың айналымы тоқтаған кезде жүктеме автоматты түрде 2 минут ішінде (егер нұсқаулықта генераторлардың жекелеген түрлеріне өзге талаптар қойылмаған болса) алып тасталады, генератор желіден ажыратылады және қоздыруы алынады.
646. Генераторлардың және ротор орамасының газбен салқындатылған және 500-1000 В кернеуге мегаомметрмен өлшенген қоздыру жүйесінің элементтерінің ауамен салқындатылатын синхрондық компенсаторларының барлық қоздыру тізбегінің оқшаулама кедергісі кемінде 0,5 МОм болмауы тиіс.
Ротор орамасының немесе қоздыру жүйесі элементтерінің сумен салқындатуы кезінде қоздыру тізбегінің оқшаулама кедергісінің жол берілетін мәндері генераторлар мен қоздыру жүйесін пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулығымен және электр жабдықтарын сынаудың көлемімен және нормаларымен анықталады.
Қоздыру тізбектерінің оқшаулама кедергісі нормаланған мәнінен төмен генераторлардың және синхронды компенсаторлардың жұмыс істеуіне электр станциясының немесе электр желісін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен осы Қағидалардың 675-тармағының талаптары ескеріле отырылып жол беріледі.
647. Орамалардың сұйықтықпен салқындатылатын жүйесіндегі және генераторлардың түзеткіш қондырғыларындағы айналыс жасайтын дистиллят сапасы (оқшаулағыш майы) генераторлар мен қоздыру жүйелерін пайдалану жөніндегі типтік және зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сұйықтықпен салқындату жүйесінде орнатылған сүзгілер үнемі жұмыс істеп тұрады.
100 кОм-см дейін генератордың орамаларындағы дистилляттың меншікті кедергісі төмендеген кезде ескерту белгісі әрекет етуі тиіс, ал ол 50 кОм-см төмендеген кезде генератор жүктемеден алынады, желіден ажыратылады және қоздыру алынып тасталады.
648. Монтаждау немесе жөндеу кезінде 1000 В кернеуге мегаомметрмен өлшенген, толығымен жиналған май өткізгіштеріндегі мойынтіректер оқшауламасының және генераторлар білігі тығыздағыштарының корпусының, синхрондық компенсаторлар мен қоздырғыштардың кедергісі 1 Ом кем болмауы тиіс, ал гидрогенераторлардың өкшеліктері мен мойынтіректері үшін, егер нұсқаулықтарда өзге талаптар қойылмаса 0,3 Ом кем болмауы тиіс.
Мойынтіректер оқшауламасының және турбогенераторлар білігінің тығыздағыштары корпустарының, ауамен салқындататын синхрондық компенсаторларының мойынтіректері мен қоздырғыштарының, сондай-ақ гидрогенераторлардың өкшеліктері мен мойынтіректерінің жарамдылығы (егер соңғысының конструкциясы мүмкіндік берсе) айына кемінде 1 рет тексеріледі.
Сутегімен салқындататын синхрондық компенсаторларының мойынтіректер оқшауламасының жарамдылығы күрделі жөндеу жұмысы кезінде тексеріледі.
649. Трансформатормен блокта жұмыс істейтін генератордың ақауларының алдын алу үшін толық емес фаза ажыратылған немесе ажыратқыш қосылған кезде генератор секция немесе шиналар жүйесінің, соңғысына блок арқылы қосылған, аралас ажыратқыштарымен ажыратылады.
650. Турбогенераторлар мойынтіректерінің дірілі осы Қағидалардың 375-тармақтарының талаптарына, ал гидрогенератордың крестовиналары мен мойынтіректері осы Қағидалардың 195-тармақтарының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Номиналды айналу жиілігі 750 және 1000 айн/мин синхронды компенсаторларда дірілдің қосарлы амплитудасы 80 мкм жоғары болмауы тиіс. Дірілді қашықтықтан өлшеу құрылғысы болмаған кезде, бақылаудың мерзімділігі компенсатордың діріліне байланысты, бірақ жылына кемінде 1 рет белгіленеді.
Турбогенераторларды байланыстыратын дөңгелектердің дірілі 3 айда кемінде 1 рет өлшенеді және 300 мкм жоғары болмайды.
651. Монтаждаудан және күрделі жөндеу жұмысынан кейін генераторлар мен синхронды компенсаторлар жұмысқа кептірусіз енгізілуі мүмкін. Кептіру қажеттілігі электр жабдығын сынау көлемімен және нормаларымен белгіленеді.
652. Орамаларды сутегімен тікелей салқындатылатын генераторларды толтыру және оны қалыпты жағдайда босату қозғалыссыз роторда немесе оның білікті бұру құрылғысын айналдыру кезінде жүргізіледі.
Авариялық жағдайларда сутегінің ағызылып жіберуі машинаның жүре бастаған кезде басталуы мүмкін. Сутегі немесе ауа генераторлардың сутегімен салқындататын газ жүйесін пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес генератордан (синхронды компенсатордан) инертті газбен (көмірқышқыл газымен немесе азотпен) шығарылады.
653. Сутегімен салқындатылатын генераторлар орнатылған электр станцияларындағы сутегі қоры оның 10 күндік пайдалану шығынын және газдың көп мөлшерімен бір генератордың бір рет толтырылуын, ал көмірқышқыл газы немесе азоттың қоры газдың өте көп мөлшерімен генератордың 6 рет толтырылуын қамтамасыз етеді.
Электр станциясында резервтік электролиз болған кезде ресиверлердегі сутегі қорының 50 % азаюына жол беріледі.
654. Сутегімен салқындатылатын синхрондық компенсаторлар орнатылған қосалқы станциялардағы сутегі қоры сутегінің 20 күндік пайдалану шығынын және газдың өте көп мөлшерінен бір компенсатордың бір рет толтырылуын, ал электролиздік қондырғы болған кезде 10 күндік шығынын және аталған компенсаторлардың бір рет толтырылуын қамтамасыз етеді. Осындай қосалқы станциялардағы көмірқышқыл газының немесе азоттың қоры осы компенсаторлардың үш рет толтырылуын қамтамасыз етеді.
655. Газбен салқындату жүйесі (газ құбырлары, арматуралар, газ салқындатқыштары) орамаларды сұйықтықпен тікелей салқындату жүйесінің элементтері және генератор корпусының ішіндегі басқа да белсенді және құрылымдау бөлшектерінің, сондай-ақ барлық су және газ-май жүйесінің электр жабдықтарын жөндеу мен қызмет көрсетуді, турбогенераторды ауамен салқындатудан сутегімен салқындатуға ауыстыруды және керісінше, май тығыздағыштарын жөндеуден кейінгі қабылдауға қатысуды, генератордағы берілген жиілікті, ылғалдықты және сутегі қысымын ұстап тұруды электр станциясының электр цехы жүргізуі керек.
Білік тығыздағыштарын маймен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуін және жөндеуді қадағалау (май қысымын реттеуіштері мен лабиринттік майқабылдағыштарды қоса), барлық білік түрлерінің май тығыздағыштарын, газбен салқындатылғанға дейінгі салқындататын судың тарату желісін, сондай-ақ генератордан тыс салқындатылатын дистилляттың беру және төгу жүйесінің жабдықтарын турбиналық және қазандық-турбиналық цехтың іске асыруы қажет.
Арнайы жөндеу цехы бар электр станцияларында аталған жабдықтың жөндеу жұмыстарын осы цех орындауы қажет.
656. Генератордың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары турбиналардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қатар жүргізіледі.
Синхрондық компенсаторларды күрделі жөндеу жұмысы 4-5 жылда 1 рет жүргізіледі. Турбогенераторлар мен синхрондық компенсаторлардағы роторды алып шығатын бірінші жөндеу жұмыстары, маңдайша бөлшектерінің бекітілуін күшейтумен, статор ойықтарының қайта сыналауымен, шиналар мен кронштейн бекітпелерін тексерумен, бекітуді және статор жүрекшесінің пресс тығыздығын тексерумен қоса, пайдалану үшін іске қосылғаннан кейін кемінде 8000 жұмыс сағатынан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Гидрогенераторлардағы бірінші жөндеу жұмыстары кемінде 6000 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Кейінгі жөндеулер кезінде генераторлар мен синхрондық компенсаторлардың роторларын шығарып алу қажеттілігі бойынша немесе нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
657. Генераторлар мен синхронды компенсаторларда профилактикалық сынақтар мен өлшеулер электр жабдығын сынау көлемі мен нормалары бойынша жүргізіледі.
658. Генераторларды желіден жоспарлы ажырату машиналарды шығарарда оң қуат болғанда жол берілмейді.
659. Генераторлардың жоспарлы және авариялық ажыратулары кезінде (генератор-трансформаторларының блоктарын) тоқтатылатын генераторға кернеуді қате немесе өздігінен жеткізудің алдын алу үшін электр сымдарының бас схемасын кідіртпей бөлшектеуді қамтамасыз ету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет