Презентация – бұл баяндама жасау, ғылыми ұсыныс жасау, диплом немесе курстық жұмысты қорғау, бизнес-жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу, қандай-да бір қызмет түрін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда идеяларды, мамандарды, адамдарды, өндірілген өнімді, қызмет түрлерін ұсыну – осының бәрі презентация болып табылады.
Презентация ұғымы

Презентация деп айрықша текті электронды құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиялық мазмұны мен құжатты экранға шығаруды басқарудың айрықша мүмкіншіліктерімен ерекшелінеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті және дистанциялық түрде өтеді. Осы тектес құжаттарды арнаулы программалық құралдардың көмегімен дайындайды.

PowerPoint-тың басқа
программалармен байланысы
Көшіру және қою. Басқа программалардан объектіні көшіру үшін оны алмасу буферіне орналастырып, содан соң PowerPoint құжатына енгіземіз.
Тасымалдау. Объект Microsoft Office-тің қайсыбір қолданбасы мен PowerPoint-тың арасында сүйреу әдісі бойынша тышқанның көмегімен тасымалданады. Бұл жағдайда екі программа да экранда ашық болуы керек.
Импорт (экспорт). Объект Microsoft Office қолданбаларының біреуінде дайындалған файл ретінде PowerPoint құжатына енгізіледі. Бірақ бұл жағдайда енгізілетін файлдардың пішіміне кейбір шектеулер қойылады.
Гиперсілтеме. Бұл әдіс басқа қолданбалардағы файлға өтуді көрсетеді.
PowerPoint-тағы кез келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады.