Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Электр станциялары мен жылу желілерінің жылу схемаларындағы ауыстырып-қосу



бет57/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Электр станциялары мен жылу желілерінің жылу схемаларындағы ауыстырып-қосу


993. Жылу схемаларындағы ауыстырып-қосудың бәрі пайдалану жөніндегі өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес орындалады және жедел құжаттамада белгіленеді.
994. Нұсқаулықтарда қарастырылмаған жағдайларда, сондай-ақ екі немесе бірнеше аралас бөлімшелер немесе энергетикалық объектілер қатысқан кезде ауыстырып-қосу бағдарлама бойынша орындалады. Нұсқаулықтарда берілген күрделі ауыстырып-қосу да бағдарлама бойынша орындалады.
995. Күрделі ауыстырып-қосуға:
1) күрделі байланысы бар жылу схемаларында;
2) уақыты бойынша ұзақ;
3) ұзын объектілердегі;
4) сирек орындалатындар жатады.
Сирек орындалатын ауыстырып-қосуға:
1) монтаждаудан және қайта жаңғыртудан кейін негізгі жабдықтарды іске қосу;
2) жабдықтар мен жылу желілерін гидравликалық сынау;
3) жаңа және іріктелген бу құбырлары мен қоректік құбыржолдарының схемаларындағы өзгерістер;
4) жабдықтарды арнайы сынау;
5) жабдықтарды пайдаланудың жаңа дәстүрлі емес жолдарын тексеру және сынау жатқызылуы мүмкін.
Ауыстыру күрделілігінің деңгейі мен олардың орындау үшін бағдарлама жасау қажеттілігін жұмыс ерекшелігіне байланысты энергетикалық объектілердің техникалық басшысы анықтайды.
996. Әрбір энергия объектісінде техникалық басшысы бекіткен күрделі ауыстырып-қосу тізбесі әзірленеді. Тізбе жабдықтың іске қосылуын, қайта жаңғыртылуын немесе бұзылуын, технологиялық схемалары мен технологиялық қорғану мен автоматика схемаларын ескере отырып түзетіледі. Тізбе 3 жылда 1 рет қайта қаралады. Тізбе көшірмесі цех және энергия объектісінің жедел-диспетчерлік персоналы жұмыс орнында болады.
997. Энергия объектісінің техникалық басшысы әкімшілік-техникалық персонал ішінен бағдарлама бойынша жүргізілетін ауыстырып-қосуды бақылауға тиіс тұлғалардың тізімін бекітуі қажет. Тізім персонал құрамы өзгерген кезде жағдайда түзетіледі. Тізім көшірмесі цех пен энергия объектісінің жедел-диспетчерлік персоналы жұмыс орнында болады.
998. Ауыстырып-қосуды орындау бағдарламасында:
1) ауыстырып-қосуды орындаудың мақсаты;
2) ауыстырып-қосу объектісі;
3) ауыстырып-қосуды орындауға дайындау бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тізбесі;
4) ауыстырып-қосуды орындау шарттары;
5) жедел анықталуы тиіс ауыстырып-қосудың жоспарлы басталу және аяқталу уақыты;
6) қажеттілік туындаған жағдайда, ауыстырып-қосу объектісінің схемасы (схемада объект элементтерінің атаулары мен нөмірлерге объектіде қабылданған атаулар мен нөмірлер толығымен сәйкес болуы тиіс);
7) бекітуші және реттеуші органдардың және технологиялық қорғау мен автоматика тізбектері элементтерінің жағдайын көрсете отырып, операцияларды орындау реті мен бірізділігі;
8) ауыстырып-қосуды орындайтын жедел-диспетчерлік персонал;
9) ауыстырып-қосуға қатысуға үшін тартылған персонал;
10) ауыстырып-қосуды орындауды басқаратын жедел-диспетчерлік персонал;
11) энергия объектілерінің екі немесе одан да көп бөлімшелерінің ауыстырып-қосуға қатысуы шегінде – жалпы басшылықты жүзеге асыратын әкімшілік-техникалық персонал;
12) екі немесе одан да көп энергия объектілерін ауыстырып-қосуға қатысқан кезде – әрбір энергия объектісін ауыстырып-қосуды орындау үшін әкімшілік-техникалық персонал қатарынан жауапты тұлғалар және ауыстырып-қосуды жүргізуді жалпы басшылыққа алатын әкімшілік-техникалық персонал қатарындағы тұлға;
13) жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларының тізбесі;
14) адамдардың өмірі мен жалпы жабдықтарға қауіп төндіретін авариялық жағдайлар немесе жағдайлардың туындауы кезіндегі персоналдың әрекеті көрсетіледі.
999. Бағдарламаны энергия объектісінің техникалық басшысы бекітеді, ал бір энергия объектіcінің шегінен тыс бағдарлама қолданысқа енгізілер кезде – энергетикалық объектілерінің бағдарламасына қатысты техникалық басшы бекітеді.
1000. Осы Қағидалардың 995-тармағында көрсетілген қайта ауыстырып-қосу үшін энергетикалық объектілерде алдын ала жасалған үлгілік бағдарламалар қолданылуы қажет.
Үлгілік бағдарламалар 3 жылда 1 рет қайта қарастырылады және жабдықтың іске қосылуы, қайта жаңғыртылуы немесе бұзылуымен, технологиялық схемалар мен технологиялық қорғану және автоматика схемаларының өзгерісімен түзетіледі.
1001. Жедел-диспетчерлік персонал ауыстырып-қосу бағдарламалары мен ауыстырып-қосудың үлгілік бағдарламаларын қолданады және олар ауыстырып-қосуды орындау барысында жедел құжаттар болып табылады.
1002. Объектіде мнемосхемалар болған кезде барлық өзгерістер ауыстырып-қосу аяқталғаннан кейін бағдарламаларға енгізіледі.
1003. Ауыстыруып-қосу бағдарламалары басқа жедел құжаттамалармен бірдей сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет