Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет53/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Жабдықты басқару


955. Пайдалануға қабылданған энергетикалық объект жабдықтары төрт жедел күйдің біреуінде болады: жұмыста, резервте, жөндеу немесе консервациялауда.
956. Энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын, ЖАӨ құрылғыларын, сондай-ақ жедел-ақпараттық кешендер мен диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарын (бұдан әрі – ДТБҚ) істен шығару және жөндеу жұмысы үшін резервке және сыналуға шығару бекітілген жоспар бойынша да, олардың жедел басқаруына берілетін тізбесіне сәйкес берілетін өтініммен ресімделеді.
Өтінімдерді және олардың рұқсаты туралы хабар беру уақытын тиісті диспетчерлік қызмет белгілейді. Өтінімдерді электр станцияларының немесе желілерінің техникалық басшысы бекітеді.
957. Нәтижесінде электр желісінің, Қазақстан БЭЖ-нің режимін өзгертуі мүмкін сынақтар энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен жұмыс бағдарламасы бойынша және Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО бас диспетчерімен (жедел бағыну бойынша) келісе отырып, жүргізіледі.
Энергетикалық объектілер жабдықтарының басқа да сынақтарының жұмыс бағдарламаларын энергетика объектісінің техникалық басшысы бекітеді.
Сынақтың жұмыс бағдарламасы оларды бастар алдында 7 күннен кешіктірілмей келісуге және бекітуге ұсынылады.
958. Өтінімдер жөндеу жұмысы мен ажырату бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жоспарлы, жоспардан тыс және шұғыл жөндеу жұмысын жүргізу үшін жедел болып бөлінеді. Жедел өтінімдерді диспетчердің өзіне тікелей басқармаға тәуліктің кез келген уақытында беруге жол беріледі.
Диспетчер өзінің ауысымындағы мерзімде ғана жөндеу жұмысына кірісуге рұқсат бере алады. Рұқсатты ұзақ мерзімге энергетикалық объектілердің, Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-ның бас диспетчері (диспетчерлік қызмет бастығы) ғана береді.
959. Жабдықты жедел ажырату қажеттілігі туындаған кезде жоғары тұрған жедел диспетчерлік персоналды егер мүмкіндік болса, алдын ала немесе кейіннен хабардар ете отырып, ажыратылатын жабдық орнатылған энергетика объектісінің жедел персоналы өндірістік нұсқаулық талаптарына сәйкес ажыратады.
Жабдық тоқтатылғаннан кейін туындау себептері мен жөндеу жұмысының орындалатын болжамды мерзімі ресімделеді.
960. Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-да, энергетика объектілерінде немесе басқармасындағы энергетика объектісінің негізгі жабдықтарын күрделі, орта немесе ағымды жөндеу жұмысына жіберуге немесе ауыстыруға рұқсат ӨДО-ның, энергетика объектілерінің диспетчерлік қызметінің өтінімі бойынша белгіленген тәртіппен беріледі.
961. Жабдықтар мен электр жеткізуші желілердің жөндеуге берілуімен және іске қосылуымен, сондай-ақ қазандықтарды тұтатумен, турбиналарды іске қосумен байланысты операциялар уақыты өтінім бойынша рұқсат етілген жөндеу жұмысының уақытына қосылуы тиіс.
Қандай да бір себеппен жабдық белгіленген уақытта өшірілмеген жағдайда жөндеу жұмысының жүргізілу ұзақтығы қысқартылады, ал қосылу күні бұрынғыдай болып қала береді. Жөндеу мерзімін энергетика объектісінің, Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-ның диспетчерлік қызметтері (жедел бағыну бойынша) ғана ұзарта алады.
962. Рұқсат берілген өтінімге қарамастан, жабдықтың істен және резервтен шығарылуы немесе сыналуы электр станциясының немесе Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО тиісті диспетчерлік желілерінің ауысым басшысының рұқсатымен ғана жабдықты істен және резервтен шығару алдында немесе сынау алдында орындалуы мүмкін.
963. Электр станцияларының немесе электр желілері персоналының электр станциясының ауысым басшысының, Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-ның, электр станциялары диспетчерлерінің рұқсатынсыз жүйелік автоматика қондырғыларын, сондай-ақ тиісті диспетчердің басқаруында (электр станцияларының ауысым басшысы) болатын ДТБЖ-ны қосуды, ажыратуды, сынауды және өзгертуді жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Релелік қорғау және автоматика құрылғыларын, екі немесе бірнеше объектіде орналасқан аппаратураны тексеру (сынау) осы объектілердің барлығында бір уақытта орындалады.
964. Электр станцияларының ауысым басшысы, Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО-ның, электр желілерінің диспетчері электрлі қосылыстардың схемаларында өзгерістер туындаған кезде осы схемалардың жаңа жай-күйіне аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйесінің қалпына келтірудің сәйкестігін тексеруі қажет.
965. Жөндеу жұмысының аяқталуы, оны желіге қосу мен жедел өтінімді жабу туралы пайдаланушы ұйымға хабарлағаннан кейін жабдық жөндеу жұмысынан кейін жұмысқа қосылды деп есептеледі.
966. Режимнің бұзылуы немесе рұқсат берілген шұғыл өтінім бойынша қорытынды немесе күрделі, орта немесе ағымдағы жөндеу жұмысына ауыстыруға рұқсаты бар жабдықтардың зақымдануы бірыңғай электр энергетикалық жүйенің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру мен тіркеу жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес бұзушылық (авария немесе бас тарту) ретінде ресімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет