Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Жедел-диспетчерлік басқарма Басқарманың міндеттері мен оны ұйымдастыру



бет50/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

8. Жедел-диспетчерлік басқарма

Басқарманың міндеттері мен оны ұйымдастыру


918. Қазақстанның ЖО ҰДО-да, оның ӨДО-да энергияны өндіруші ұйымның (электр станциясы), энергия жеткізуші ұйымның (Ұлттық электр желілері, өңірлік электр тарату желілері) жұмысымен келісілген тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік басқару ұйымдастырылады. Олардың міндеттері:
1) тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың берілген шарттарын қамтамасыз ететін ұлттық және өңірлік электр желілерінің, электр станциясының жұмыс режимдерін әзірлеу және енгізу;
2) жөндеу жұмыстарын жоспарлау және дайындау, БЭЖ-не тұрақтылықты қамтамасыз ету; электр энергиясы сапасының талаптарын орындау;
3) электр станциясы мен электр желілерінің үнемді жұмыс істеуін және тұтыну режимдерін сақтаған кезде энергия ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
4) электр энергиясын өндіру, түрлендіру, жеткізу және тарату кезінде технологиялық бұзушылықтардың алдын алу және жою болып табылады.
919. Әрбір энергетикалық объектіде (электр станцияларында, электр және жылу желілерінде) жабдықты тәулік бойы жедел басқару қызметі ұйымдастырылуы қажет. Оның міндеттері:
1) талап етілетін жұмыс режимін енгізу;
2) ауыстырып қосуды, іске қосуды және тоқтатуды жүзеге асыру;
3) аварияларды жою және жұмыс режимін қайта қалпына келтіру;
4) жөндеу жұмыстарын жүргізуге даярлау болып табылады.
920. Жедел диспетчерлік басқарма жекелеген деңгейлері арасында жедел бақылау мен басқару қызметтерін бөлуді, басқарманың төменгі деңгейінің жоғары тұрған деңгейге бағыныштылығын көздейтін иерархиялық құрылым бойынша ұйымдастырылады.
921. Диспетчерлік басқару қызметі: Қазақстанның БЭЖ-нде – Қазақстанның ЖО ҰДО-да, өңірлерде – ӨДО-да, электр желісінде – осы желінің диспетчерлiк қызметi, жылу желісінде – осы желiнiң диспетчерлiк қызметi орындалады.
922. Әрбiр диспетчерлік деңгей үшiн жабдықты және құрылысты басқарудың екi санаты жедел басқару және жедел жүргiзу белгіленеді.
Диспетчердiң жедел басқармасында жабдықтар, жылу өткізгіштер, электр жеткізу сымдары, релелік қорғау құрылғылары, аварияға қарсы және режимді автоматика жүйелерінің аппаратурасы, онымен жасалатын операция қол астындағы жедел диспетчерлік персонал іс-әрекетінің және түрлi жедел бағынудың бiрнеше объектiлеріндегі келісілген өзгерістердің үйлесімділігін талап ететін диспетчерлік және технологиялық басқарма құралдары болады.
Көрcетiлген жабдықпен және құрылғылармен операциялар диспетчер басшылығымен жүргізіледі.
923. Диспетчердiң жедел жүргiзуiнде жабдық, жылу өткізгіштер, электр жеткізу сымдары, релелік қорғау құрылғылары, аварияға қарсы және режимді автоматика жүйелерінің аппаратурасы, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары, қалып-күйі мен режимі орналастырылатын қуатқа және электр станциясы мен энергетикалық жүйесінің сақтық қорына ықпал ететін жедел-ақпараттық кешендер, желілер режимі мен сенімділігі, сондай-ақ аварияға қарсы автоматиканың баптауы болады.
Көрcетiлген жабдықпен және құрылғылармен жүргізілетін операциялар диспетчер рұқсатымен жүргізіледі.
924. Барлық электр жеткізу сымдары, жылу өткізгіштер, электр станциясы және желісінің жабдығы мен құрылғылары диспетчерлік басқару деңгейлерi бойынша бөлiнеді.
Электр немесе жылу желілерінің, энергетикалық объектілердің диспетчерлері жедел басқаратын немесе жедел жүргізетін электр жеткізу сымдарының, жылу өткізгіштердің, жабдықтар мен құрылғылардың тізімі жоғарғы жедел-диспетчерлік басқару органының шешімімен әзірленеді және осы энергетикалық объектінің, электр және жылу желісінің техникалық басшысымен бекітіледі.
925. Жедел-диспетчерлік басқарудың әр түрлi деңгейіңдегі персоналдардың арақатынасы энергетикалық объекті иелерiнің Қазақстан БЭЖ-мен қатарласа жұмыс істеуіне қатысты тиiстi үлгілік ережелермен және шарттармен белгіленеді. Шарт жасасудан бас тартуға жол берілмейді. Келісімшарт жасасу кезінде туындаған даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
926. Жедел-диспетчерлік басқару диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарымен және бақылау жүйелерімен, сондай-ақ тасымалданған жедел схемалармен жабдықталған диспетчерлік пункттерден және басқару қалқандарынан жүзеге асырылады.
927. Әрбiр энергетикалық объектіде, электр және жылу желілерінде жедел-диспетчерлік басқару, жедел келiссөздер және жазбалар жүргiзу және энергия жүйесінің ерекшеліктері мен құрылымдық артықшылықтарын есепке ала отырып, авариялық режимдерді ауыстырып қосуды және жоюды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар әзірленеді.
Барлық жедел келiссөздер, диспетчерлік басқарудың барлық деңгейлерiндегі жедел-диспетчерлік құжаттамалар көпшілікпен қабылданған бірыңғай терминологияны, үлгілік өкімдерді, мәліметтер мен жазбаларды пайдалана отырып жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет