Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет33/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Станциялық жылыту қондырғылары


547. Жылыту қондырғыларының жұмыс режимі (кері және берілу құбырларындағы қысым және берілетін құбыржолдарындағы температура) жылу жүйесі диспетчерінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылады.
Су жылу желісінің берілетін желісіндегі су температурасын жылумен жабдықтау жүйесі үшін бекітілген температура кестесіне сәйкес желінің ұзындығына, климаттық жағдайы мен басқа да факторларға байланысты жылу желісінің диспетчері белгілейтін 12-24 сағат уақыт аралығында сыртқы ауаның орташа температурасы бойынша беріледі.
Электр станциясының бас ысырмасының берілген режимінен ауытқуы мынадан аспауы тиіс: жылу желісіне түсетін су температурасы бойынша ±3 %; берілу құбыржолдарындағы қысым бойынша ±5 %, кері құбыржолдарындағы қысым бойынша ±0,2 кгс/см2 (± 20 кПа). Жылу желісінен берілетін кері судың орташа тәуліктік температурасы берілген кестеден 3 % ғана асуы мүмкін. Кестемен салыстырғанда кері су температурасының төмендеуі шектелмейді.
Желілік судың есептелген шығысының асып кетуі кезінде, жылу желісінің диспетчері есептеу шығыстарын қалпына келтіру шараларын қабылдау қажет.
Электр станцияларының коллекторларында будың қысымы мен температурасын ауытқуы берілген параметрлерден ±5 % артық болмауы тиіс.
548. Әр желілік жылытқыш және жылытқыштар тобы үшін жобалық деректер мен сынақ нәтижелері негізінде:
1) есептелген жылу өнімділігі және оған сәйкес жылытатын бу мен желілік параметрлері;
2) температуралық арын және желілік суды жылытудың ең жоғары температурасы;
3) су және будың шекті жол берілетін қысымы;
4) желілік судың есептелген шығысы және оған сәйкес арынның шығыны орнатылады.
Сонымен қатар, осы сынақтар негізінде желілік судың жұмсалуын есептеу кезінде жылыту қондырғысының су қосымша жабдығында, құбыржолдарында, жылыту қазандықтарында арынның шығыны анықталады.
Сынақтар қайтадан жөнделген жылыту қондырғыларында және жүйелі түрде пайдалану процесінде (3-4 жылда 1 рет) жүргізіледі.
549. Желілік жылытқыштардан шығатын, жылу желілерінің істен шығарылуы кезіндегі, сондай-ақ, жылу желісінде орналасқан араластыру станцияларындағы су температурасын реттеу сағатына 30оС аспайтын жылдамдықпен бір қалыпты болуы тиіс.
550. Желілік жылытқыштар жұмысы кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) конденсат деңгейін және деңгейді автоматты ұстап тұратын құрылғысының жұмысын бақылау;
2) бу кеңістігінен конденсатталмайтын газдарды бұрып әкету;
3) температуралық арынды бақылау;
4) тораптық судың жылытылуын бақылау;
5) жылытылатын бу конденсатының сапасы бойынша гидравликалық тығыздықты бақылау.
Жылуалмасу аппараттарының ластанған құбыр жүйесі жүйелі түрде, бірақ кемінде жылына 1 рет (жылу беру маусымының алдында) тазартылып отырады.
551. Резервті автоматты қосу үшін арналған құрылғылар іске кірісуге әрдайым дайын болуы тиіс және энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүйелі түрде тексерілуі тиіс.
552. Жылу желілерін толықтыруға арналған қондырғы жұмыс режимінде химиялық тазартылған деаэрацияланған сумен және шаруашылық-ауыз су жүйесінің немесе өндірістік су құбырларының сумен авариялық қоректендірілуін қамтамасыз етеді.
553. Осы Қағидалардың 495-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін толықтыру үшін суды ағызып жеткізудің әр жағдайы электр станциясының техникалық басшысының рұқсатымен жүргізіледі және ағызылып жеткізілген судың мөлшері және сумен жабдықтау көзін көрсете отырып, жедел журналға белгіленеді.
Толықтыру құрылғысының техникалық, айналымды немесе су құбырының суымен құбыржолдарының жалғану кезінде екі жабық және пломбаланған ысырма арасында бақылау мақсатындағы қақпақшалар көзделеді. Жылыту желілерінің қалыпты жұмысы кезінде бақылау қақпақшалары ашық болуы тиіс.
554. Толықтыру-ағызу құрылғылары тораптық сорғылардың сору жағынан берілген қысымды ұстап тұруы тиіс.
Қысымның кенеттен көтерілуінен кері құбырларды қорғау қарастырылуы керек.
555. Бак-аккумуляторлар мен қор ыдысы температурасы 95 0 С жоғары емес химиялық тазартылған деаэриацияланған сумен ғана толтырылады. Жеткізуші құбырдың өткізу қабілеттілігі бактың толтырылу мен тазартылуының ең жоғары жылдамдығына сәйкес келуі тиіс.
Жылу оқшаулағышсыз жобаланған бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстарын толтырудың шекті деңгейі оқшаулауды орындау кезінде жылу оқшауламасының массасы бойынша эквивалентті биіктігіне дейін төмендеуі тиіс.
Егер бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстары ретінде өнімнің 0,9 т/м3 тығыздығына есептелген мұнай өнімдері үшін бак қолданылса, бактың толтырылу деңгейі 10 % азайтылуы тиіс.
556. Бактың көшкін тәрізді қирауының алдын алатын сыртқы конструкциясын күшейтпей және ішкі бетінің коррозияға қарсы қорғаныссыз бак-аккумуляторларды пайдалануға жол берілмейді.
Бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстарының жай-күйін бағалау, олардың бұдан әрі пайдалану жарамдылығын анықтау ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын ажырату кезінде құрылым мен бак негіздерін, құбырлардың қарымталау қондырғыларын, сондай-ақ, энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен актіні құрастырумен жеткізуші құбырларды көзбе-көз қарау арқылы жыл сайын жүргізіледі.
Құбырлары мен түбінің қалыңдығын анықтай отырып, бак-аккумуляторының конструкциясын құрал-саймандық тексеру нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес 3 жылда кемінде 1 рет орындалады.
Бактың қабырғалары мен түбінің жобалық қалыңдықтан 20 % және одан да астам пайыз коррозиялық тозуы кезінде коррозияға ұшырайтын алаңның көлемі мен тозу сипатына қарамастан бакты әрі қарай пайдалануға жол берілмейді.
557. Монтаждау мен жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстарының сынағы жүргізіледі.
Пайдалануға қабылданған әрбір бак-аккумуляторы мен қор ыдысының паспорты әзірленеді.
558. Бак-аккумуляторы мен қор ыдысын мынадай жағдайларда пайдалануға жол берілмейді:
1) жоғары шекті деңгейіне жеткен кезде бакқа суды жеткізуді толығымен тоқтатуды қамтамасыз ететін блоктау болмаған кезде, сондай-ақ оның төменгі шекті деңгейіне жеткенде, бәсеңдету сорғыларын ажырату кезінде;
2) егер бактар су деңгейін бақылау үшін аппаратурамен және шекті деңгейінің сигнализациясымен, толтырудың шекті жол берілген деңгейінің белгісінде орнатылған ағызу құбырымен және жеткізуші құбырмен жабдықталмаса жол берілмейді.
Сигналнализацияның электр сызбасы жедел журналға жазылып, ауысымда 1 рет сыналуы тиіс.
Станциялық жылу тарату құбыржолдарын пайдалану осы параграфтың талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
Жылу тарату құбыржолдарының қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты электр станциясының жұмыскерлері айына кемінде 1 рет қарайды және жыл сайын гидравликалық тығыздығын тексереді.
559. Егер жылу желілерін пайдаланылатын ұйымдардың құжатпен ресімделген басқа келісімдері болмаса, электр станцияларының жылу тарату жабдығының шекарасы оның аумағынан қоршалуы тиіс.
Станциялық бақылау-өлшеу аспаптары - шығын өлшеуіштің өлшеу құрылғылары (өлшеу диафрагмалары), осы аспаптардың датчиктері, бірінші тиектік қақпақшалар, импульстік желілер және аспаптардың өзін – оларды орнату орнына қарамастан, электр станцияның қарамағында болады және олардың персоналы қызмет көрсетеді.
560. Жылу тарату жабдықтары жылу желілерін пайдаланатын ұйымдармен келісілген, кестеге сәйкес жөнделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет