Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет35/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Металдың жай-күйін бақылау


602. Жылу-энергетикалық жабдықтың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мен бөлшектерді дайындауда ақаулардың туындауы мүмкін, сондай-ақ жайылу, тот басу, коррозия процестерінің дамуына, пайдалану кезінде беріктігі мен иілгіштігінің төмендеуіне байланысты негізгі және балқытылған металдың (бұдан әрі – металды бақылау) құрылымдық жай-күйіне бақылау ұйымдастырылуы тиіс.
603. Металды бақылау электр станциясының техникалық басшысының бекіткен жоспарлары бойынша қарастырылған мерзімде және көлемде жүргізіледі.
604. Металды бақылау тиісті жабдығы бар цех персоналымен бірлесіп, зертханаларда немесе металл қызметінде жүргізіледі. Бақылауға дайындау мен оны өткізу бойынша міндеттерді бөлуді электр станциясының техникалық басшысы бекітеді. Жұмысты орындау үшін арнайы ұйымдар тартылуы мүмкін.
605. Жабдықтардың сенімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу электр станцияларында бақылау мен металдардың бұзылу нәтижелері туралы ақпараттарды жинау мен талдауды ұйымдастыру қажет. Қажет болған кезде металдың жай-күйі қосымша бақыланады.
606. Бақылаудың нәтижелері тіркелетін техникалық құжаттар жабдықты есептен шығарғанға дейін сақталады
607. Кіріс бақылауы қойылатын тораптар мен бөлшектердің техникалық деңгейін анықтау, сондай-ақ жабдық жұмысын бастағанға дейін және кейінгі пайдалану бақылау кезінде негізгі және балқытылған металдың жай-күйін салыстырмалы бағалау үшін мәліметтерді алу, техникалық шарттардың, Қағидалар мен қолданыстағы нормалар талаптарына сәйкестігін бағалау үшін олардың қасиеттерінің деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.
608. Кіріс бақылауына жаңадан енгізілетін жылу энергетикалық қондырғылар металдары, сондай-ақ пайдаланатын жабдықты жөндеу кезінде орнатылатын желілер мен бөлшектер жатады.
609. Пайдаланушы бақылау жабдық элементтері металдарының құрылымдық жай-күйінің өзгерісін бағалау және парктік қызмет мерзімі шегінде одан әрі пайдалануға оның жарамдылығын анықтау үшін ұйымдастырылады.
610. Энергетикалық жабдықтардың негізгі элементтерін (құбыржолдарының, барабандардың, қазандықтардың коллекторларының, бу құбырларының, ыдыстарының, цилиндрлердің корпустарының, бөгеу қақпақшаларының, турбиналардың роторларының майысуы) техникалық диагностикадан шамамен 10 жылға дейінгі қызметінің қосымша мерзімін (парктік ресурстан кейін) анықтау мен көрсетілген мерзім ішінде сенімді жұмысты қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу мақсатында мамандандырылған ұйымдар өткізеді.
Ыдыстарды техникалық диагностикадан өткізу ыдыстың паспортында көрсетілген қызмет мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
611. Негізгі және балқытылмаған металдың жай-күйін бағалау үшін бақылаудың бұзбайтын әдістері қолданылады.
612. Техникалық диагностикадан өткізу кезінде металдың нақты жай-күйін бағалау қиындылар бойынша жүргізіледі.
613. Негізгі бөлшектері мен тораптарының металын бақылаудың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған кезде немесе олардың парктік ресурстарын әзірлеу кезіндегі пайдалану барысында металды бақылау нәтижелерін, басқа да қажетті құжаттарды қарастыратын және осы тараптар мен бөлшектерді жөндеу мен олардың жұмыс істеуін жалғастыру туралы шешім қабылдайтын немесе оларды бұзудың немесе қайта қалпына келтіретін термиялық өңдеу жүргізу қажеттілігін негіздейтін сараптамалық-техникалық комиссия (бұдан – СТК) құрылады.
614. Нақты электр станциялары үшін осы электр станцияны пайдаланудың ерекшеліктерін ескеретін металды бақылау бойынша өндірістік нұсқаулықты әзірлеуге жол беріледі.
Тиісті техникалық негіздеу кезінде өндірістік нұсқаулық бақылау жүргізу мерзімдері мен көлемдері бойынша жалпы қабылданған нұсқаулықтан ерекшеленуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет