Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет37/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Электр қозғалтқыштары


660. Электр қозғалтқыштарын, олардың іске қосылуын реттеуші және қорғану құрылғыларын пайдалану кезінде іске қосу мен жұмыс режимдерінде сенімді жұмысы қамтамасыз етіледі.
661. Электр станцияларының жеке қажеттіліктерінің шиналарында кернеу номиналды шамамен 100-105 % ұсталады. Қажет болған кезде олардың номиналды қуатын сақтау арқылы номиналды 90-110 % кернеуімен электр қозғалтқыштарының жұмысына жол беріледі.
Қоректендіру желісінің жиілігі өзгерген кезде номиналды мәнінің ± 2,5 % шегінде номиналды қуатпен электр қозғалтқыштарының жұмысына жол беріледі.
Электр қозғалтқыштарының номиналды қуаты, кернеудің бір мезгілде ± 10 % дейін ауытқуы және номиналды мәннің ± 2,5 % жиілігі кезінде, жоғары кернеумен және төменгі жиілікпен немесе төмендетілген кернеумен және жоғары жиілікпен жұмыс жағдайында, кернеу мен жиіліктің ауытқуының абсолюттік мәнінің сомасы 10 % аспағанда, сақталуы тиіс.
662. Электр қозғалтқыштары мен олардың жұмыс істеуіне әкелетін тетіктерге айналудың бағытын көрсететін меңзер қойылуы керек. Электр қозғалтқыштары мен оларды іске қосу құрылғыларында оған жататын агрегаттың атауы бар жазулар болуы тиіс.
663. Тозаңды үй-жайлар мен ылғалдығы жоғары үй-жайларда үрленетін электр қозғалтқыштары таза салқындатылған ауаны жеткізетін қондырғылармен жабдықталады. Электр қозғалтқыштары арқылы үрленетін ауа, сондай-ақ оның параметрлері (температура, қоспалардың болуы) зауыт нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Салқындату трактісінің тығыздығы (ауа өткізгіштері электр қозғалтқыштарының корпусына ауа өткізгіштерінің қаптамаларын жалғау тораптары) жылына кемінде 1 рет тексеріледі.
Салқындатудың сыртқы желдеткіштерінің дара электр қозғалтқыштары негізгі электр қозғалтқыштарын қосу және ажырату кезінде автоматты түрде қосылады және ажыратылады.
664. Ротордың сумен салқындатылатын орамасы мен статордың белсенді болатын, сондай-ақ кіріктірілген сумен ауаны салқындататын электр қозғалтқыштары корпуста судың пайда болғаны туралы сигнализация беретін құрылғылармен жабдықталады. Жабдықтарды пайдалану және сумен салқындатылатын жүйенің аппаратурасы, конденсат пен су сапасын дайындаушы зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
665. Мойынтіректерді мәжбүрлеп майлайтын электр қозғалтқыштарындағы мойынтіректер ішпектерінің температурасы көтерілген кезде немесе майлаудың тоқтатылған кезінде, сигналға және электр қозғалтқышының ажыратылуына әсер ететін қорғаныш орнатылады.
666. Жылу механикалық жабдық үшін жауапты электр қозғалтқыштарының электр қорегінде үзіліс болған кезде (реттелетін айналу жиілігі бар электр қозғалтқыштарымен қоса), негізгі жабдықтың технологиялық режимінің тұрақтылығын сақтай отырып, жұмыс немесе қоректендірудің резервтік көзінен кернеуді қайта беру кезінде олардың топтық өздігінен іске қосылуы қамтамасыз етіледі.
Технологиялық және резервтік электр қозғау уақытын ұстай отырып белгіленетін қоректендірудің үзіліс уақыты 2,5 секундтан астам болмауы тиіс.
Жауапты тетіктердің тізбесін электр станциясының техникалық басшысы бекітеді.
667. Егер зауыт нұсқаулығында көп рет іске қосуға жол берілмесе, қысқа тұйықталған роторлары бар электр қозғалтқыштарды суық күйінде қатарынан 2 рет, ал ыстық күйінде – 1 рет қосуға рұқсат етіледі. Кейінгі іске қосуларға электр қозғалтқышының осы түрі үшін зауыт нұсқаулығында белгіленген уақыт ішінде электр қозғалтқыштарын салқындатудан кейін жол беріледі.
Электр қозғалтқыштарын негізгі қорғанулардан ажырату кезінде электр қозғалтқыштарын қайта қосу оқшаулама кедергісінің бақылау мақсатымен өлшеу жүргізу мен тексеруден кейін жол берілед.
Резерві жоқ жауапты тетіктер үшін қозғалтқыштың сыртқы қарауынан кейін жол беріледі.
Ажырату себептерін анықтағанға дейін резервтік қорғалған жағдайда қозғалтқыштарды қайта қосуға жол берілмейді.
668. Ұзақ уақыт бойы резервтегі электр қозғалтқыштарын және резервті қосудың автоматты құрылғыларын техникалық басшы бекіткен кесте бойынша механизмдермен бірге қаралады және сыналады. Бұл ретте жылытылмайтын, сыртта орнатылатын электр қозғалтқыштарының статор орамасының оқшаулама кедергісі мен абсорбция коэффициенті тексеріледі.
669. Электр қозғалтқыштарының мойынтіректерінде өлшенген, механизмдермен буындасқан тік және көлденең дірілді (діріл жылдамдықтың орташа квадраттық мәні немесе тербелістің екі еселі амплитудасы) дайындаушы зауыт нұсқаулықтарында көрсетілген мәннен аспауы тиіс.
Технологиялық құжаттамада мұндай нұсқаулар болмаған кезде, механизмдермен буындасқан электр қозғалтқыштары мойынтіректерінің дірілі осы Қағидалардың 21(1)-қосымшасына сәйкес мәнінен жоғары болмауы тиіс.
Көмірді үгетін механизмдермен, түтін сорғыштармен және айналатын бөлшектері тез тозуға бейім басқа да механизмдермен буындасқан электр қозғалтқыштары үшін, сондай-ақ пайдалану мерзімі 15 жылдан асқан электр қозғалтқыштары үшін діріл көтерілу себептерін жоюға қажетті уақыт ішінде электр қозғалтқыштары мойынтіректерінің жоғары дірілімен агрегаттардың жұмыс істеуіне жол беріледі. Осы шарттар үшін діріл нормалары осы Қағидалардың 21(2)-қосымшасына сәйкес мәнінен жоғары болмауы тиіс.
Негізгі механизмдердің дірілін өлшеу мерзімділігі электр станциясының техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес белгіленеді.
670. Электр қозғалтқыштарының жүктемесін, қыл аппаратын, дірілін, электр қозғалтқышы элементтерінің және салқындатылатын орталарының (статордың орамасы мен өзекшесін, ауаны, мойынтіректі) температурасын қадағалауды, мойынтіректерді (майды талап ететін деңгейде ұстау) және салқындатылатын ауаны, суды ауа салқындатқышына және орамаларға жеткізу құрылғыларын күтіп ұстауды, сондай-ақ электр қозғалтқыштарын іске қосу мен тоқтату операцияларын механизмге қызмет көрсететін цехтың кезекші персоналы жүргізуі қажет.
Салқындатылатын камералар арқылы жетекші ток сымдары жүргізілген кезде осы камералар шегінде салқындату схемаларын қадағалау мен қызмет көрсетуді электр цехының персоналы жүргізуі қажет.
671. Адамдар жазатайым жағдайға ұшыраған кезде, электр қозғалтқышының корпусынан, оның іске қосу және қоздыру қондырғыларынан түтін немесе от шыққан кезде, іске қосылған механизм бұзылған кезде электр қозғалтқыштары дереу желіден ажыратылады.
Электр қозғалтқыштар резервті қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін (егерде ол болса) тоқтатылады:
1) жанған оқшауламаның иісі пайда болғанда;
2) электр қозғалтқышының немесе механизмінің дірілі күрт өскенде;
3) мойынтірек температурасының шектен тыс жоғарылауы;
4) жол берілетін мәнінен жоғары қайта жүктеу;
5) электр қозғалтқышының бұзылу қаупі (су құйылу, булану, қалыпсыз емес шу).
672. Қуаты 100 Вт жоғары айнымалы тогы бар электр қозғалтқыштары үшін, сондай-ақ технологиялық қайта жүктеуге бейім электр қозғалтқыштарының механизмдері үшін статор тогын бақылау қамтамасыз етіледі.
Тұрақты ток электр қозғалтқыштарындағы отынды қоректендіру жетегі, турбиналардың авариялық май сорғылары мен білік тығыздағыштары үшін олардың қуаттылығына қарамастан, якор тогы бақыланады.
673. Электр қозғалтқыштарының профилактикалық сынақтарын өткізу мен жөндеуді, жөндеу кезінде оларды алып тастау мен орнатуды, жылу автоматикасы мен өлшеу цехы (бұдан әрі - ЖӘӨ) қызмет көрсететін электр қозғалтқыштардың ысырмасынан басқа, электр цехының персоналы жүргізуі қажет.
674. Агрегатты орталықтандыру мен теңгерімдеуді, байланыстырушы муфталарды, шығарылатын мойынтіректерді жөндеу мен орнату; май жүйесінің, іргетастары мен жақтауларының, электр қозғалтқыштарының сырғу мойынтіректерінің ішпектерін жөндеу (мойынтіректерді мәжбүрлеп майлау кезінде); ауаны, сондай-ақ суды ауа салқындатқыштарға, орамаларға және электр қозғалтқышының басқа да элементтеріне жеткізу құрылғыларының; электр қозғалтқышының статорына кіріктірілмеген салқындатқыштарды жөндеумен орнатуды іске қосылатын механизмге қызмет көрсететін цех персоналы немесе осы электр станциясында жабдықты жөндеуші мердігерлік ұйымның персоналы жүргізеді.
Электр қозғалтқыштарын профилактикалық сынақтан өткізу мен өлшеу электр жабдықтарын сынаудың көлемі мен нормаларына сәйкес ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет