Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Күш трансформаторлары мен майлы шунттау реакторлары



бет38/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Күш трансформаторлары мен майлы шунттау реакторлары


675. Газбен қорғану құрылғыларымен жабдықталған трансформаторлар (реакторлар) қақпағы газ реле бағытында кемінде 1 %, ал май өткізгіш кеңейткіш бағытында – кемінде 2 % көтерілетіндей орнатылуы тиіс. Газ шығаратын түтіктің қуысы кеңейткіштің қуысымен қосылған болуы тиіс. Қажет болған кезде газ шығаратын түтіктің мембранасы (диафрагма) дайындаушы-зауыт орнатқан осыған ұқсас мембранасымен ауыстырылуы тиіс.
676. Өрт сөндірудің стационарлық жүйелері, май қабылдағыштар, май бөлгіштер және май жинағыштар жарамды күйде болуы тиіс.
677. Сыртқа орнатылатын трансформаторлар мен реакторлардың бактарында станциялық (қосалқы станциялардың) нөмірлері көрсетіледі. Мұндай нөмірлер есіктерде және трансформаторлық пункттер мен камералардың ішінде болуы тиіс.
Бір фазалы трансформаторлар мен реакторлар бактарында фазаның түсі жағылады. Сыртқа орнатылатын трансформаторлар мен реакторлар атмосфераға және майға төзімді бояудың ашық түсімен боялуы тиіс.
678. Трансформаторлардың (реакторлардың) салқындату құрылғыларының электр қозғалтқышын қоректендіру екі энергия көзінен алынады, ал майдың мәжбүрлі айналымы бар трансформаторлар (реакторлар) үшін – АВР-ды қолдана отырып жүзеге асырылады.
679. Трансформаторлардың жүктемесімен кернеуді реттеу (бұдан әрі – ТКР) құрылғылары автоматты режимде жұмыс істеуі тиіс. Энергетикалық объектінің техникалық басшысының шешімімен, егер желідегі тербелістер электр энергиясын тұтынушылардың талаптарына сай болса, ТКР-ді басқару пультінен қашықтықтан қайта қосу арқылы кернеуді реттеудің автоматты емес режимін орнатуға болады.
Кернеудегі трансформатордың ТКР құрылғысын қолмен (тұтқышпен) ауыстырып қосуға болмайды.
680. Трансформаторлық қосалқы станциялардың желдеткіштері мен камералары трансформаторлардың жұмысын барлық нормаланған режимдерде қамтамасыз етеді.
681. Ауа мен майдың мәжбүрлі айналымы бар трансформаторлар мен реакторларда (ДЦ түрінің салқындатуы) және су мен майдың мәжбүрлі айналымы бар (Ц түрінің салқындатуы) трансформаторларда салқындату құрылғылары трансформатор мен реактордың қосылуымен (ажыратылуымен) бір уақытта автоматты түрде қосылуы (ажыратылуы) тиіс. Майдың мәжбүрлі айналымы жүктемеге қарамастан үздіксіз болуы тиіс. Салқындату жүйесін қосу (ажырату) тәртібі дайындаушы зауыт нұсқаулығында белгіленеді.
Майдың айналымын, салқындатылатын суды тоқтату туралы немесе желдеткішті тоқтату туралы сигнализация құрылғыларын жұмысқа қоспай, жасанды салқындату арқылы трансформаторлар мен реакторларды пайдаланылуға жол берілмейді.
682. Ауаның мәжбүрлі айналымы мен майдың табиғи айналымы (Д салқындату жүйесі) бар трансформаторларда желдеткіштердің электр қозғалтқыштары май температурасы 55оС жеткен кезде, номиналды жүктемеде май температурасына қарамастан, автоматты түрде қосылуы қажет және егер ток жүктемесі номиналдыдан аз болса, май температурасы 50оС дейін төмендеген кезде ажыратылады.
Үрлемелі ажыратылған трансформаторлардың жұмыс шарттары жағдайы дайындаушы зауыт нұсқаулығымен белгіленеді.
683. Трансформаторлардың май-су мен салқындату кезінде май салқындатқышындағы май қысымы ондағы су айналымының қысымынан трансформатор кеңейткішіндегі майдың деңгейі өте төмен болған кезде 0,1 кгс/см2 (10 кПа) аспауы тиіс.
Су айналымының жүйесі жұмыс майсорғылары қосылғаннан кейін жоғары май қабаттарының температурасы 15оС төмен болмаған кезде қосылуы және май температурасы, егер дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында өзгеше жазылмаған болса, 10оС дейін төмендегенде ажыратылуы тиіс.
Май салқындатқыштарының, сорғылар мен су магистральдарының мұз болып қатып қалуының алдын алу үшін шаралар көзделеді.
684. Жұмыс істемейтін трансформатордың (реактордың) кеңейткішіндегі май трансформатордағы (реактордағы) май температурасына сәйкес белгілі деңгейінде болуы тиіс.
685. Номиналды жүктемеде майдың жоғарғы қабатының температурасы трансформатор мен реакторда ДЦ салқындатумен – 75 оС жоғары емес, М табиғи маймен салқындатылған және Д салқындатуымен – 95 оС жоғары емес; ал Ц салқындатылған трансформаторлардағы май салқындатқышқа ағызар алдында майдың температурасы 70оС жоғары болмауы тиіс.
686. Трансформаторлардың жұмысы ораманың номиналдыдан 10 % жоғарғы кез келген тарамдануындағы кернеуде жалғаса береді. Бұл ретте кез келген орамадағы кернеу жұмыс кернеуінен жоғары болмауы тиіс.
Тарамдалған автотрансформаторларға қысымды реттеу және реттеуіш трансформаторлармен жұмыс жасау үшін мүмкін болатын шама дайындаушы-зауыт тарапынан анықталады.
687. Май трансформаторлары үшін, егер жарықтандыруға арналған кернеу номиналдыдан аспайтын болса, жарықтандыру номиналды тогының 5 % әрбір орама тогы бойынша ұзақ жүктеуге жол беріледі.
Сонымен қатар, жұмыс режиміне байланысты трансформаторларға шамадан тыс жүйелік жүктеулерге жол беріледі, олардың мәндері мен ұзақтығы трансформаторларды қолданудың типтік нұсқаулығы және дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарында реттеледі.
Автотрансформаторларда, генератор, синхронды компенсатор немесе жүктеме жалғанған, төмен кернеу орамасына жоғары кернеу орамасының жалпы бөлігінің тогын бақылауды ұйымдастыру керек.
688. Авариялық жағдайларда осы Қағидалардың 22-қосымшасына сәйкес трансформаторларды барлық салқындату жүйелерінде алдыңғы жүктеудің ұзақтығы мен мәніне қарамастан барлық салқындату жүйелері кезінде жоғары номиналды ток трансформаторларын қысқа мерзімге жүктеуге жол беріледі.
689. Салқындату құрылғыларын авариялық ажырату кезінде трансформатор жұмыстарының шарттары зауыт құжаттамалардың талаптарымен анықталады.
690. Мынадай салқындату жүйелері арқылы трансформаторларды номиналды жүктемеге қосуға болады:
1) ауаның кез келген төмен температуралары кезіндегі М және Д;
2) қоршаған ортаның температурасы 25 оС төмен болмаған кезде ДЦ және Ц.
Температурасы шамадан тыс төмен болған кезде трансформатор қуатқа шамамен 0,5 шамасында номиналды қосу арқылы алдын ала майдың жоғарғы қабатының 25оС дейін жылытылуы қажет, осыдан соң майды циркуляциялау жүйесі іске қосылады. Авариялық жағдайларда трансформаторды қоршаған ортаның температурасына қарамай; зауыттың нұсқаулығына сәйкес ұлттық диспетчерлік орталықтың (бұдан әрі – ҰДО), ұлттық орталық (бұдан әрі– ҰО) трансформаторларының орамаларында бағытталған май ағымы бар салқындату жүйесінде толықтай қуатпен іске қосуға болады.
691. Трансформаторлардың ажыратып-қосу құрылғысын (бұдан әрі – ТТКР) майдың жоғарғы қабаттарының температурасы минус 20 оС және одан жоғары (ТКР қондырғыларының жүктелген резисторлары үшін) және минус 45 0С және одан жоғары (ток шектеуші бар ТКР қондырғылары үшін, сондай-ақ трансформатор бағының сыртындағы тіректік оқшаулатқыш жылу құрылғылары үшін) болғанда жұмысқа қосуға болады.
ТКР қондырғыларын пайдалану дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарындағы талаптарға сәйкес ұйымдастырылуы қажет.
692. Ток көздерінің сенімділігі мен энергия шығынының минимумы ескерілген жүктеме кестесіне байланысты әрбір электр қондырғылары үшін бір уақытта жұмыс істеп тұрған трансформаторлардың саны анықталуы тиіс.
Кернеуі 15 кВ дейін электр қуатын тарату желілерінде жоғары және төмен жүктеме кезіндегі трансформаторлардың кернеулері мен жүктемелерін өлшеу ұйымдастырылады. Өлшеу мерзімі мен мерзімділігін энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілейді.
693. Бөлінген төмен кернеулі орамасы бар, ораманың осы бөліктері мен осы бөліктердің паралель қосылыстарының кернеуі бірдей болған кезде, екі орамды трансформаторлардың жұмысына рұқсат етіледі.
694. Автотрансформаторлар мен реакторлардың қуаты 110 кВ және одан жоғары, сондай-ақ трансформаторлардың қуаты 330 кВ және одан жоғары орамаларының бейтараптағыштары жерге тұйықталған режимде жұмыс істеуі қажет.
Трансформаторлар мен автотрансформаторлардың бейтараптағышын арнайы реакторлар арқылы жерге тұйықтауға жол беріледі.
Сынақ кернеуі 110 және 220 кВ трансформаторлар тиісінше жерге тұйықталған бейтараптағышы мен қуаты 100 және 200 кВ оны тоқтан ажырату арқылы қорғау кезінде істей алады.
Негіздеме кезінде есеп разрядтығышпен қорғалған, 85 кВ бейтараптағышының сынау кернеуімен 110 кВ трансформаторларының жерге қосылмаған бейтараптағышымен жұмысқа жол беріледі.
695. Газ релесінің сигналы істеген кезде трансформатордың (реактордың) сырты қаралады, жануын талдау және тексеру үшін реледен газ алынады. Персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін реледен газ алу кезінде және оның іске қосылу себебін анықтау кезінде трансформатор (реактор) қуатсыздандырылады және ажыратылады. Трансформаторды қуатсыздандыру және ажырату бойынша іс-шаралардың орындалу уақыты барынша қысқа болуы тиіс.
Егер реледегі газ жанбайтын болса, трансформатордың (реактордың) зақымдалу белгілері жоқ болса, ал оның ажыратылуы электр энергиясының толықтай өтуін тоқтатса, трансформатор газ релесінің іске қосылу себебін анықтағанға дейін дереу қосылуы мүмкін. Трансформатордың (реактордың) жұмыс істеу ұзақтығын энергиялық объектінің техникалық басшысы белгілейді.
Газ релесінен шыққан газ талдамасының, майдың хроматографиялық талдамасының нәтижелерімен, басқа да өлшемдердің (сынақтардың) нәтижелері бойынша газ релесінің іске қосылу себебін анықтау, трансформатордың (реактордың) техникалық жай-күйі мен оның қалыпты қолданылу мүмкіндігін анықтау қажет.
696. Трансформатор (реактор) автоматты түрде ажыратылған кезде ішкі зақымданудан қорғай отырып, әсерінен трансформаторды (реакторды) қарау-сынау, газ, май талдамасын жасау, анықталған бұзушылықтар жойылған соң ғана іске қосуға болады.
Трансформаторды (реакторды) қорғау арқылы ажыратқан кезде, оның зақымдалуына байланысты емес әрекеттер жасалмаса, ол тексерусіз қайтадан іске қосылуы мүмкін.
697. Қуаттылығы 1 МВА және одан жоғары трансформаторлар мен реакторлар термосифондық немесе адсорбциондық сүзгілерде майды үздіксіз регенерациялау жүйесімен пайдаланылады.
Трансформаторлардың (реакторлардың) кеңейткіштеріндегі, сондай-ақ ТКР құрылғысының багіндегі немесе кеңейткішіндегі май айналадағы ауамен тікелей жанасудан қорғалады.
Майдың ылғалдануының алдын алатын арнайы құрылғылармен жабдықталған трансформаторлар мен реакторлардағы мұндай құрылғылар трансформатордың жұмыс істеу режиміне қарамастан, үнемі қосылып тұруы тиіс. Көрсетілген құрылғыларды пайдалану дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес ұйымдастырылады. Маймен толтырылған ыдыстардағы май қышқылдану мен ылғалданудан қорғалады.
698. Трансформаторды (реакторды) желіге қосу толық кернеуді қосу арқылы жүзеге асырылады.
Генератормен блокта жұмыс істейтін трансформаторлар қуаты нөлден бастап көтерілетін генератормен бірге іске қосылуы мүмкін.
699. Трансформаторларды (реакторларды) ажыратусыз тексеру энергетикалық объектінің техникалық басшысы олардың аталуы, орнату орны мен техникалық жай-күйіне байланысты белгіленген мерзім арасында жүргізеді.
700. Трансформаторлар мен реакторларды және олардың құрамдас бөліктерін (ТКР, салқындату жүйесі) жөндеу (күрделі, ағымдағы) жұмыстары олардың сынау және сыртқы тексеру барысында анықталатын техникалық жай-күйіне байланысты қажеттілігі бойынша жүргізіледі. Жөндеу жұмысын жүргізу мерзімін энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілейді.
701. Трансформаторлардың (реакторлардың) профилактикалық сынақтары электр жабдықтарын сынау нормалары мен өлшемдері және зауыт нұсқаулықтары бойынша ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет