Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет40/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Аккумуляторлық қондырғылар


731. Аккумуляторлық қондырғыларды пайдалану кезінде олардың ұзақ мерзімді сенімді жұмысы мен қалыпты және авариялық режимдердегі әдеттегі тогының шиналардағы кернеуінің қажетті деңгейі қамтамасыз етіледі.
732. Қайта жөнделген немесе күрделі жөндеу жұмысынан шыққан аккумуляторлық батареяны қабылдау кезінде мыналар тексеріледі: 10-сағаттық разрядты ток батареясының сыйымдылығы, құйылатын электролит сапасы, заряд соңында және жерге қатысты батареялардың разряды мен оқшаулау кедергісі. Батареялар номиналды сыйымдылығының 100%-ына қол жеткізгеннен кейін пайдалануға беріледі.
733. Аккумуляторлық батареялар қалыпты зарядалды режимінде пайдаланылады. СК типіндегі батареялар үшін заряд алды кернеуі 2,2±0,05 В құрайды, СН-2,18±0,04 В батарея типі үшін.
Зарядтау қондырғылары номиналды кернеуінен 2 % аспайтын батарея шиналарындағы кернеуді тұрақтандыруды қамтамасыз етеді.
Жиі пайдаланылмайтын батареяның қосымша элементтері әрдайым зарядтау режимінде пайдаланылады.
734. Қышқылды батареялар жаттығу разрядтарынсыз және мерзімді тегіс қайта зарядтауға пайдаланылады. Жылына бір рет кернеуі 2,3-2,35 В СК типті батареялардың теңгермелі зарядты элементіне температурасы 20оС болған кезде барлық элементтерде 1,2 – 1,21 г/см3 электролит тығыздығының мәніне жеткізгенге дейін жүргізіледі.
Теңгермелі заряд ұзақтығы батареяның жай-күйіне байланысты және кемінде 6 сағатқа төзімді болуы тиіс.
СН типті батареяның теңгермелі зарядтары кернеуі 2,25-2,4 В сақтандыру қалқанынан 35-40 мм деңгейіне дейін суды құйғаннан кейін 1,235-1,245 г/см3 (сақтандыру қалқанынан 20 мм дейін электролит деңгейінің төмендеуі кезінде) электролит тығыздылығына қол жеткізгенге дейін жүргізілуі тиіс.
Теңгермелі заряд ұзақтығы шамамен мыналарды құрайды: 30 тәулікте – кернеуі 2,25 В болған кезде, 5 тәулікте – кернеуі 2,4 В болған кезде.
735. Жылу-электр станцияларында 1-2 жылда 1 рет оның нақты сыйымдылығын анықтау үшін батареяны бақылау мақсатында разрядталады (номиналды сыйымдылық шамасында).
Қосалқы станциялар мен гидроэлектр станцияларында жылына кемінде 1 рет итеру тогы кезінде кернеудің төмендеуі бойынша батареяның жұмыс қабілеттілігі тексеріледі, ал бақылау мақсатындағы разряд қажеттілігінше жүргізіледі. Элементтер жеткіліксіз болған кезде шиналардағы кернеуді қамтамасыз ету үшін номиналды сыйымдылығының 50-70%-ға төмендеуіне немесе негізгі элементтері бөліктерінің разрядын жүзеге асыруға жол беріледі.
Ток разрядының мәні әрдайым бірдей болуы қажет. Бақылау мақсатындағы разрядтау кезінде өлшеулер нәтижелері алдыңғы разрядтардың өлшеу нәтижелерімен салыстырылады. Аталған батарея үшін максималды мәннен жоғары емес токпен батареяны зарядтау мен разрядтауға жол беріледі. Зарядтаудың соңындағы электролиттің температурасы СК типіндегі батареялар үшін 40оС жоғары болмауы тиіс. СН типіндегі батареялар үшін зарядтық тогы максималды болған кезде 35 оС-дан жоғары болмауы тиіс.
736. Электр станцияларындағы аккумуляторлық батареялардың үй-жайларындағы ағынды-сору желдеткіштері батареяларды зарядтау алдында қысымды және газ толығымен тазартылғаннан кейін, бірақ зарядтау аяқталғаннан кейін кем дегенде 1,5 сағаттан кейін, бірақ одан бұрын емес ажыратылады.
Қосалқы станциялардағы аккумуляторлық батареялардың үй-жайларындағы желдету жүйесін пайдалану тәртібі нақты шарттарды ескере отырып өндірістік нұсқаулықпен анықталады.
Әрдайым зарядтау мен кернеуі 2,3 В дейін теңгерімді зарядтау режимінде өндірістік нұсқаулыққа сәйкес аккумуляторлық батареялардың үй-жайы желдетіледі.
737. Электр станцияларындағы батареялардың авариялық разрядталуынан кейін 90 %-ға тең сыйымдылыққа дейін оның заряды 8 сағаттан артық уақыт ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аккумуляторлардағы кернеу 2,5-2,7 В-ге жетуі мүмкін.
738. Аккумуляторлық батареяларды аздап зарядтау және зарядтау үшін түзету құрылғыларын пайдалану кезінде ауыспалы және тұрақты ток тізбегі ажырату трансформаторы арқылы байланысуы тиіс. Түзету құрылғылар ажырату туралы сигнализация құрылғыларымен жабдықталады.
Тұрақты ток шиналарындағы пульстеу коэффициенті РҚА құрылғыларын қоректендіру бойынша жол берілетін шектен асып кетпеуі тиіс.
739. Басқару тізбегін қоректендіретін тұрақты ток шиналарындағы релелік қорғау, сигнализация, автоматика мен телемеханика құрылғыларындағы кернеу қалыпты пайдалану шарттарында электр қабылдағыштардың номиналды кернеуінен 5 %-дан жоғары ұстауға жол беріледі.
Тұрақты токтың барлық жиынтықтары мен айналма магистральдары резервтік қоректендірумен қамтамасыз етіледі.
740. Номиналды кернеуіне байланысты аккумуляторлық батареяны оқшаулау кедергісі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес болуы тиіс.
Тұрақты жедел ток шиналарының оқшаулағыш бақылауға арналған құрылғы қондырғысы 220 В желідегі 20 кОм дейін полюстерінің бірін оқшаулау кедергісін төмендету кезіндегі дабылға әсер етуі тиіс, 110 В желі 10 кОм, 60 В желіде – 6 кОм, 48 В желіде – 5 кОм, 24 В желіде – 3 кОм.
Тұрақты ток желісін оқшаулау кедергісін пайдалану мақсатында оқшаулауды бақылау үшін құрылғыларды орнату екі реттен төмен болмауы тиіс.
Сигнализация құрылғысын іске қосу кезінде жерге қатысты оқшаулау деңгейiн төмендете отырып, жедел ток тізбегіндегі ақауларды жедел түрде жою шаралары қолданылады. Бұл ретте осы желiдегі кернеуді төмендетпей, оқшаулауды зақымдау орындарын iздеуден басқа жұмыстарды атқаруға жол берілмейді.
741. Қышқыл аккумуляторлық батарея электролитiнiң талдауы бақылау элементтерінен алынған сынамалар бойынша жыл сайын жүргiзiледі. Бақылау элементтерiнің көлемі батареяның жай-күйiне байланысты энергетикалық объектінің техникалық жетекшісі белгіленеді, бiрақ кемінде 10%. Бақылау элементтері жыл сайын өзгертіліп отырады. Бақылау мақсатындағы разрядтау кезінде электролит сынамасы разряд соңында таңдап алынады.
Үстемелеп құю үшін құрамында хлор мен темірдің жоқ болуына тексерілген дистиллирленген су пайдаланылады.
С және СК типтеріндегі аккумуляторлық батареялардың бактеріндегі булануды азайту үшін шынымен немесе электролитпен реакцияға түспейтін басқа оқшаулау материалымен жабылуы тиіс. Осы мақсатта майды пайдалануға жол берілмейді.
742. Аккумуляторлық батареялар үй-жайларындағы температура 10оС-дан төмен болмауы тиіс; әдеттегі кезекшілігінсіз қосалқы станцияларда және егер батарея сыйымдылығы таңдап алынса, температураның төмендеуін ескере отырып, температурасының 5оС-қа дейін төмендеуіне жол беріледі.
743. Аккумуляторлық батареялар үй-жайларындағы есіктерге «Аккумулятор бөлмесі», «Өртке қауіпті», «Темекі шегуге тыйым салынады» деген жазбалар болуы тиіс және ашық отты қолдану мен темекі шегуге жол бермеу туралы қауіпсіздік белгілері ілінеді.
744. Аккумуляторлық батареяларды тексеру энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.
Электролит кернеуі, тығыздығы және температурасы айына кемінде 1 рет өлшенеді.
745. Электр станциялары мен қосалқы станцияларда аккумуляторлық қондырғылармен қызмет көрсету аккумуляторшыға немесе арнайы дайындалған электр монтеріне (мамандықты қоса атқарумен) жүктелуі тиіс. Әрбір аккумуляторлық қондырғыларда осы тексерулер мен жүргізілген жұмыстардың көлемі туралы жазуға арналған журнал болуы тиіс.
746. Аккумуляторлық қондырғылармен қызмет көрсетуші персонал:
1) батареяның жекелеген элементтерінің кернеуін, тығыздылығы мен электролит температурасын бақылау құралдарымен;
2) типтік нұсқаулыққа сәйкес арнайы киімдер мен арнайы мүкәммалмен қамтамасыз етілуі қажет.
747. Аккумуляторлық қондырғылар мен батареялардың жөндеу жұмыстары өз қажеттілігінше жүргізілуі тиіс.
748. Басқа типтердің жабық түрде орындалған қышқыл аккумуляторлы, сондай-ақ сілтілі аккумуляторлы батареялар дайындаушы-зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет