Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет42/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Электр жеткізудің әуе желілері


761. Электр жеткізудің әуе желілерін (бұдан әрі – ӘЖ) пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету мен олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
762. Құрылыс жүргізу мен техникалық қайта жабдықтауға, құрылымдауға, қайта жаңартуға жататын ӘЖ-ні жобалау бойынша тапсырмалар беру кезінде электр жүйелерін пайдаланатын ұйымдар ӘЖ жобаланатын аймақтағы нақты жағдайлар туралы деректер (көктайғақ және жел жөнінде, ӘЖ сара жолындағы атмосфераның ластануы жөнінде, ӘЖ және олардың элементтерінің істен шығып қалуы және басқа да жергілікті жағдайларды сипаттайтын деректер) бар жобалау ұйымдарына беруі және оның жобалық құжаттамаларда есепке алынуын талап етуі тиіс.
763. Мердігер ұйым арқылы орындалатын және электр желісін пайдаланатын ұйымдардың пайдалануға беруге жататын ӘЖ құрылысын жүргізу, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңғырту және жетілдіру кезінде соңында жұмыс өндірісі бойынша техникалық қадағалау, атқарылған жұмыстардың бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру ұйымдастырылуы қажет.
764. Электр желiсiн пайдаланылатын ұйымдардың ӘЖ-ні пайдалану үшін электр жеткізу желісінің аяқталған құрылысын пайдалануға қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
765. Қарау, тексеру және өлшеу кезінде анықталған зақымданушылықтар мен ақауларды жою арқылы алдын ала тозудан ӘЖ элементтерін сақтау бойынша жұмыстар техникалық қызмет көрсету кезінде атқарылады.
ӘЖ-нің күрделі жөндеу жұмысы кезінде ӘЖ-нің жалпы немесе жекелеген элементтерін бастапқы пайдалану сипаттамасын беру немесе қайта қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені орындалады.
Техникалық қызмет көрсету жөндеу және техникалық қайта жабдықтау барысында ӘЖ орындалуы тиіс жұмыс тізбесі ӘЖ-ні пайдалану жөніндегі үлгілік нұсқаулықта берілген.
766. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары ӘЖ-нің ажырату мерзімінің ұзақтығын максималды қысқаруына мүмкіндік беретін қажетті жұмыстарды жүргізу арқылы кешенді түрде ұйымдастырылады. Олар желілердің ажыратылуымен, бір фазаның (фазалық жөндеу) ажыратылуымен және кернеуді алусыз жүргізілуі мүмкін.
767. Техникалық қызмет көрсету мен ӘЖ жөндеу жұмыстары арнайы машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, такелаждарды, жабдықтарды, аспаптар мен құрылғыларды пайдалана отырып орындалады.
Механикаландыру құралдары нормаларға сәйкес жинақтастырылады және кәсіпорындар мен оның бөлімшелерінің жөндеу-өндірістік базаларына (бұдан әрі – ЖӨБ) жеткізіледі.
ӘЖ жұмыстарын орындаушы бригадалар ЖӨБ және диспетчерлік пунктерге қажетті құралдармен жабдықталуы қажет.
768. ӘЖ пайдалану кезінде электр желілерін қорғау қағидалары қатаң сақталады және олардың орындалуы бақыланады.
Электр желілерін пайдаланатын ұйымдар ӘЖ жүргізілетін аудандарда орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдарға қағидалардың талаптары туралы хабарлауы қажет.
769. Неоцинктелген металл тіреуіштерінің коррозияға қарсы жабыны мен темір бетон және ағаш тіреуіштерінің, сондай-ақ болат тростар мен тіреуіш тартқыштарының металл тетіктері энергетикалық объектінің техникалық басшысының өкімімен қайта қалпына келтіріледі.
770. ӘЖ-нің трассасы бұталардан және ағаштардан мерзiмдi түрде тазаланады және өрт қауiпсiздігі сақталады; ендi сүйеулердің белгіленген ені және ағаштардың кесiліп алынуы жүргізілуі тиіс.
Орман соқпақтарында өскен және ӘЖ сымдары мен тіректеріне құлау қаупі бар жекелеген ағаштар иелігінде екпелері бар ұйымды бұл туралы хабарландыра және ағаш кесу билеттерін (ордерлерді) ресімдей отырып кесілуі тиіс.
771. Қарқынды ластануға ұшыраған ӘЖ-нің учаскелерінде арнайы немесе күшейтiлген оқшаулама қолданылады және қажет болған жағдайда оқшаулағышты тазалау (жуу), ластанған оқшаулағыштарды алмастыру орындалады.
Қарқынды ластану аймақтарында құстардан және жаппай ұя салу орындарынан оқшаулау жабындыларының болуына мүмкіндік бермейтін, сондай-ақ қауіп төндірмейтін жеке олардың өміріне арнайы құрылғылар орнатылады.
772. Арқандар өткiзгiштерiн қосу саны арқаны ӘЖ-ге екi қосқыштан аспайтын рұқсат етiлуге кесiп өтетiн әрбiр өткiзгiштегі басқа ӘЖ-дері бар жұмыс iстейтiн сызықтың қиылысу аралықтары және байланыс тораптарына ӘЖ пайдаланулардың жанында кесiп өтiлетiн ӘЖ регламенттелмейді.
773. Электр желісін пайдаланатын ұйымдар ӘЖ жобасына сәйкес тіреуіштерде орнатылған тұрақты белгілерді жарамды күйде ұстауы қажет.
774. Электр желісін пайдаланатын ұйымдар автокөлік жолдарымен ӘЖ қиылысында орнатылған габариттерді шектейтін жол белгілерінің автокөлік жолдары бар кернеуі 330 кВ және одан жоғары ӘЖ қиылысында орнатылған және осы ӘЖ-нің қорғауға алынған аймақтарында көліктің тоқтап тұруына жол бермейтін жол белгілерінің жарамдылығына назар аударуы тиіс.
775. ӘЖ пайдалануда олардың мерзімді және кезектен тыс тексерулері ұйымдастырылуы тиіс. Мерзімді тексеру кестесін электр желілерін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы бекітуі тиіс.
Барлық ұзындық бойынша әрбір ӘЖ-ні тексеру мерзімділігі жылына бір реттен кем емес болмауы тиіс. Сондай-ақ жылына бір реттен кем емес инженерлік техникалық персонал күрделі жөндеу жұмысына жататын барлық ӘЖ-бен жекелеген ӘЖ тексеру жүргізілуі қажет және толығымен тексерілуі тиіс.
35 кВ және одан жоғары ӘЖ-дегі немесе 20 және одан да көп қызмет ететін учаскелердегі қарқынды ластанатын аймақтардағы сондай-ақ ашық желілердегі қысқыштардың және қашықтықтағы кернеулердің сымдары мен тростарын таңдап тексеретін жоғары тексерулер 6 жылда кемінде 1 рет кернеуі 35 кВ және одан жоғары қалған ӘЖ-де (учаскелерде) 12 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі. 0,38-20 кВ ӘЖ-дегі жоғарғы тексерулер қажет болған кезде ғана жүргізіледі.
776. ӘЖ немесе олардың учаскелеріндегі кезектен тыс тексерулер жүргізіледі:
1) сымдар мен тростарда мұзданудың пайда болуы кезінде, сымдар селкілдеп тұрған кезде және өзендердiң жайылуы кезінде, орман және даланы өрт алған кезде, сондай-ақ дүлей апаттардан кейiн;
2) релелік қорғаудан ӘЖ-нің автоматты түрде ажыратылуынан кейін.
777. ӘЖ бойынша мынадай тексерулер мен өлшеулер жүргізіледі:
1) ӘЖ трассаларының жай-күйін тексеру – сымдардан бұтақтарға дейін габариттерді тексеру мен өлшеу кезінде – қажет болған кезде;
2) ағаш тiректерi бөлшектерiнің шiруiн тексеру ӘЖ-ні пайдалануға енгiзгеннен кейiн 3-6 жылдан кейiн, бұдан әрi – 3 жылда кемінде 1 рет, сондай-ақ тiрекке көтеру немесе бөлшектердi ауыстыру алдында;
3) оқшаулағыш пен желілік арматураның сыртқы жай-күйін тексеру алғашқыда аспалы тарелкалы фарфор оқшаулағышының электр берiктiгiнiң тексеруi 1-2-жылдарда, бұдан әрi ақауын iрiктеудi деңгей және ӘЖ-ге оқшаулағышының жұмыс жағдайларына байланысты мерзiмдiлiкпен пайдалануға 6-10-жылдарда қайыра ӘЖ-дің енгiзілуiнен кейiн;
4) тексеру жүргізу кезінде тіреуіштер, сымдар, тростардың жай-күйін тексеру;
5) 6 жылда кемінде 1 рет жиі емес электр өлшемдерiнiң 35 кВ және одан жоғарысы кернеудi ӘЖ өткiзгiштердiң болттық қосуларының күйiн тексеру; болттық қосулар, қанағаттанарлықсыз күйде болғанда, жаруларға душар болғанда, одан кейін жөнделеді немесе ауыстырылады;
6) құрсауларды болттық қосылулармен анкерлiк бұрандамалардың гайкаларын тексеру және тарту – 6 жылда кемінде 1 рет;
7) iргетастар мен U тәрізді бұрандаларды тексеру – 6 жылда кемінде 1 рет;
8) темір бетон тіреулер мен тіреуіштердің жай-күйін тексеру – 6 жылда кемінде 1 рет;
9) металл тiректердiң коррозияға қарсы жамылғы күйiн тексеру және траверс, жердiң iшiнара жаруымен металдық табалдырықтар және тартулардың тұтқарлары – 6 жылда кемінде 1рет;
10) тiректi тартқыштардың тартылуын тексеру – 6 жылда кемінде 1рет;
11) тiректердiң жерге тұйықтау кедергiсiн, сондай-ақ нөлдік сымның қайтадан жерге тұйықталуын өлшеу – осы Қағидалардың 880-тармағына сәйкес;
12) пайдалануға қабылдау кезінде кернеу 1000 В-ге дейiн ӘЖ-дегі фаза-нөл ілшегінің кедергiсiн өлшеу, әрі қарай жаңа тұтынушыларды жұмылдыру мен осы кедергiнiң өзгеруіне әкелетін жұмыстарды орындау кезінде;
13) тiреуіштердiң, сымдардың, тростардың жай-күйін, сымдардан жердің беті мен түрлі объектілердің бетіне дейінгі, қиылысатын құрылысқа дейінгі арақашықтығын ӘЖ-ні қарау кезінде тексеру.
778. ӘЖ-ні қарау, тексеру мен өлшеу жұмыстарын жүргізу кезінде байқалған жарамсыздықтар пайдалану жөніндегі құжаттамада беріледі және олардың сипаттамасына байланысты жақын арада немесе техникалық қызмет көрсету немесе ӘЖ-ні күрделі жөндеу жұмысынан өткізу кезінде жойылады.
779. ӘЖ-ні күрделі жөндеу жұмысынан өткізу электр желісін пайдаланатын ұйымның техникалық басшысының шешімімен темір бетон және металл тіреуішті ӘЖ-де –12 жылда кемінде 1 рет, ағаш тіреуіштері бар ӘЖ-де – 6 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі.
780. Тіреуіштер мен ӘЖ-нің басқа да элементтерінің конструктивті өзгеруі, сондай-ақ жерге тіреуішті бекіту жолдары техникалық құжаттама болған кезде және электр желілерін пайдаланатын ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен ғана орындалады.
781. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер бойынша жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмысы, техникалық қайта жабдықтау, ӘЖ қайта жаңғырту мен жетілдіру жер пайдаланушылардың келісімімен жүргізіледі және осы пайдаланылатын жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдары болмаған кезде немесе осы дақылдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкіндігі кезінде жүргізіледі.
ӘЖ жұмысындағы бұзушылықтардың алдын алу және осындай бұзушылықтардың салдарын жою бойынша жұмыстар жер пайдаланушының келісімінсіз, бiрақ оларға жүргізілетін жұмыс туралы хабардар ете отырып, кез келген жыл мезгілінде жүргізілуі мүмкін.
Электр желілерін пайдаланатын ұйымдардың аталған жұмыстарын атқарғаннан кейін пайдаланатын жерлерді мақсатты түрде пайдалануға жарамды күйге келтiру керек.
782. Сымдары бірлесе ілінген ӘЖ-ні пайдаланатын ұйымдар келісілген мерзiмдерде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Авариялық жағдайларда жөндеу жұмыстары екінші торапқа (желі немесе сым иесі) алдын ала хабарлай отырып жүргізіледі.
783. Қарқынды түрде көк мұздың пайда болуына әкелетін кернеуі 1000 В-ден жоғары ӘЖ-де көк мұзды еріту электр тогымен жүзеге асырылады.
Электр желісін пайдаланатын ұйымдар ӘЖ-де көк мұздың пайда болу процесін бақылауы және көк мұзды еріту схемасын дер кезінде қосуды қамтамасыз етуі қажет. Көк мұз ерітілетін автоматты түрде бақылау құрылғылармен және көк мұздың пайда болуы мен еру процесінің сигнализациясымен, сондай-ақ қысқартатын коммутациялық аппараттармен жабдықталады.
784. Кернеуі 110 кВ және одан жоғары ӘЖ-нің зақымдану орындарын, сондай-ақ 6-35 кВ ӘЖ-дегі фазааралық тұйықталу орындарын қашықтықтан анықтау үшін арнайы құралдар орнатылады. Дәнекерленген кернеуі 6-35 кВ ӘЖ-ге зақымданған учаскенің сілтемелері орнатылады.
Электр желілерін пайдаланылатын ұйымдар кернеуі 6-35 кВ ӘЖ-нің жерге тұйықтау орындарын анықтау үшін жылжымалы құралдары болуы қажет.
785. Электр желілерін пайдаланылатын ұйымдардағы ӘЖ-де авариялық зақымданушылықты дер кезінде жою мақсатында белгіленген нормаларға сәйкес материалдардың және бөлшектердің авариялық қорлары сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет