Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет45/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Жерге тұйықтау құрылғылары


837. Жерге тұйықтау құрылғылары адамдарды электр қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және электр қондырғыларын қорғау талаптарына, сондай-ақ жұмыстың пайдалану режиміне сай болуы тиіс.
Электр жабдықтары мен электр қондырғыларының барлық металл бөліктері жерге тұйықталуы және нөлденуі тиіс.
838. Электр қондырғыларының жерге қосу қондырғыларын монтаждау ұйымына тапсыруда осы құрылғыларды сынаудың қабылдау-тапсыру хаттамасы берілуі тиіс.
839. Жерге тұйықтауға жататын қондырғылардың әрбір элементі жекелеген жерге тұйықтау өткізгіші арқылы жерге тұйықтаушыға қосылады.
Қондырғылардың бірнеше элементтерін жерге тұйықтау өткізгіштерін бірізді қосуға жол берілмейді.
840. Жерге тұйықтағышқа және жерге тұйықтау конструкциясына жерге қосу өткізгіштерін қосу дәнекерлеу арқылы орындалады, ал аппараттардың, машиналардың корпустарына және электр жеткізудің әуе желісінің (ӘЖ) тіреуіштеріне дәнекерлеу арқылы немесе бұрандама арқылы қосылады.
841. Жерге тұйықтау өткізгіштері коррозиядан сақталады. Ашық жерге орнатылған тұйықтау өткізгіштері қара түске боялады.
842. Жерге тұйықтау құрылғыларын бақылау үшін:
1) жерге тұйықтау құрылғыларының кедергісін өлшеу және 12 жылда кемінде 1 рет жерде орналасқан жерге тұйықтаушы элементтердің коррозиялық жай-күйін бағалау үшін топырақты аша отырып таңдап тексеру;
2) жерге тұйықтаушы мен жерге тұйықталатын элементтері арасындағы тізбектің болуы мен жай-күйін тексеру, табиғи жерге тұйықтаушылар және жерге тұйықтау құрылғыларының қосылуы – 12 жылда кемінде 1 рет;
3) жанасу кернеуінің нормасы бойынша орындалған жерге тұйықтау құрылғыларының, электр қондырғыларының жанасу кернеуін өлшеу;
4) электр қондырғыларын орнату жөніндегі қағидалардың (бұдан әрі – ЭЖҚ) талаптарына сәйкес жерге тұйықтаушы құрылғылар кернеуінің сәйкестігін тексеру – жерге тұйықтаушы құрылғының монтаждаудан, қайта орнату мен күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін, бірақ 12 жылда кемінде 1 рет;
5) кернеуі 1000 В-ге дейін қондырғылардағы тегеурінді сақтандырғыштар мен нөл фазалы сымдардың толық кедергілерін тексеру - 6 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі.
843. Жерге тұйықтау құрылғыларының кедергілерін өлшеу:
1) электр станцияларындағы, қосалқы станциялар мен электр жеткізу жүйелеріндегі осы құрылғылардың монтаждаудан, қайта орнату мен күрделі жөндеу жұмысынан кейін;
2) кернеуі 110 кВ және одан жоғары ӘЖ-нің тросс тіреуіштерінде электр доғасымен ізді басу немесе оқшаулағыштың бұзылуы байқалған кезде;
3) кернеуі 35 кВ және одан төмен ауа тарату желілерінің қосалқы станцияларында – 12 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі.
Кернеуі 35 кВ және одан төмен желілерде тұйықтау кедергілерін өлшеу;
1) бөлшектеуші, қорғау аралықтары, құбырлар мен вентиль электр тогын ажыратып тұратын аспаптары бар тіреуіштерде және нөлдік сымбардың қайта жерге тұйықтаушысы бар тіреуіштерде – 6 жылда кемінде 1 рет;
2) елді мекендердегі, агрессиялық, таудан жылжитын, үрленетін немесе жаман өткізетін топырағы бар ӘЖ учаскілерінде темір бетон және металл тіреуіштерін 2 %-ын таңдап алып – 12 жылда кемінде 1 рет.
Өлшеу топырақтың кебуі кезінде жүргізіледі.
844. Жанасу кернеуін өлшеу жерге тұйықтау құрылғысын монтаждаудан, қайта орнатудан және күрделі жөндеуден кейін, бірақ 6 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі.
Табиғи жерге тұйықталушылар мен ӘЖ тросстары қосылған кезде өлшеу жүргізіледі.
845. Жерге тұйықталушылардың коррозиялық жай-күйін тексеру:
1) қосалқы станциялар мен электр станцияларында – жете тұйықталушылар коррозиямен зақымданған жерлерде, сондай-ақ күш трансформаторларының нейтралдарына, қысқа тұтынушыларға жақын жерлерде;
2) ӘЖ-ге – жерге тұйықталатын тіреуіштердің 2 %-ында да жүргізіледі.
Қосалқы станциялардың жерге тұйықталушылары мен ӘЖ тіреуіші үшін энергетикалық объектінің техникалық басшысының шешімімен қажет болған кезде коррозиялық жай-күйін тексеру жиі жүргізілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет