Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет43/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Күш беретін кәбілдік желілер


786. Күш беретін кәбілдік желілерді пайдалану кезінде олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысы жүргізіледі.
787. Пайдалануға енгізу кезінде әрбір кәбілдік желілерге жол берілетін жоғары ток жүктемесі орнатылады. Жүктемелер егер учаскенің ұзындығы 10 м-ден аз болмаса өте төмен жылу шарттары бар трасса учаскелері бойынша анықталады. Осы жүктемелердің артуы желілердің қызуы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар бойынша жол берілетін шектен артып кетпейтіндей жылу сынауының негізінде жол беріледі. Бұл ретте кәбілдердің қызуы төмен деңгейде салқындатылатын трасса учаскелерінде тексеріледі.
788. Кәбілдік құрылыстарда кәбіл жұмыстарының жылу режимін, ауа температурасы мен желдету құрылғысының жұмысын жүйелі бақылау ұйымдастырылуы қажет.
Кәбілдік туннельдер, каналдар мен шахталар ішіндегі жазғы маусымдағы ауа температурасы сыртқы ауа температурасынан 10оС-дан артық болмауы тиіс.
789. Авариядан кейінгі мерзімде ток бойынша:
1) 10 кВ-ге дейінгі кернеулі қағаз оқшаулағышы бар кәбілдер үшін 30%-ға;
2) полиэтилен және поливинилхлорид пластикатымен оқшауланған кәбілдер үшін - 15 %-ға;
3) резеңке және вулкандалған полиэтилен кәбілдері үшін - 18 %, 5 тәулік ішінде күніне 6 сағаттан астам емес, бірақ жылына 100 сағаттан артық емес ұзақтығымен қайта жүктеуге жол беріледі.
15 жылдан артық пайдаланылып жүрген кәбілдер үшін ток бойынша қайта жүктеу 10 %-дан артық болмауы тиіс.
Кернеуі 20 және 35 кВ қағаз оқшауланған бар кәбілді қайта жүктеуге жол берілмейді.
Кернеуі 110 кВ және одан жоғары кәбілдік желілерді қайта жүктеу дайындаушы зауыттармен регламенттеледі.
790. Әрбір маймен толтырылған желілер немесе кернеуі оның 110 кВ және одан да жоғары секциялары үшін желілердің өзіндік белгілеріне қарамастан май қысымының өзгеру шегі белгіленеді. Олардан кәбілдік желілер ауытқыған кезде ажыратылады және оның қосылуы бұзушылықтардың себептері анықталғаннан және жойылғаннан кейін ғана жол беріледі.
791. Маймен толтырылған кәбілдік желілердегі май сынамасы мен кернеуі 110 кВ және одан жоғары пластмасса оқшаулағышы бар кәбіл муфтасындағы сұйықтық сынамасы жаңа желінің іске қосылуы алдында, қосылғаннан кейінгі бір жылдан соң, содан кейін 3 жылдан кейін және әрі қарай 6 жылда бір рет алынады.
792. Кернеуі 1000 В жоғары кәбілдік желілерді пайдалануға беру кезінде ҚНжЕ мен қабылдаудың салалық қағидаларында қарастырылған құжаттамалардан басқаларында төмендегілер рәсімделеді және энергетикалық кәсіпорындарға беріледі:
1) трассаның осы ауданындағы байланыстың дамуына байланысты 1:200 және 1:500 масштабында орындалған байланыстырушы муфтаның орнатылған орындары көрсетілген орындалатын трасса схемасы;
2) кернеуі 110 кВ және жоғары кәбіл желісі үшін кәбіл желісінің түзетілген жобасы желілерді жүргізер алдында пайдаланушы ұйыммен келісіледі және кәбіл маркасы өзгерген кезде дайындаушы зауыт пен пайдаланушы ұйыммен келісіледі;
3) кернеуі 35 кВ кәбіл желілері үшін және кернеуі 6-10 кВ кәбіл желілерінің аса күрделі трассалары үшін жолмен және басқа да байланыс жолдарымен тоғысу орындарындағы кәбілдік желің кескінінің схемасы;
4) барабандардағы кәбілдің жай-күйінің актілері мен қажет болған кезде бөлшектеу хаттамасы мен тексеру үлгілері (импорттық кәбілдер үшін бөлшектеу міндетті);
5) кәбілдік журнал;
6) кәбілдік желінің барлық элементтерінің тіркеу тізімі;
7) барлық жерасты байланыс жолдары бар кәбілдердің тоғысулары мен жақындасуы көрсетілген құрылыс және жабық жұмыстарының актілері;
8) кәбіл муфтасын монтаждау бойынша жасалған акті;
9) монтаждауға транштар, блоктар мен каналдарды қабылдау актілері;
10) электр-химиялық коррозиядан кәбілдік желілерді сақтау бойынша құрылғыларды монтаждау актілері, сондай-ақ жобаға сәйкес коррозиялық сынақтардың нәтижелері;
11) төсеуден кейінгі жоғары кернеулі кәбіл желілерін оқшаулауды сынау хаттамасы;
12) оқшаулау кедергісін өлшеу нәтижелері;
13) жабылар алдындағы траншеялар мен каналдардағы кәбілдерді тексеру актілері;
14) температурасы төмен болған кезде төсер алдында барабан кәбілдерінің қызуы туралы хаттама;
15) өрт сөндіру мен өрт сигнализациясының жүйелерін автоматты стационарлық қондырғыларын тексеру мен сынау актілері.
Кернеуі 110 кВ және одан да жоғары кәбілдік желілерді пайдалануға қабылдау кезінде аталған құжаттардан басқа монтаждау ұйымы энергетикалық объектіге қосымша төмендегілерді беруі қажет:
1) кәбілмен қорректендіру аппаратураларының жоғары белгілері (110-220 кВ желісі үшін төмен қысым);
2) желілердің барлық элементтеріндегі майды сынау нәтижелері;
3) қоректендіру бойынша сынақ;
4) жоғары қысымды желілердегі қорректендіру агрегаттарын сынап көру мен сынау нәтижелері;
5) қысымның сигнализация жүйесін тексеру нәтижелері;
6) төсеу кезіндегі тартуды күшейту туралы актілер;
7) төсеуден кейін жоғары кернеулі қорғау қабатын сынау туралы актілер;
8) кәбілдер, муфталар мен қорректендіру аппаратураларын зауыттық сынау хаттамалары;
9) муфтаны автоматты жылыту құрылғыларын сынау нәтижелері;
10) ток өткізу желілері мен әрбір фаза (экрандар) қабаттарындағы токты өлшеу нәтижелері;
11) кәбіл желісінің жұмыс сыйымдылығын өлшеу нәтижелері;
12) оқшаулаудың белсенді кедергісін өлшеу нәтижелері;
13) құдықтар мен соңғы муфталарды жерге тұйықтау кедергісін өлшеу нәтижелері.
14) кернеуі 1000 В дейін кәбілдік желілерді пайдалануға беру кезінде кәбілдік журнал желісінің түзетілген жобасы, сынау мен өлшеу актілері мен хаттамалары рәсімделеді және тапсырыс беруге жіберіледі.
793. Салынып жатқан ұйымдардың басқа ведомстволардың және пайдалануға берілетін барлық кернеулі кәбіл желілерін төсеу мен монтаждау пайдаланатын ұйымның техникалық қадағалауы жүргізіледі.
794. Әрбір кәбілдік желілердің желілер бойынша негізгі мәліметтер берілген паспорты, сондай-ақ осы Қағидалардың 792-тармағына сәйкес құжаттамалары бар мұрағат папкасы болады.
Есепке алудың автоматтандырылған жүйесі бар кәсіпорындар үшін аспорт мәліметтері ЭЕМ жадысына енгізілуі мүмкін.
Ашық төселген кәбілдер, сондай-ақ барлық кәбілдік муфталар түсініктемесі бар биркалармен жабдықталады; кәбіл биркаларында желінің басы мен соңында желінің таңбасы, кернеуі, қимасы, нөмірі немесе аталымы көрсетіледі; байланыстыратын муфталар биркаларында – муфта нөмірі, монтаждау күні.
Биркалар қоршаған ортаның ықпалына орнықты болуы тиіс. Желінің ұзындығы бойынша 50 м сайын ашық төселген кәбілдерге, сондай-ақ трасса бұрылыстары мен кәбіл өткізілетін орындарда отқа төзімді қалқалар мен қоршаулар (екі жағынан) арқылы орналастырылады.
795. Кәбіл құрылыстарында төселген кәбілдердің металл неоцинктелген броньдері мен металдандырылмаған қабаты бар металл конструкциялары, сондай-ақ кәбілдік металл қораптар жанбайтын коррозияға қарсы лакпен және сырмен мерзімді түрде жабылады.
796. Кәбіл желісінің жүктемесі энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілеген уақыт мерзімінде өлшенеді.
Қажет болған жағдайда осы өлшеу деректерінің негізінде жұмыс режимі мен кәбіл желісінің схемасы нақтыланады.
Осы тармақтың талаптары электр станциялары мен қосалқы станциялардың тарату қондырғыларының шиналарынан кететін тұтынушылардың кәбіл желілеріне да таратылады.
797. Кәбіл желілерін тексеру осы Қағидалардың 23-қосымшасына сәйкес мерзімде айына 1 рет жүргізіледі.
Кернеуі 1000 В төмен кәбіл муфтасын тексеру электр жабдықтарын тексеру кезінде жүргізіледі.
Су асты кәбілдерін тексеру энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілеген мерзімде жүргізіледі.
Кәбілдік желілерді іріктеу бақылау тексерулерін инженерлік-техникалық персонал мерзімді түрде жүргізеді.
Су тасқыны кезінде және нөсерден кейін, сондай-ақ релелік қорғау арқылы кәбілдік желілердің ажыратылуы кезінде кезектен тыс тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Тексеру кезіндегі кәбілдік желілердегі анықталған бұзушылықтар анықтау туралы ақаулар мен олқылықтарды тіркеу журналына тіркеледі. Бұзушылықтар қысқа мерзім ішінде жойылады.
798. Тұрақты да жедел қызмет көрсететін электр станциялары мен қосалқы станциялардағы туннельдер, шахталар, кәбілдік сатылар мен арналар айына кемінде бір рет тұрақты емес жедел қызмет көрсететін электр станциялары мен қосалқы станцияларында энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілеген мерзімде тексеріледі.
799. Кәбілдік құрылыстарға орнатылған өрт сигнализациясы мен автоматты түрде өртті сөндіру құрылғыларын техникалық қадағалау мен пайдалану сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғыларын пайдалану жөніндегі, энергетикалық кәсіпорындардағы өрт сигнализациясының автоматты қондырғыларын пайдалану жөніндегі және ауа-механикалық көбіктерді қолдана отырып өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.
800. Қандай болса да уақытша және қосалқы құрылыстарды (шеберхана, құрал-жабдықтар бөлмесі, қоймалар) кәбілдік үй-жайларда орнатуға, сондай-ақ сол жерлерде қандай да материалдар мен жабдықтарды сақтауға жол берілмейді.
801. Электрленген рельс транспорттары немесе агрессивті топырақтары құрал-жабдықтар, бар аудандарда кәбіл желілері коррозияға қарсы қорғалғаннан кейін ғана пайдалануға берілуі мүмкін.
Бұл аудандарда кәбіл желілерінде кезбе тогы өлшенеді және кәбіл желісінің әлеуетті диаграммалары мен коррозиялық аймақ картасы жасалады және жүйелі түрде түзетіліп отырады. Барлық жерасты байланысы үшін бірлескен коррозияға қарсы қорғау ұйымдастырылған қалаларда әлеуетті диаграммалар түсіру талап етілмейді.
Кәбіл әлеуеттері кезбе ток аймақтарында, катодпен қорғалған құбыржолдарымен байланыс кәбілдері бар күш беретін, кәбілдердің кәбілдер жақындайтын орындарда және коррозиядан қорғау қондырғыларымен жабдықталған кәбіл учаскелерінде өлшенеді. Шлангілі қорғау қабаттары бар кәбілдерде коррозияға қарсы қабаттың жай-күйі бақыланады.
802. Энергетикалық объектілер жердегі кезбе тогының мәнін төмендету бойынша іс-шараларды қалалық трамвай, метрополитен мен электрленген темір жол басқармалары мен қызметтерінің орындауын қадағалау қажет.
Электр коррозиясы, жер немесе химиялық коррозия салдарынан металл қабаттарының бұзылу қаупі кәбілдік желілерде байқалған кезде оның алдын алу шаралары қолданылады. Муфтаға жалғас алюминий қабатты учаскелеріндегі коррозияның алдын алу мақсатында негізгі құжаттардың ұсыныс хаттарына сәйкес олардың қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Қорғаныс құрылғылары тұрақты бақыланады.
803. Кәбіл трассаларын қазу мен олардың қасындағы жер жұмыстары энергетикалық объектінің жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.
804. Кәбілден 1 м тереңдікте жер қазу машиналарымен қазба жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ 0,3 м-ден артық тереңдіктегі кәбіл топырағын қопсыту үшін кен балғалары, сүймендер мен қоймаларды қолдану кәбілдің орнатылған қалыбы қабат тереңдігінде жол берілмейді.
Ұратын немесе дірілдеумен жүктелген тетіктерді қолдануға кемінде 5 м тереңдікте жол беріледі.
Жұмыс басталар алдында энергетикалық объекті персоналының қадағалауымен трассаны бақылау мақсатында ашу жүргізіледі. Жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін қосымша техникалық шарттар беріледі.
805. Электр желілерін пайдаланушы ұйымдар трассаларға жақын жерлердегі жұмыстарды жүргізу тәртібі туралы кәбіл трассалары жүргізілген ұйымдар мен аудандық елді мекендерге жүйелі түрде хабарлануы қажет.
806. Кәбілдік желілер электр жабдықтарын сынау көлемі мен нормаларына сәйкес тұрақты токтың жоғары кернеуін профилактикалық сынайды.
Жөндеу жұмыстарынан кейін немесе трассаларды ашумен байланысты қазба жұмыстарынан кейін кәбіл желілеріндегі кезектен тыс сынау қажеттілігі энергетикалық объектінің, электр желілерін пайдаланатын аудандардың, ұйымдардың басшылығымен анықталады.
807. Оқшауламаны құрғатудың салдарынан кернеуі 25-30 кВ қағаз оқшауламасы бар кәбілдердің көлденең учаскелерінде электрлік соғулардың алдын алу үшін оларды жүйелі түрде ауыстыру немесе оларға тежегішті жалғастырғыш орнатылуы қажет.
Ағып кетпейтін қоректендіру массасы мен платмасса оқшаулағышы бар немесе газбен толтырылған кәбілдері бар кернеуі 20-35 кВ кәбіл желілерінде тік учаскелердің оқшаулау жай-күйін қосымша бақылау мен олардың мерзімді түрде ауыстырылуы талап етілмейді.
808. Қабаттарды қадағалау кезінде және шланг жабыны бар брондалмаған кәбілдерді пайдалану кезінде шлангінің жай-күйіне көңіл аударылуы тиіс. Жарық шлангілері бар кәбілдер жөнделуі немесе ауыстырылуы тиіс.
809. Кәбіл желілерінің кәсіпорындарында зақымдану орындарын анықтайтын аппараттармен, өлшеу құралдарымен, жылжымалы өлшеу және сынау қондырғыларымен жабдықталған зертханалар болуы қажет.
810. Зақымданған кәбілдер мен зақымданған кәбілдік муфталардың үлгілері зақымдану себептерін анықтау үшін және олардың алдын алу шараларын әзірлеу үшін зертханалық зерттеулерге ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет