Байланысты: санитария оқыту және тәрбиелеу талаптар
МДҰ тәрбиелеу және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Объектілерде ойын, оқу кабинеттері үстелдермен, арқалықтары бар орындықтармен жабдықталады.
Балалар үйінде тәрбиеленушілердің оңтайлы саны 100-150 баланы құрайды. Топтардың толымдылығы туғаннан бастап 1,5 жасқа дейін – 10 бала, 1,5 жастан 2 жасқа дейін – 13 бала, 2 жастан 3 жасқа дейін-15 бала.
Топтағы шешінетін бөлмелер сыртқы киімге арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталады.
Спорт залдарының жанындағы киім шешетін бөлмелер шкафтармен немесе киімге арналған ілгіштермен, орындықтармен жабдықталады.
Пайдаланылған ойыншықтарды күн сайын күннің соңында жуу құралдарын қолдана отырып жуады. Ойыншықтарды жууға арналған ыдыс, шүберек және щетка таңбаланады.
Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтардан кемінде 25 см қашықтықта бактерицидті сәулелегіштермен 30 минут бойы дезинфекциялайды.
Ерте жастағы топтарда және медициналық мақсаттағы үй-жайларда жұмсақ және пенолатексті түкті ойыншықтар пайдаланылмайды.