Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет47/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Жарықтандыру


863. Барлық үй-жайлардың, жұмыс орындары мен ашық территориялардың жұмыс, авариялық және эвакуациялық жарықтандырылуы «Табиғи және жасанды жарықтандыру» ҚР ҚНжҚ 2.04.-04-2002 сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.
Авариялық жарықтандыру шамшырақтары жұмыс істеп тұрған жарықтандыру шамшырақтарынан белгілерімен және түсімен ерекшелінеді. Түтін құбырлары мен басқа да жоғары құрылыстардың құбырларына жарықтың түспеуі таңбалаудың және жоғары кедергілерді жарықтан шектеудің қолданыстағы нормаларына сәйкес болуы тиіс.
864. Электр станциялары мен қосалқы станциялардың бас, орталық және блок тақтасын басқару үй-жайларында, сондай-ақ диспетчерлік пункттерде авариялық шамшырақтар панель фасадтарында негізгі тақтаның жарықтандырылуы кезінде 30 лк болуын қамтамасыз етуі тиіс; бір-екі шам сақтандырғыштар арқылы тұрақты ток шиналарына қосылады және тәулік бойы қосулы тұрады.
Эвакуациялық жарықтандыру үй-жайлар мен өту жолдарында кемінде 30лк қамтамасыз етіледі.
865. Қалыпты режимдегі жұмыс және авариялық жарықтандыру әртүрлі тәуелсіз ток көздерінен қоректенеді. Электр станциялары мен қосалқы станцияларда және диспетчерлік пункттерде ток көздері ажыратылған кезде авариялық жарықтандыру автоматты түрде аккумуляторлық батареяға немесе басқа тәуелсіз ток көзіне ауыстырылып қосылады.
Осындай жарықтандыруға жатпайтын жүктеменің басқа да түрлерінің авариялық жарықтандыру желісіне қосылуына жол берілмейді.
Авариялық жарықтандыру желісінде ашалы розетка болмауы тиіс. Эвакуациялық жарықтандыру шамшырақтары жұмыс істеп тұрған жарықтандыру желісіне қосылмайтын желіге қосылады. Эвакуациялық жарықтандырудың қоректендіру көздерін ажырату кезінде ол аккумуляторлық батареяға немесе қозғалтқыш-генератор қондырғысына ауыстырылып қосылады.
866. Жөндеу жарықтандыруының жылжымалы қолшамшырақтары 42 В жоғары емес кернеулі желіден, электр тогының аса жоғары қауіптілігі кезінде 12 В жоғары емес кернеулі желіден қоректенеді.
12-42 В ашалар 127 және 220 В розеткаларға сәйкес келмеуі тиіс. Розеткаларда кернеулерін көрсететін жазба болуы тиіс.
867. Шамшырақтың осы түрі үшін жоғары кернеулі лампаларын орнатуға жол берілмейді. Шамшырақтардың шашыратқыштарын экрандайтын және қорғайтын торды алып тастауға жол берілмейді.
868. Электр станциялары мен қосалқы станцияларды жарықтандырудың ішкі, сыртқы, сондай-ақ қорғау желілерінің жекелеген желілері бойынша қоректендіру көздері болуы тиіс.
Электр станцияларының отын мен меншікті объектілерінің қоймаларын жарықтандыру желілерінен басқа сыртқы жұмыс істеп тұрған жарықтандыру желілерін басқару, сондай-ақ қорғау мақсатындағы жарықтандыру желілерін басқару басқарманың бас немесе орталық қалқанының үй-жайларынан жүзеге асырылады.
869. Электр станцияларының жарықтандырудан желісі стабилизаторлар арқылы немесе жекелеген транформаторлардан қорек көздерін алады.
Лампалардағы кернеу номиналдыдан артық болмауы тиіс. Ішкі жұмыс істеп тұрған жарықтандыру желілерінің, сондай-ақ прожекторлық қондырғылардың меншікті лампаларындағы кернеудің төмендеуі номиналды кернеуден 5 %-дан артық болмауы; сыртқы және авариялық жарықтандыру желілерінің меншікті лампаларында және 12-42 В желілерінде 10 %-дан артық (люминесцентті лампалар үшін – 7,5 % -дан артық емес) болмауы тиіс.
870. Екі шығу есігі бар ТҚ дәліздерінде және өту туннельдерінде жарықтандыру екіжақты басқарумен орындалады.
871. Барлық ажыратқыштардағы (рубильниктегі, автоматтардағы) жарықтандыру желілерінің қалқандарында және жиынтықтарында қосылу атауы, ал сақтандырғыштарда қоспа балқыма тогының мәні көрсетілген жазба жазылады.
872. Кезекші персоналда жарықтандыру желісінің схемалары мен балқитын калибрлі қоспаның және жарықтандыру желісінің барлық кернеулі лампаларының қоры болуы тиіс. Авариялық жарықтандыру кезінде кезекші және жедел жөндеу жұмысының персоналы жылжымалы электр шамдарымен жабдықталады.
873. Шамшырақтарды тазартуды, лампаларды және балқыма қоспаларын ауыстыруды, электр станцияларында жарықтандыру желілерін жөндеу мен тексеруді электр цехының персоналы жүргізіледі. Көпірлі крандары бар үй-жайларда оларды қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, шамшырақтарға қызмет көрсету үшін пайдалануға жол беріледі.
Шамшырақтарды тазартуды және жанып кеткен лампаларды ауыстыруды, шамшырақтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылғы көмегімен электр қауіпсіздігі бойынша сыныбы 2-топтан төмен емес, энергетикалық объектінің технологиялық цехының оқытылған персоналы орындай алады. Тазалау мерзімділігі жергілікті шарттарды ескере отырып белгіленеді.
874. Жарықтандыру желілерін тексеру:
1) авариялық жарықтандыру автоматын тексеру – айына кемінде 1 рет;
2) күндізгі уақытта;
3) жұмыс істеп тұрған жарықтандыруды ажырату кезінде авариялық жарықтандырудың жарамдылығын тексеру - жылына 2 рет;
4) жұмыс орындарының жарықтануын тексеру - пайдалануға енгізу кезінде және әрі қарай қажет болған жағдайда;
5) 12-42 В стационарлық трансформаторларын оқшалауды сынау жылына 1 рет;
6) 12-42 В жылжымалы транформаторлар мен шамшырақтарды тексеру жылына 2 рет осы мерзімдер бойынша жүргізіледі.
Қарау мен тексеру барысында табылған ақаулар тез арада жойылады.
875. Стационарлық жабдықтар мен авариялық, эвакуациялық және жұмыс істеп тұрған жарықтандырудың электр сымдарының жай-күйін тексеру, оқшаулағыш кедергісін сынау мен тексеру пайдалануға беру кезінде, ал әрі қарай энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет