975. Қалыпты және жөндеу режимдері үшін Қазақстан БЭЖ-нің, электр желілерінің, электр станциялары мен қосалқы станциялардың электрлі қосылу схемалары, РҚА құралдарын бабына келтіру:
1) сапасы мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес болуы тиіс электр энергиясымен тұтынушыларды жабдықтауды (шарт міндеттемелері бойынша);
2) Қазақстан БЭЖ-нің электр желілері мен оқшаулағыш жүйелерінің электр желілеріндегі тұрақты жұмысын;
3) қысқа тұйықталу токтарының жабдықтар үшін жол берілетін мәніне сәйкестігін;
4) активті және реактивті қуат ағындарын үнемдеп таратуды;
5) аварияларды электр энергиясын өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де ең аз шығындармен жоюды қамтамасыз етеді.
976. Электр станциялары мен қосалқы станциялардың ауыспалы және тұрақты тогының жеке қажеттіліктерінің (бұдан әрі – ЖҚ) схемалары қалыпты, жөндеу және авариялық режимдердің сенімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып, мыналар арқылы іріктеліп алынады:
1) шиналарды секциялау;
2) барлық кернеулі ЖҚ шиналарының кез келген секциясына резервтік токты автоматты түрде енгізу;
3) РАЕ құрылғыларының әрекетін ескере отырып, шина секциялары мен жүйелері бойынша ЖҚ ток көздерін тарату және секцияларда кернеу жоқ болған кезде ЖҚ механизмдерінің жұмыстарында сақтау. Жұмыс және резерв тогының көздері тарату құрылғылары шиналарының әртүрлі секцияларына қосылады;
4) кез келген секцияның қатарынан шыққан жағдайда электр станцияларының немесе қосалқы станциялардың жұмыстарының ең төменгі бұзушылықтары кезінде шиналардың секциялары бойынша ЖҚ механизмдерін тарату;
5) электр станцияларының шиналарының синхронды емес (жоғары кернеулі шиналарды секциялау, жекелеген желілерге энергетикалық блоктарды бөлу, энергия жүйесінің бөлу схемасын орындау) жұмыс істеуі кезінде ЖҚ механизмдерін сенімді токпен қамтамасыз ету;
6) жиіліктер азайтылған және кернеулер жұмыс қуатын мейлінше аз жоғалта отырып, олардың үздіксіз жұмысына қауіп келтіретін мәндерге дейін төмендетілген кезде энергетикалық жүйеден электр станциясының ЖҚ механизмдеріне дейін толық немесе ішінара қуат беру бөлімшесін қамтамасыз ету.
977. ЖҚ станцияларының тарату құрылғыларының шиналарына бөгде тұтынушылардың (кенттердің) қосылуына жол берілмейді. Тарату желілерінің осы орындарда жоқ болуы кезінде трансформаторлары бар блоктардың генераторларға қосылған электр станциялары ерекше болып табылады.
978. Электр желілерінің, қосалқы станциялар мен электр станцияларына қосылудың қалыпты және жөндеу схемаларын жыл сайын энергетикалық объектінің техникалық басшысы (құрылымдық бірлігі), ал энергетика жүйесінің схемаларын техникалық басшы бекітуі қажет.
Көрсетілген схемалар жедел иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы жабдықтан тұратын жедел диспетчерлік басқару органымен келісіледі.
979. Электр станцияларының құбыржолдарының схемалары:
1) негізгі жабдықтың ЖҚ сенімді резервілеуді;
2) ең аз гидравликалық шығынды;
3) негізінен қашықтықтан басқару жетектері арқылы авариялық учаскелерді ажыратуды;
4) өндіруші қуаттың ең аз шығыны бар аварияларды жоюға және тұтынушылардың ең аз қуатын ажыратуды қамтамасыз етеді.
980. Желілік станция құбыржолдарының схемалары жекелеген учаскелерді жою мүмкіндігі және құбыржолдары зақымданған жағдайда, үй-жайлардың және электр станцияларының жабдықтарының су басуын болдырмауды қамтамасыз етеді.
981. Жылу желілерінің құбыржолдарының схемалары тұтынушыларды жылумен сенімді жабдықтауды, жылу желілерінде берілген параметрлерді ұстап тұруды, желілік суды жеткізуге электр энергиясын үнемдеп тұтынуды, сондай-ақ тұтынушыларды мейлінше аз ажырата отырып аварияны оқшаулауды және жоюды қамтамасыз етеді.