Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет52/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Жұмыс режимін басқару


938. Энергетикалық қондырғылар жұмыстарының режимін басқару тәуліктік кесте негізінде ұйымдастырылады.
Қалыпты жағдайларда электр станциялары мен жылу көздері жүктеменің берілген және резервке қосылған кестесін орындау қажет.
Кестеден мәжбүрлі түрде ауытқу туралы элекр станциялары мен жылу көздерінің жедел-диспетчерлік персоналына ӨДО-ның кезекші диспетчері мен жылу желілерінің диспетчері тез арада хабарлауы қажет.
Электр станциясы жүктемесінің кестесін өзгерту кезінде БЭС келіп түсетін жүктеменің және ӨДО, Қазақстанның ЖО ҰДО берілген қуат ағындары жүктемесінің жиынтық кестесі орындалады; одан тек ӨДО, Қазақстанның ЖО ҰДО диспетчерінің бұйрығымен ғана ауытқуға болады.
Қуат ағындарының кестесін жүйені түрлендіретін ӘЖ-220 және одан да жоғары кернеу бойынша өзгерту ӨДО, Қазақстанның ЖО ҰДО диспетчерінің бұйрығымен жүргізіледі.
Электр станциялары диспетчердің өкімімен жедел түрде толық жұмыс қернеуліліне дейін жүктемені арттыруы немесе тиісті нұсқаулықпен анықталатын жылдамдықпен техникалық минимумға дейін төмендетуі қажет.
Қажеттілік туындаған жағдайда ӨДО-ның, Қазақстанның ЖО ҰДО-ның диспетчеріне агрегаттарды қорға қосу немесе оларды қордан шығару туралы бұйрық беру қажет.
Электр станцияларының жұмыс кернеуін шектеу немесе белгіленген нормасынан агрегаттардың жол берілетін ең аз жүктемесінің ауытқуы жедел өтініммен ресімделеді.
939. Энергетикалық жүйеде электр тоғы мен кернеуінің жиілілігін реттеу кезінде:
электр жиілігін ұстап тұруды;
Қазақстанның БЭЖ-ндегі қатарлас жұмыс барысында белгіленген тәртіпте келісілген және Қазақстанның ҰДО ЖО тапсыратын қуаттың жиынтық ток ағыны жиілілігі бойынша түзетуге болатын сыртқы байланысы бойынша ұстап тұруды;
энергетикалық жүйенің жұмыс тұрақтылығының шарттары бойынша қуатын, электр жеткізу сымдарының қызуын, жабдықтың қайта жүктеуін шектеуді қамтамасыз етеді.
940. Қазақстан БЭЖ немесе жеке жұмыс істейтін энергетикалық тораптарда жиілігі мен қуаттың ток ағынын реттеу:
1) реттеу диапазонының (жиіліліктің бастапқы реттеуі) шегінде турбиналарды реттеу жүйесінің ықпалымен қуатын өзгерте отырып жиілілігін өзгертудегі барлық электр станцияларымен жүзеге асырылады, бұл ретте реттеу статизмі мен жиілілік бойынша аймақ Қазақстанның ҰДО ЖО-мен келісіледі;
2) электр станцияларының жиілілігі мен қуаты бойынша режимді реттеу (режимнің екінші реттеуі) үшін бөлінгендермен жүзеге асырылады.
941. Жиілілік пен қуаттың ток ағыны автоматты реттеу (бұдан әрі – ЖҚАР) мүмкіндігі болмаған кезде жүйенің жоқ болуы немесе жарамсыздығы, режимі бойынша шектеу) ЖҚАР Қазақстанның ҰДО ЖО диспетчерінің өкімімен электр станцияларында жүзеге асырылады.
942 Жиілік белгіленген шектен төмен жиіліліктен төмендеген кезде Қазақстанның ҰДО ЖО диспетчері немесе жұмыс істеп тұрған желінің оқшаулағышы бар қуат резервтерін іске қосуы қажет.
943. Егер жиілік азаюын тоқтатпай, ал барлық қуат қорлары пайдаланылған болса, диспетчерге тұтынушыларды нұсқаулыққа сәйкес шектеу немесе ажырату арқылы қалыпты жиілікті қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету қажет.
944. Қуаттың ток ағынының жүйеаралық байланысы бойынша мәні авариялық мүмкін болатын мәнінен асып кеткен кезде Қазақстанның БЭЖ ӨДО, ӨДО диспетчері қуат қоры сарқылғаннан кейін қуат қабылдайтын желіден тұтынушыларды ажырату арқылы байланысты жүктемеден босатуы қажет.
945. Жиіліктің авариялық ауытқуы кезінде электр станцияларының персоналы жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың нұсқауына сәйкес әзірленген жергілікті нұсқаулық бойынша әрекет ете отырып, оны қайта қалпына келтіру шараларын өзі атқарады.
946. Қазақстан БЭЖС-нің жиілігін ұстап тұруды бақылауды Қазақстанның ҰДО ЖО диспетчері, ал оқшауланған энергетикалық тораптарда Қазақстанның ҰДО ЖО немесе ӨДО диспетчерлері жүргізеді.
947. Электр желілеріндегі кернеуді реттеу кезінде:
1) кернеу көрсеткіштерінің сәйкестігі;
2) электр станциясы мен желілерінің жабдықтары үшін мүмкін болатын мәндегі кернеу деңгейінің сәйкестігі;
3) Қазақстанның БЭЖ немесе оқшауланған желілерінің тұрақтылығының қажетті қоры;
4) электр желілеріндегі электр энергиясының минимум шығыны қамтамасыз етіледі.
948. 6-35 кВ тарату желісіндегі қоректендіретін ТКР құрылғыларымен жабдықталған трансформаторлар мен автотрансформаторларда кернеудің автоматты реттегіштері қосылады. Автоматты реттегіштердің ажыратылуына тек өтінім бойынша жол беріледі. 6-35 кВ тарату желісінің трансформаторларында ТКР бар трансформаторлар кернеуінің 0,4 кВ желілердегі қабылдағыштардың кіреберісіндегі кернеуді қамтамасыз ететін қоздырғышсыз қосып ажыратқыштар (ҚҚА) тармақтауы пайдаланылады. ҚҚА трансформаторлары тармақтауының кернеуі мен жағдайларын реттегіштерді қалпына келтіру жүйе мен жүктеме өзгерісіне байланысты түзетіледі. ҚҚА трансформаторлары тармақтауының автоматты реттегіштері мен жағдайларын қалпына келтіру параметрлері энергетика объектісінің диспетчерлік қызмет басшысымен бекітіледі.
949. 110 кВ және одан да жоғары желідегі кернеуді реттеу әрбір тоқсанға бекітілген уақыт қызметіндегі кернеу кестелеріне немесе қосылған жабдықтың құрамын есепке ала отырып, кернеудің режим параметрлеріне тәуелділігінің сипаттамасына сәйкес бақылау пункттерінде іске асырылады.
Бақылау пункттеріндегі реттеу сипаттамалары мен кернеу кестелері алдағы тоқсанға АДО, Қазақстанның ЖО ҰДО қызметтерімен анықталады және қажет болған жағдайда қысқа мерзімге жоспарлау режимінде түзетіледі.
Бақылау пункттері кернеу деңгейінің Қазақстан БЭЖ-і электр желілеріндегі электр энергиясының тұрақтылығына және шығынына әсер етуі дәрежесіне қарай тиісті диспетчерлік қызметтермен және диспетчерлік басқарулармен орнатылады.
Кернеуді реттеуді автоматика және телемеханика құралдарымен, ал олар болмаған жағдайда электр желілерінің, ӨДО, Қазақстанның ЖО ҰДО диспетчерінің бақылауымен энергетика объектісінің жедел-диспетчерлік персоналы жүзеге асырады.
950. Кернеуі Қазақстанның ЖО ҰДО немесе ӨДО диспетчерімен бақыланатын пункттер тізбесі, сондай-ақ осы пункттердегі кернеу кестелері мен реттеу сипаттамалары Қазақстан ЖО ҰДО-ның немесе ӨДО-ның бас диспетчерімен бекітіледі. Кернеуі ӨДО-ның электр желілерінің жедел-диспетчерлік қызметінің диспетчерлерімен бақыланатын тиісті пункттер тізбесі, сондай-ақ олардың кернеу кестелері мен реттеу сипаттамалары ӨДО энергетика объектісінің техникалық жетекшісімен бекітіледі.
951. Тұтынушылардың реактивтi қуат көздерін пайдалану тәртібі энергиямен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушы арасында шарттар жасау кезінде беріледі.
952. Синхронды компенсаторлары бар электр станциясы мен қосалқы станциясының ӨДО дипетчерімен бақыланатын басты пункттеріне энергия жүйелерінің және жүктеме тараптарының статикалық орнықтылығының шарттарымен анықталатын кернеуді азайтудың авариялық шектері белгіленеді.
Егер осы пункттердегі кернеу көрсетілген авариялық шегіне дейін төмендейтін болса, синхронды компенсаторлары бар электр станциясының және қосалқы станциясының жедел-диспетчерлік персоналы генераторлар мен компенсаторларды қайта жүктеу мақсатында пайдалану арқылы кернеуді өздігінен ұстап тұру керек, ал ӨДО, Қазақстанның ЖО ҰДО диспетчерлері электр станциялары мен электр желілері арасында реактивті және белсенді қуаттарды бөліп тарату арқылы электр станциялары мен электр желілеріне көмек көрсетуі қажет. Бұл ретте жекелеген бақылау пункттерінде кернеуді жабдық үшін барынша жол берілетін мәннен асыруға жол берілмейді.
Желінің жұмыс режимі немесе схемасы өзгерген кезде жүктеменің авариялық жол берілетін шектерінен де төмендеуі мүмкін болатын Қазақстан БЭЖ-інің электр желілері тораптарындағы тұрақтылығының бұзылуын алдын алу үшін қажетті көлемде жүктемені ажырататын автоматика орнатылады.
953. Жылу желілерінің параметрлерін реттеу бақылау пункттерінде жылу тасымалдағыштың берілген қысымы мен температурасын ұстап тұруын қамтамасыз етеді.
Егер жылу желілері мен жылу тұтынушыларының арасында өзге де шарттық қатынастар көзделмесе, онда бекітілген кестені қысқа уақыт (3 сағаттан аспайтын) ішінде өзгерткен жағдайда жылу тасымалдағыш температурасының берілген мәнінен ауытқуына жол беріледі.
954. Жылу желілеріндегі реттеу:
1) жылу көздері мен тұтынушыларының жұмысына;
2) жылу желілерінің гидравликалық режиміне, соның ішінде сорғыш станциялар мен жылу қабылдағыш жұмыстарының ток ағыны мен режимін өзгерту арқылы;
3) жылу көздерінің су дайындайтын қондырғыларының қоректік судың өзгермелі шығынын жабуға үнемі дайын болуы арқылы қоректендіру режиміне әсер ету арқылы автоматты немесе қолмен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет