Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет60/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Жедел-диспетчерлік персонал


1035. ӨДО мен энергетика объектілерінің жедел диспетчерлік персоналына мыналар жатады:
1) жедел персонал – энергетика қондырғыларын басқару органдарына тікелей ықпал етуші және ауысымдағы энергетикалық қондырғыларды басқару мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персонал;
2) жедел жөндеу персоналы – басқару органдарына тікелей ықпал ету құқығы бар жөндеу жұмысымен айналысатын персонал;
3) жедел басшылар – ауысымдағы бекітілген объектілер (электр желілері, жылу желілері, электр станциялары, энергия объектілері) мен бағынысты персоналдарды жедел басқаруды жүзеге асыратын персонал.
1036. Жедел-диспетчерлік персонал энергия объектісінің, электр және жылу желілері жабдықтарының қауіпсіз, сенімді және үнемді жұмыс режимдерін өндірістік және лауазымдық нұсқаулықтар мен жоғары тұрған жедел персоналдың жедел өкімдеріне сәйкес жүргізуі тиіс.
Саны мен біліктілігі бойынша жедел-диспечерлік персоналды жинақтау салалық нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Ауысымда толық емес құрамымен жұмыс істеу кезінде жедел диспетчерлік персоналдың жұмыс орындарын біріктіруге энергия объектісінің, электр немесе жылу желілерінің техникалық басшысының жазбаша нұсқаулығы бойынша ғана жол берілуі мүмкін.
1037. Жедел-диспетчерлік персонал ауысым кезінде осы Қағидаларға, дайындаушы-зауыттардың нұсқаулықтары мен жергілікті нұсқаулықтарға, ТҚЕ мен басшылыққа алынатын басқа да құжаттамаларға сәйкес жедел басқару немесе жұмыс істеуге тиіс жабдықты пайдалану үшін, сондай-ақ жоғарыда тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың өкімін міндетті түрде орындау үшін жауапты болады.
1038. Жұмыс режимі бұзылған, жабдық зақымданған кезде, сондай-ақ өрт туындаған кезде жедел-диспетчерлік персонал дұрыс жұмыс режимін қайта қалпына келтіру немесе авариялық жағдайды жою және технологиялық бұзушылықтардың дамуын алдын алу шарасын жедел түрде қолданады, сондай-ақ олар туралы бекітілген тізім бойынша тиісінше жедел диспетчерлік және басшы әкімшілік-техникалық персоналға хабарлауы тиіс.
1039. Құзыретінің шегіндегі мәселелер бойынша жоғары тұрған жедел диспетчерлік персоналдың өкімін бағынысты жедел-диспетчерлік персонал міндетті түрде орындауы тиіс.
1040. Жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың жедел қолдануы немесе жедел басқаруы керек жабдықты жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың рұқсатынсыз адамдар мен жабдықтар үшін нақты қауіп төнген жағдайлардан басқа жұмыстарға қосуға болмайды.
1041. Жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың жедел өкімі анық және қысқа болуы тиіс.
Өкімді тыңдап, бағынысты жедел-диспетчерлік персонал сөзбе сөз өкімнің мәтінін қайталуы және өкімнің дұрыс жеткізілгендігі құпталуы тиіс.
Жоғары тұрған жедел диспетчерлік персонал өкімдерді жедел және нақты орындауы тиіс.
Жедел-диспетчерлік персонал өкімді немесе рұқсатты берген немесе алған кезде жедел журналға жазады. Журналда жазба болған кезде, оның көлемін тиісінше әкімшілік-техникалық басшылық анықтайды.
1042. Жедел келіссөздер техникалық тұрғыдан сауатты жүргізілуі тиіс. Барлық релелік және технологиялық қорғау мен автоматика құрылғылары, энергетикалық жабдықтар мен байланыстырушылар толығымен белгіленген диспетчерлік атаулар бойынша аталады. Техникалық терминология мен диспетчерлік атаулардан бас тартуға жол берілмейді.
Электр станцияларының және ірі қосалқы станциялардың диспетчерлік басқармасы мен ауысым басшыларының жедел келіссөздерінің барлық деңгейінде жедел келіссөздер жазатын құрылғыларға автоматты түрде жазылып отырады.
1043. Электр станциялары, электр және жылу желілері жабдықтарының жұмыс режимінің өзгергені жөніндегі өкімдерде өзгертілетін режимдік параметрдің қажетті мәні және көрсетілген параметрдің мәніне қол жеткізілуге тиіс уақыт, сондай-ақ өкімді беру уақыты көрсетіледі.
1044. Жедел-диспетчерлік персонал жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылық ететін әкімшілік-техникалық персоналдың өкімін алып, оны тек соңғысының келісімімен ғана орындайды.
1045. Жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың өкімін орындамағаны немесе кешіккені үшін өкімді орындамаған тұлғалар, сондай-ақ өкімді орындалмауы мен кешігуін санкциялаған басшылар жауапты болады.
1046. Егер жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың өкімі оған бағынысты жедел-диспетчерлік персоналға қате жеткізілсе, онда ол өкім берген адамға жедел түрде хабарлауы тиіс. Өкім құпталған кезде жедел-диспетчерлік персонал оны орындайды.
Құрамында ТҚЕ бұзушылықтары бар жоғары тұрған персоналдың өкімдері, сондай-ақ жабдықтардың зақымдануына, электр станцияларының, қосалқы станциялардың ЖМ қорегінен айырылуына немесе үзіліссіз электр жабдықталатын тұтынушыларды (авариялық броны бар тұтынушылармен) токтан ажыратылуға алып келуі мүмкін өкімдердің орындалуына жол берілмейді. Осындай өкімдердің орындауынан бас тартатындығы туралы жедел-диспетчерлік персонал дереу өкімді берген жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналға және тиісті әкімшілік техникалық басшыға хабарлауы тиіс, сондай-ақ жедел журналға жазуы тиіс.
1047. Резервтегі жедел-диспетчерлік персоналдың тұлғалары лауазымдық нұсқаулық шеңберінде энергетикалық қондырғыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындауға және тек қана ауысымдағы тиісті басшы жедел-диспетчерлік персоналдың рұқсатымен және тиісті құжаттардағы жазбаларымен тартылуы мүмкін.
1048. Қажет болған жағдайда ауысым басталғанға дейін жедел-диспетчерлік персонал қатарындағы тұлғаның біреуін алмастыруға жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналға хабарлай отырып, кестеге қол қойған тиісті әкімшілік-техникалық персоналдың рұқсатымен жол беріледі.
Қатарынан екі ауысымда жұмыс істеуге жол берілмейді.
1049. Жедел-диспетчерлік персонал қатарындағы әрбір жұмыскер жұмыс орнына келгенде алдыңғы жұмыскерден ауысымды қабылдайды, ал жұмыс аяқталғаннан кейін кесте бойынша келесі жұмыскерге ауысымды тапсырады.
Ауысымды тапсырмай кезекшіліктен кетіп қалуға жол берілмейді.
1050. Жедел-диспетчерлік персонал қатарындағы жұмыскер ауысымын қабылдаған кезде:
1) жедел басқарылатын энергетикалық қондырғы жұмысының тиісті нұсқаулықта анықталған жай-күйімен, схемасымен және режимімен танысуға;
2) ауысымды тапсырған адамнан жете бақылауды қажет ететін жабдық туралы, сондай-ақ резервтегі және жөндеуге тапсырылған жабдықтар туралы деректер алуға;
3) өзіне бекітілген учаскедегі жұмыстардың қайсысы тапсырыс бойынша, қайсысы наряд бойынша және өкім бойынша орындалатындығын анықтауға;
4) құрылғыларды, материалдарды, үй-жай кілттерін, жедел құжаттамалары мен жұмыс орнының құжаттамаларын тексеруге және қабылдауға;
5) өз кезекшілігіне дейінгі барлық жазбалармен және өкімдермен танысуға;
6) бағынысты персоналдан рапорт қабылдауға және кезекшілікте болу және ауысымды қабылдау кезінде айқындалған кемшіліктер туралы ауысым бойынша тікелей бастығына хабарлауға;
7) журналға немесе оның қолы мен ауысымды тапсырушының қолы қойылған ведомосқа жазба қалдыра отырып, ауысымды тапсыруды ресімдеуге тиіс.
1051. Жедел-диспетчерлік персонал жергілікті нұсқаулыққа сәйкес мерзімді түрде автоматика, сигнализация құрылғыларының, байланыс және телемеханика құралдарының (ДТБҚ) қызметтерін сынап көруі тиіс, сондай-ақ жұмыс орнындағы сағаттардың дұрыстығын тексеруі тиіс.
1052. Жедел-диспетчерлік персонал бекітілген кесте бойынша жұмыс жабдығынан резервке ауыстыруды жүзеге асырады, жабдықты сынап көру мен профилактикалық тексеруді жүргізеді.
1053. Жедел және әкімшілік-техникалық басшылардың өздерінің міндеттерін орындамаған, оған бағынысты жедел-диспетчерлік персоналды жұмыс орнынан алып тастауға және тиісті түрде алмастыру немесе ауысымдағы міндеттерін қайта бөлуге құқығы бар. Бұл ретте жедел журналға жазба түсіріледі немесе жазбаша өкім шығарылады және жедел-диспетчерлік басқарманың тиісті деңгейлерінің персоналға сәйкес келмейтіндігі хабарланады.
1054. Жоғары тұрған жедел диспетчерлік персонал рұқсатымен жедел диспетчерлік персонал жұмыс орнында атқаратын қызметінен сол уақытта босатыла отырып және жедел журналына жаза отырып, қысқа мерзімге жөндеу жұмысына және сынаққа тартылуы мүмкін. Бұл ретте ТҚЕ-нің талаптары сақталады.
Электр станциялары мен желілерін
техникалық пайдалану қағидаларына
1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет