Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Диспетчерлік басқарманың автоматтандырылған жүйесі



бет58/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Диспетчерлік басқарманың автоматтандырылған жүйесі


1004. Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО, электр желісінің диспетчерлік пункті диспетчерлік басқарманың автоматтандырылған жүйесімен (ДБАЖ) жабдықталады.
1005. ДБАЖ энергетикалық өндірісті жедел-диспетчерлік басқару міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді және жеке жүйе ретінде қызмет атқаруы мүмкін.
1006. ДБАЖ бен ТП БАЖ негізінде басқарманың әрбір иерархиялық деңгейіне сәйкес:
1) Қазақстанның БЭЖ режимін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау;
2) электр желілерінің, электр станцияларының, энергетика блоктарының және қосалқы станциялардың қалыпты режимін жедел басқару;
3) электр станцияларының жүктемесі мен тұтынылатын қуатын бақылау;
4) авариялық жағдайлардың ретроспективалы талдау;
5) басқарылатын объекті жұмыстарының режимі туралы қажетті дискреттілікті ретроспективалы ақпаратты және диспетчер талабы бойынша оның қорытындысын сақтау;
6) жедел ауыстырып-қосуды бақылау;
7) жедел құжаттаманы автоматтандырылған түрде жүргізу орындалады.
Шешілуі тиіс міндеттердің толық тізбесі мен көлемі және оларды шешу жолдары басқарманы сенімділік талаптары мен техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне байланысты жобалармен анықталады.
1007. ДБАЖ-дың техникалық құралдар кешенінің құрамына:
1) ТП БАЖ-бен қоса диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары (ақпарат датчиктері, телемеханика және ақпараттарды жеткізу құрылғылары, байланыс арналары);
2) ақпаратты өңдеу және бейнелеу құралдары: жедел ақпараттық-басқару кешендері мен есептеу кешендерінің ЭЕМ, басу құрылғылары, дисплейлер, цифрлық, цифрлық және аналогтық құралдар;
3) басқару объектілерімен байланыстыру құрылғылары;
4) қосалқы жүйелер (кепілдеме берілген электр қуатымен жабдықтау, ауаны желдету, өртке қарсы) енгізілуі тиіс.
1008. Барлық құрылғылар мен ДБАЖ-дың бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені жарамды және әрдайым іске қосылып тұруы тиіс. Желінің бастапқы схемаларын өзгерту диспетчерлік қалқан мен дисплейлерде берілу үшін құжаттамаға дер кезінде енгізіледі.
ДБАЖ-дың жекелеген элементтерін жөндеуге шығару диспетчердің рұқсатымен жедел өтініш бойынша жүргізіледі.
1009. Электр мен қоректендіру жүйесінің жарамдылығы электр желісінің, энергетикалық объектінің техникалық басшысы, бас диспетчері немесе диспетчерлік қызмет басшысының бекітуімен кесте бойынша мерзімді түрде тексеріледі.
1010. ДБАЖ-дың элементтері орналасқан үй-жайлар жабдықтар мен техникалық құралдарға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес болуы керек, ал ақпаратты енгізу және шығару жолы, қорғалған жерге тұйықтау мен ақпарат тізімдемесі экрандарын жерге тұйықтау жүйелер кедергіден қорғала отырып қамтамасыз етіледі.
1011. ДБАЖ құрылғылары мерзімді түрде тексеріледі.
1012. ДБАЖ жабдықтарында, коммутациялық аппаратурада жедел атауы мен күйі көрсетілген жазба болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет