Кабельдік құрылыстарға мыналар жатады: кабельдік туннельдер, каналдар, қораптар, блоктар, шахталар, кабельдікэстакадалар, галереялар, камералар, қуат беретін пункттер және т. б.
Кабельный туннель Кабельный блок Кабельный канал Кабельный лоток Кабельная эстакада Кабельная шахта
Кабельдік желінің Артықшылығы мен кемшіліктері
Кабельдік желілердің әуе желілерінен а р т ы қ ш ы л ы ғ ы келесідей : - Кабельдік желі арқылы жасалған электр желісі ықшам (компактная), -Кабельдік желілерді қолдану қоршаған ландшафтты сақтауға ықпал етеді. -Электр энергиясын кабельдік желілер арқылы беру сенімділіктің (наджежно) жоғары деңгейіне ие. -Кабельдік желілер қоршаған ортаға аз әсер етеді (қатты желдер, сымдардағы қар шөгінділері, көктайғақ, ағаштардың сымдарға құлауы және т.б.). -Кабельдік желілер әуе желілеріне қарағанда электромагниттік сәулелену деңгейі төмен. -Кабельдік желілер техникалық қызмет көрсету шығындары әуе электр желілеріне қарағанда төмен. Кабельдік желілердің к е м ш і л і к т е р і н е мыналар жатады: -Кабельдік желіні салу әуе желісіне қарағанда қымбатырақ, ал құрылыс құнының айырмашылығы желінің кернеуінің жоғарылауымен артады.
-Кернеуі 110 кВ кл әуе желісіне қарағанда 4-5 есе, ал 500 кВ кабельдік желі 500 кВ әуе желісіне қарағанда 18-20 есе қымбат.
-Кабельдік желілердегі зақымдарды іздеу және жою әуе желілеріне қарағанда әлдеқайда қиын.
-Кабельдік желілердегі жөндеу жұмыстары көп уақытты қажет етеді және көп материалдарды қажет етеді, зақымдану орнын анықтау үшін көп уақыт қажет.
-110 кВ ӘЖ-дегі апатты жою уақыты орта есеппен 6 сағатты, ал кабельдік желіде-72 сағатты құрайды.
-Кабельдік желілердің өткізу қабілеті бір қимадағы әуе желілеріне қарағанда төмен, өйткені нашар салқындату шарттары.
Электр тораптарына қойылатын талаптар
Жұмыс сенімділігі АҚҚ (АПВ) – автоматты қайта қосу, РАҚ (АВР) – резервті автоматты қосу, АЖЖА (АЧР) – автоматты жиілікті жүктемені азайту
Электрэнергияның сапасы Электрэнергияның сапасы энергия сапасының негізгі көрсеткіштерімен анықталады: кернеу деңгейімен; жиілік деңгейімен; үшфазалық кернеудің симметриясымен және кернеу қисығының формасымен Эксплуатацияның қауіпсіздігі және ыңғайлылығы Персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Техникалық эксплуатация ережелеріне ТЭЕ (ПТЭ) сәйкес жерлендірулер, қоршаулар, сигнализация, арнаулы киім және басқа саймандар қолданылады. Одан әрі дамудың мүмкіндігі Электр торабы жүктемелердің көбейуіне және жаңа тұтынушылардың үздіксіз пайда болуына байланысты барлық уақытта даму және қайта құру жағдайында болады Үнемділік Торап үнемді болу үшін торап сұлбаларының тиімді түрлерін, кернеулерін, сымдардың қималарын және т.б. таңдау керек Бүгінгі таңда электр желісінің шектеулі өткізу қабілеті проблемасы бар. Өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін электр желілері келесі классикалық әдістерді қолдана отырып, қолданыстағы желілерді үнемі өзгертуге мәжбүр: