Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. І


Электроскоп. Электр зарядының бөлiнуi



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі78,41 Kb.
#97258
1   2   3   4
Байланысты:
ЭС-20о

Электроскоп. Электр зарядының бөлiнуi
І. Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскоп деп аталады. Электроскопта ұшына екi жеңiл жапырақша iлiнген металл өзекше, металл сақинаға кигiзiлген пластмасса тығын арқылы өткiзiлген. Металл сақинаның екi жағы да шынымен жабылған.
Э лектрленген таяқшаны электроскоптың өзекшесiне тигiземiз. Жапырақшалар таңбасы бiрдей зарядтар (таяқшадағы заряд) алып бiр-бiрiнен ажырайды (8, б-сурет). Жапырақшалардың ажырау бұрышы, оларға берiлген зарядқа тәуелдi. Оларға берiлген заряд неғұрлым көп болса, олар соғұрлым күштiрек тебiледi, демек соғұрлым үлкен бұрышқа ажырайды. (Электроскоптың оң зарядталғаны электронды оқулық)
Құрылысы басқаша болып келетін электроскоптарда бар. Суретте электрометр деп аталатын тағы бiр құрал көрсетiлген. Мұнда жапырақшалар орнына бағыттауыш орнатылған. А өзекшеге (немесе, сол өзекшеге орнатылған металл шарға) заряд берiлгенде, оның бiр бөлiгi В бағыттауышқа өтедi. Өзекшеден тебiлген бағыттауыш белгiлi бiр бұрышқа бұрылады. Осы бұрыштың өзгерiсiне қарай электр зарядының көбеюiн немесе азаюын бақылауға болады.
Егер зарядталған дененi (мысалы, электрометр шарын) қолмен ұстаса, онда ол дене разрядталады. Электр заряды қолымыз арқылы денемiздiң бетiне таралады. Тура осы жағдай электрометр шарына тiкелей қолмен емес металл сызғышпен тигенде де қайталанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет