Біртекті электр өрісіндегі және нүктелік заряд өрісіндегі зарядтың орын ауыстыруындағы электр өрісінің күштерінің жұмысы



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#89110
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция


Қосымша №1
Біртекті электр өрісіндегі және нүктелік заряд өрісіндегі зарядтың орын ауыстыруындағы электр өрісінің күштерінің жұмысы.

Біртекті электр өрісінде q заряд орын ауыстырған кезде электр күштерінің атқаратын жұмысын анықтайық ( =const). q заряд біртекті электр өрісінің В нүктесінде болсын (1-сурет). Жұмыс оған жұмсалатын күштің орын ауыстыруға және олардың арасындағы бұрыштың косинусының көбейтіндісіне тең болатынын механика курсынан білесіңдер.



Сондықтан q заряды С нүктесінен ВnС түзуі бойынша орын ауыстырса, онда күш жұмысы
ABnC=F BC cosα=qE BC cosα
өрнегімен анықталады. BC  cosα =BD ескерсек, ABnC= qE BD немесе ABDC= qE  .
q зарядының С нүктесіне ВDС траекториясымен орын ауыстырған кездегі өріс күштерінің жасаған жұмысы ВD және кесінділерінде атқарылған жұмыстардың қосындысына тең:
ABDC = qE  BD + qE  DC cos 900.
cos 900 =0 болғандықтан, өріс күштерінің DC бөлігіндегі жұмысы нөлге тең. Сондықтан
ABDC = qE  BD=qEL.
Демек, заряд кернеулік сызығы бойымен, содан кейін оған перпендикуляр орын ауыстырған кезде өріс күштері тек өрістің кернеулік сызығы бойымен орын ауыстыруы кезінде ғана жұмыс атқарады.

1-суретБіртекті электр өрісіндегі зарядтың орын ауыстыруы

Енді өріс күштерінің қисық сызықты ВmС бөлігінде атқаратын жұмысын анықтайық. Бұл бөліктің әрбіреуін түзу сызық деп қарастыруға болатындай кішкене кесінділерге бөлеміз (1-сурет). Жоғарыда дәлелденгендей, әрбір осындай бөліктегі жұмыс кернеулік сызығының сәйкес liкесіндісіндегі жұмысқа тең. Ал ВmС жолындағы толық жұмыс l1,l2 және т.б. кесінділердегі жұмыстардың қосындысына тең болады:
ABmC= qE(l1+l2+…+ lk).
Жақша ішіндегі қосынды ВDұзындығына тең:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет