Потенциалдар айырымы Өріс күштерінің жұмысын потенциалдар айырымы көмегімен өрнектеуге болады. qсын зарядты 1 және 2-нүктелердің арасында орын ауыстырғанда электр өрісінің күштерінің атқаратын жұмысы мына формуламен анықталады:
шамасын оның мәнімен алмастырамыз:
потенциалдар айырымының орнына траекторияның бастапқы және соңғы нүктелеріндегі потенциалдар айырымы 1- және 2- нүктелердің арасындағы кернеу деп аталады және U әрпімен белгіленеді. Сонымен
Демек, q заряд өрістің екі нүктесінің арасында орын ауыстырғанда өріс күштерінің жасайтын жұмысы осы нүктелер арасындағы кернеуге тура пропорционал. U кернеудің SI жүйесіндегі бірлігі
SI жүйесінде кернеудің бірлігі вольт (В) алынған. 1 В деп 1 Кл зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстыру үшін өріс күштері 1 Дж жұмыс атқаратын кезде өрістің екі нүктесі арасындағы кернеуін айтады.