Айнымалы ток желісіндегі өлшеулер
Айнымалы ток желілерінде жұмыс істеуге арналған аспаптардың көпшілігінің жұмыс принципі, кернеуді тұрақты өлшеу әдісін қолдануға негізделген (сурет 11). себебі жұмысшы кернеудің Uф әсерінен өлшеу тізбегінде айнымалы ток өтуі мүмкін, яғни оны қорғау үшін индуктивті немесе сұлбада көрсетілгендей сыйымдылықты сүзгі қолданылады (R1—С1 тізбегі). С1 конденсаторы сонымен қатар желінің ауыспалы жұмысынан өлшеуіш тізбегінде қорғайды.
Сурет 11. Айнымалы ток желілері оқшаулауышын бақылау
Өлшенетін тізбек кедергі бірлігімен градуирленген миллиамперметр А арқылы тұйықталған кезінде К батырмасы басылған күйінде оқшаулауыш кедергісі өлшенеді. Батырманың «еркін» күйінде (автоматты бақылау тәртібінде) тізбек Rд регистрі арқылы тұйықталады, ол дабыл блогының кіріс элементі болып табылады. Аталған резистордағы кернеудің төмендеуі, тізбектегі ток күші секілді желі оқшаулауышының кедергісінің эквивалентті мәнімен анықталады. Оқшаулауыш кедергісінің төмендеуімен аталған кернеу жоғарылайды; белгілі бір мәнге дейін кедергінің төмендеуі (Uуст дабылының қосылуы) кезінде БС шығысында сәйкесінше дабыл соғады (дыбыстық немесе жарықтық дабыл).
Осындай принципте «Электрон-1» (автоматты бақылау және өлшеу) құрылғысы, ПКИ (автоматты бақылау) және қаңқалы мегаомметрлер М1423, М1503, М1527. М1623. М1603 жұмыс істейді. Электр құрылғыларын баптау немесе эксплуатациялау үрдістерінде оқшаулауыш кедергісін «қолданбалы» әдіспен өлшеу жиі қажет болады. 1946 жылы Л.П. Подольскиймен үшфазалы желілерге қолданбалы вольтметрдің қарапайым түрі ұсынылған (сурет 12).
Сурет 12. Айнымалы ток желісінің оқшаулауышы кедергісін өлшеу
Аталған әдіске сәйкес U1 кернеуін желі фазаларының бірі мен жер арасында өлшейді. Сонан кейін осы фаза мен жер арасында R1 белгілі шамадағы қосымша кедергіні қосады және U2 кернеуін өлшейді; R1 кедергісінің орнына R2 кедергісін қосады және қайтадан фаза мен жер арасындағы U3 кернеуін өлшейді.
Достарыңызбен бөлісу: |