«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет27/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Байланысты:
21-22 ересек перспектикасы
Бақылау сұрақтары:

  1. Айнымалы ток электр желілерінің түрлері.

  2. Электр желілерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін жермен ток өткізуші бөліктердің тізбектік байланысу көрсеткіштері.

  3. Электротехникалық бұйымдар оқшаулауыштарының электр кедергісі.

  4. Желі оқшаулауыштарының кедергісі.

  5. Жерге қатысты электр сыйымдылық.



Дәріс 8

Тақырыбы: ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ОҚШАУЛАУЫШ-ТАРЫНЫҢ КЕДЕРГІСІН ӨЛШЕУ. ЖҰМЫСШЫ КЕРНЕУДІҢ АЖЫРАТЫЛҒАН КЕЗІНДЕГІ ӨЛШЕУЛЕР
Электр қондырғылары оқшаулауыштарының кедергісін өлшеу

Оқшаулауыш кедергісі желі бойымен таралған. Әдетте эквивалентті мәндерімен есептеледі. Осының салдарынан ток өткізгіш бөліктер мен қаңқа арасындағы байланыс тізбектері табиғатында жоқ. Сондықтан, байланыстың сұлбалық тізбектеріне қандайда бір аспапты қоса отырып оқшаулауыштың кедергі мәнін өлшеу мүмкін емес. Осы себептен өлшеудің қосымша әдістерін қолданады – активті (көмекші кернеу көзін қолдану арқылы) немесе пассивті (жедел кернеу ретінде желінің жұмысшы кернеуін қолдану арқылы).

Бейтарап жерлендірілген желілерде сөндірілген жұмысшы кернеуі кезінде әрдайым бақылау орындалады, ал жерден оқшауланған желілерде жұмысшы кернеу автоматты түрде бақыланады.

Оқшаулауыш кедергісінің мәні туралы тұжырым орнатылған тәртіптегі өлшеуіш тізбектегі ток күшін ғана береді, себебі өлшеуіш кернеуді орнатудың алғашқы сәттерінде, сонымен қатар желінің құрамы мен құрылымының әр өзгерісінде (мысалы, жаңа электр қабылдауыштарын қосу кезінде) өлшеуіш желіде ауыспалы тәртіп тогы өтеді. Мұнан бөлек, өлшеу нәтижесіне электр қондырғысының жұмысшы кернеуі ықпал етеді.

Дұрыс нәтиже қабылданған өлшеу әдісінің бақыланатын желінің көрсеткіштеріне сәйкес келген жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Бұл шартты сақтамай желідегі өлшеуді түрлі құралдармен орындау арқылы бір-біріне қарама-қайшылы нәтижелер алынуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет