«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет44/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Байланысты:
21-22 ересек перспектикасы
Атқыш сақтандырғыштар

Ажыратылатын ток 15 кА дейін және кернеу 10-35 кВ кезінде ашық ауадағы жұмыс үшін ПСН-10 және ПН-35 типтегі атқыш сақтандырғыштар қолданылаы. 19 суретте ПСН-35 сақтандырғышының патроны келтірілген. Қаңқасында 1 екі винипластты түтікшелер 2 және 3 орнатылған, олар өзара болат патрубкамен 4 жалғасқан. Тегіс кірістіргіш 5 ток жүретін стерженге 6 және майысқақ өткізіке 7 жалғанған. Оқшаулауыштарда орнатылған патрон 19 суреттте келтірілген.

Оқшаулауыштар 1 болат цокольға 2 бекітіледі. Тізбек 3 және 4 шығыстарға қосылады. Айналмалы контакт 5 соңғы нүктеге 8 әсер етеді (сурет 19) және өзінің серіппесінің көмегімен майысқақ өткізгішіті 7 түтікшеден 3 алуғы бағытталады. Тегіс кірістіргіштің күйуі кезінде доға түзіледі, ол түтікшенің қабырғасымен жанасып оны ыдыратады, және де түзілген газ түтікшедегі қысымды арттыра түседі. Ұшты түтікшеден тарту кезінде доғаның ұзындығы аратды, қысым жоғарылайды. Үлкен ток кезінде түтікшедегі 4 мембрана 9 жарылады және доға көлденең үрлеу жолымен басылады. Егер ток үлкен болмаса доға газдың көлденең ағымымен басылады, ол түтікшеден майысқақ контактінің 7 тасталуын қамтамасыз ететді. Жанудың ұзақтығы токтың артуымен төмендейді. Үлкен ток кезінде доға 0,04 с сөнеді. Аз ток кезінде (800-1000 А) жану уақыты 0,3 с дейін артады.

Сурет 19. ПСН-35 типті атқыш сақтандырғыш патроны


Ажырату үрдісі атқыш дыбыстық эффектпен күшті жалынның, газдың бөлінуімен қатар жүреді. Сондықтан, көрші фазадағы атқыш сақтандырғыштар айтарлықтай бір-бірінен алшақ орналастырылуы керек.

Жану үрдісінде доға алдымен қысқа ұзындыққа ие болады, ал содан кейін майысқақ өткізгіштің лақтырылуымен оның ұзындығы арта түседі. Бұл доғалық аралық кедергісінің жоғарылау жылдамдығын шектейді және асқан кернеуді болдырмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет