«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет2/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Дәріс 1

Тақырыбы: КІРІСПЕ. ЭЛЕКТР ТОГЫМЕН ЗАҚЫМДАНУ ТҮРЛЕРІ. ЭЛЕКТР ЖАРАҚАТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЭЛЕКТРЛІК КҮЮ. ЭЛЕКТРЛІК БЕЛГІЛЕР.
Кіріспе

«Электрқауіпсіздігі» терминінде адамдарды электр тогының зиянды және қауіпті әсерлерінен, электр доғасынан, электромагниттік толқындардан және статикалық электрден қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар мен құралдар жүйесінің түсінігі жатыр.

Мұндай жүйені теориялық негіздеу және өңдеу халық шаруашылығының кез-келген саласындағы нысандарды жобалау кезіндегі маңызды бөлігі болып табылады. Өндірісте, ауыл шаруашылығында, тау-кен өнеркәсіптерінде, жылжымалы қондырғыларда, ғимараттар мен үймереттерде және т.б. көптеген электрқауіпсіздігі бөлімдерінің болуы кездейсоқтық емес. Бірақ, аиалған бөлімшелердің барлығы электрқауіпсіздігіне негізделген жалпы талаптардан жинақталады.

Егер нысанды жобалау сатысында құжаттар қойылған талаптарды қатаң сақтауды талап ететін бақылау органдарымен келісілсе, ал нысанды іске қосу кезінде көп жағдайлар нақты жеке тұлғаларға тәуелді болады. Олар өз кезегінде түрлі себептерге байланысты аталған ережелерді жиі бұзып отырады.

Электр энергиясы өнеркәсіптің барлық саласында кеңінен қолданылады. Қазіргі өндіріс құрылғылары (машиналар, механизмдер, аспаптар) электр қозғалтқыштармен және жылыту құралдарымен жабдықталған. Кең көлемде қол электр саймандары пайдаланылады. Электр энергиясы пісіру, жарық беру тағы басқа қажеттерге жұмсалынады. Сонымен өндірісте электр энергиясымен азды – көпті болсын барлық қызметшілер байланысты болады.

Электр энергиясын пайдалану адам еңбегін жеңілдетіп, оның өнімділігі мен сапасын арттырады. Бірақ білімсіздікпен, тәжірибесіздікбен пайдаланған жағдайда, электр тога адам денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп туғызады. Тоқ соғу қауіпін жоғарлататын жағдай - адам  өзінің сезім мүшелерімен электр қондырғыларында тоқтың бары-жоғын алдын ала айыра алмайды. Сондықтан тоқтың астында қалған қондырғыларға адам байқаусыз тиіскен жағдайда, оны электр тогы соғып, зақымдануы мүмкін. 

Қазіргі заманда техникамен қоршалған адамзатты ескерту плакаттарымен тоқтата алмаймыз. Мұның тиімді бір жолы ғана бар, электр жарақатын ескерту, электрқауіпсіздігі мәселелеріне жұмысшыларды физикалық үрдістердің негізін түсіндіріп, саналы түрдегі қатынаспен тәрбиелеу.

Оқырмандарға электрқауіпсіздігі мәселелерін шешу тәжірибелері негізінде жасалған материалдар ұсынылады:

- электр тогының адам ағзасына түрлі әсерлері;

- электр тізбегіне адамның қосылуы мүмкін сұлбалары;

- электр қондырғылары оқшаулауыштарының кедергісін өлшеудің ерекшеліктері;

- электр тогымен зақымданудан қорғаудың техникалық құралдары таңдаудың ерекшеліктері және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет