Электрлік күйу
Электрлік күйу бұл ең көп таралған электр жарақаты. Туындау шарттарына тәуелді электрлік күйудің екң негізгі түрі белгілі:
токтық (жанасқан), ток өткізгіш бөлікпен жанасу нәтижесінде адамның денесі арқылы токтың өтуі кезінде туындайды;
доғалық, электр доғасының денеге әсерінен шартталады.
Электрлік күйу кернеуі 2 кВ жоғары емес электр қондырғыларында туындайды. Мұнан жоғары кернеу кезінде электрлік доға түзіледі. Ток қуаты көп болған сайын және оның өту уақыты ұзақ болған сайын күйу қауіптірек бола түседі. Терінің кедергісі ішкі ағзалардың кедергісінен жоғары болғандықтан күйіп кетеді (Жоғары жиіліктегі ток кезінде ішкі ағзалардың да күйуі орын алады).
Доғалық күйу түрлі кернеудегі электр қондырғыларында орын алады. Бұл жағдайдағы 6 кВ дейінгі электр қондырғыларындағы күйулер жазатайым қысқа тұйықталудың нәтижесі болып табылады. Жоғары кернеулі қондырғылардың ток өткізгіш бөліктеріне адамның жақындау кезінде доға туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |